ҚазРусEng

Тұрақты даму

Тұрақты даму

КПО компаниясы өз қызметін тұрақты даму қағидадатарына сүйене отырып жүргізеді. Бұл ережелер — бизнесімізді жүргізудің айнымас бөлігі. Уәкілетті органдармен әріптестігіміз бизнес жоспарларымызды мемлекеттік мақсаттармен сәйкестендіруге және, мүмкіндігінше, республиканың табиғи ресурстарын игеру үдерісін тұрақты дамытуға жағдай жасау үшін мүмкіндік береді.

КПО-ның тұрақты дамуды қамтамасыз ету бойынша іс-әрекеттері мына тұстарда шоғырланлған:

  • ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы озық стандарттар;
  • корпоративтік басқару қағидаттарын қолдану;
  • өндірістік процестерге заманауи технологияларды енгізу;
  • кадрлардағы жерлікті қамтуды дамыту және арттыру, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуда қазақстандық қамту үлесін ұлғайту бойынша бағдарламаларды жетілдіру;
  • Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік инфрақұрылымын және экономикасын дамытуды инвестициялауды жалғастыру.

Тұрақты даму бойынша біздің міндеттеріміз КПО-ның тиісті Кодексінде белгіленген. БҰҰ тұрақты даму мақсаттарына Қазақстан Республикасының бейілділігіне сай, біз өз жетістіктерімізді өзіміздің тұрақты даму туралы кодексіміздің негізіне қаланған қағидаттар арқылы бағалаймыз.

КПО тұрақты дамуы туралы есептері — мүдделі тараптарымызбен арадағы сұхбаттың құралы. Бұл есептердің көмегімен біз оларды өзіміздің өндірістік жетістіктеріміз, даму бойынша ағымдағы және болашақ жобаларымыз туралы, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік қызмет саласындағы және экономикалық дамуға қосып жатқан үлесіміз бойынша жыл сайынғы көрсеткіштеріміз туралы ақпараттандырамыз.

Қарашығанақтағы тұрақты дамудың 2019 жыл бойынша дайындалған есебі — КПО компаниясының он екінші есебі. Бұл құжат тұрақты даму саласындағы есептілік бойынша жаһандық бастама (GRI) стандарттарының талаптарына сәйкес, «негізгі» нұсқада дайындалды. Есептегі көрсеткіштердің бір бөлігін біз мұнай-газ секторына қатысты GRI G4 нұсқаулығы талаптарына сәйкес жариялаймыз. 10 көрсеткішті GRI стандарты бойынша ішінара тексеруді EY компаниясы жүргізді.

Тұрақты даму саласындағы КПО компаниясының есеп беру үрдісі алғашқы басылымнан бері бірқатар сапалы әрі тиімді өзгерістерге толы, яғни ұздіксіз жетілу жолын өтті.

  • 2009 жылы КПО тәуелсіз тараппен расталған және халықаралық стандарттарға сәйкес тұрақты даму туралы есеп шығарған Қазақстандағы бірінші компания болды.
  • 2014 жылы КПО компаниясы Қазақстан аумағында есептілік бойынша жаһандық бастама (GRI) нұсқаулығының ең жаңа G4 нұсқасына сәйкес алғашқы есеп шағарған ізашар атанды.
  • КПО компаниясының 2011, 2015, 2016, 2017 және 2018 жылдар бойынша шығарған есептері «Эксперт Қазақстан» агенттіктің жылдық сайыстарында және ұлттық рейтінгтерде тиісті марапат-құрметке ие болды.
  • 2018 жылы КПО «Азия елдері арасындағы тұрақты даму саласында есеп беру бойынша марапаттау 2018» сайысында «Үздік экологиялық есеп» және «Лайықты еңбек шарттарын қамтамасыз ету бойынша үздік есеп» номинациялары бойынша финалға қатысушысы атағына ие болды.

КПО компаниясының он бір есебі жарияланған ақпарат растығы тұрғысынан аудиторлық компаниялармен тексерілді. 2019 жылы біз «Жарияланатын мәліметтер кестесінің» GRI стандартына сәйкестігі бойынша тексеруге қатысты GRI ұйымымен де жұмыс жасадық.

2019 жыл бойынша дайындалған тұрақты даму есебінің мазмұнына қатысты пікір қалдырғыңыз келсе, біздің sustainability@kpo.kz электронды поштамызға жазуыңызды немесе төмендегі параққа жүктелген кері байланыс нысанын толтыруыңызды сұраймыз.

  

Біздің мүдделі тараптарымыз

Бизнесімізде жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін мүдделі тараптардың пікірін ескеру маңызды екеніне біз сенімдіміз. Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл AA1000 стандартына сәйкес, мүдделі тараптар  - бұл «өзара іс-қимыл тұрғысынан ұйымға өз қызметімен, өнімімен немесе қызметтерімен және олармен байланысты өнімділікпен ықпал ететін және/немесе ықпал ете алатын тұлға, тұлғалар тобы немесе ұйымдар».

Біз мүдделі тараптармен екіжақты байланыс жолымен жұмыс істейміз. Біздің мүдделі тараптарымыздың негізгі айқындалған топтары төменде көрсетілген. КПО өндірістік бөлімшелерінен бастап, корпоративтік бөлімшеге дейінгі барлық қызметтер өздерінің мүдделі тараптарымен түрлі жолдармен өзара әрекеттеседі.

1

Алдыңғы кезеңдер бойынша тұрақты даму туралы есептер

 

 

 

 

 

 

 

 

Составьте собственный опрос для сбора отзывов пользователей