ҚазРусEng

Жедел желі және сәйкестікті қамтамасыз етудің басқа да шаралары

КПО-ның тегін, анонимдік және құпия жедел желісі 2012 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Жедел желі КПО қызметкерлері, жеткізушілері және мүдделі тараптары үшін әділ және қауіпсіз жұмыс ортасын құрудағы маңызды құрал болып табылады. КПО-ның жедел желісіне әкімшілік ету қызметін халықаралық аккредиттелген және осы саладағы көшбасшы жеткізуші NAVEX Global компаниясы жүзеге асыруда.

Тәулік бойы жұмыс жасайтын жедел желі қызметкерлер, мердігерлер және басқа да мүдделі тараптар үшін құқықтық және этикалық тәртіп бұзушылық, соның ішінде дискриминация, жыныстық алымсақтық, мүдделер қайшылығы, қоршаған ортаға зиян келтіру немесе қауіп төндіру және/немесе қаржылық бұзушылық немесе пара беру туралы хабарлауға мүмкіндік береді. Шағым түсіруші қызмет бабындағы лайықсыз іс-әрекет туралы Жедел желі арқылы осы сілтемеде сипатталғандай ауызша немесе жазбаша түрде хабарлай алады.  

Оған қоса, қосымша қадағалау мен бақылау мақсатында, заң директораты КПО-да жұмыс істемейтін тұлғаларға көрсетілген өкілдік шығындар мен жолақылар, КПО қызметкерлері қабылдаған корпоративтік сыйақылар және өкілдік шығындар, мүдделер қақтығысы және туыстық қатынастардағы тұлғаларды жұмысқа алу, жемқорлыққа тағылу күдіктері сияқты жағдайларды тіркеу кітаптарын жүргізеді.

Егер сізге КПО қызметкерлерінің нақты немесе ықтимал сыбайлас жемқорлық және парақорлық әрекеттері туралы мәлім болса, келесі тәсілдердің бірі арқылы «КПО жедел желісіне» хабарлауды сұраймыз:

I. Онлайн: kpo.alertline.com

II. Тел: +7 800 121 4321 (ҚР бойынша қоңыраулар үшін)

ПИН: 8884759333

Сұрақтарыңыз болған жағдайда, бізге legalcompliance@kpo.kz электрондық мекенжайға жазыңыз.