ҚазРусEng

Тұрақты даму

Қазақстандық қамту

Қарашығанақ кен орнын игеруге қажетті үздік тауарларды, қызметтерді және жұмыстарды сатып алуды қамтамасыз ету үшін біз Қазақстан мен әлемнің басқа елдеріндегі мердігерлердің, жеткізушілердің және контрагенттердің көбімен ынтымақтастық құрғанбыз. Біз Батыс Қазақстан өңіріндегі біздің қатысымыздың ықпалын түсінеміз және Қазақстандық қамтуды дамыту және сатып алу үшін мүмкіндіктер жасау арқылы жергілікті тұрақты даму міндеттеріне үлес қосамыз.

КПО Қазақстандық қамтуды дамыту бағдарламасын сәтті енгізген Қазақстандағы алғашқы компаниялардың бірі. Компанияда 700-ден астам жеткізушіден, оның ішінде жұмыстардың елеулі үлесін орындауға тартылған қосалқы мердігерлерден тұратын кең ауқымды жеткізу тізбегі құрылған.

2020 жылы КПО жеткізушілермен және мердігерлермен 500-ден астам келісімшарт және келісімшартқа қосымшалар жасасты, оның ішінде 80%-ы жергілікті кәсіпорындар.

Жұмыстар мен қызметтердегі жергілікті қамту бойынша 70% көрсеткішке қол жеткізуді қарастыра отырып, КПО тауар өндірісін оқшаулауға басты назар аударады.

Соңғы бірнеше жылда Компания жергілікті қамтуды ұлғайту тәсіліне түбегейлі өзгерістер енгізді және қазақстандық өнімдерді қарапайым өнімдерден бірқатар күрделі жоғары технологиялық тауарлар мен жабдықтарға дейін сатып алудың үлкен жолынан өтті. Бірқатар шаралардың нәтижесінде қазақстандық өндірушілер өндірістік қуаттарды арттырып, бүгінгі күні КПО-ны сепараторлар, цистерналар, металл конструкциялар, құбырлар, электр жабдықтар, жылу алмастырғыштар және т.б. өнімдермен қамтамасыз етеді.

2020 жылы KПО-ның жергілікті қамтуды дамытудағы бастамалары келесі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік туғызды:

  • Қарашығанақ жобасындағы жергілікті қамту үлесі 2020 жылы 59,3%-ды құрады (586,7 млн АҚШ долларына тең);
  • Сатып алудың жалпы көлемінің 33%-ын (оның ішінде жергілікті қамту СТ-КЗ1 бойынша 16,2%-ды құрайды) құрайтын Қазақстанда өндірілген тауарлар 45,5 млн АҚШ долларына сатылып алынды.

КПО сатып алудың жалпы көлеміндегі жергілікті қамту үлесі, 2014-2020 жж.

КПО Қазақстанда өндірілген тауарларды сатып алу бойынша жергілікті қамту үлесінің көбеюіне ерекше көңіл бөледі. Жалпы көрсеткіштердің тұрақты түрде ұлғаюына 2014 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан өндірісті жергіліктендіру шаралары есебінен қол жеткізіледі.

2020 жылы Қарашығанақ жобасына қажетті жылу алмастырғыш, механикалық бөлшектер, тетіктер, баллондарды сақтауға арналған контейнерлер, қырғышты жіберу/қабылдау қондырғысына арналған қосалқы бөлшектер, ауа арқылы салқындатқыштар, каустик сақтауға арналған ыдыстар, компрессор сепараторлары, еңіс пластиналы сепараторлар мен флотацияға арналған ыдыстар секілді тауарларды ҚР-да шығаруға жалпы сомасы 4,3 млн АҚШ долларын құрайтын 20 келісімшартқа қол қойылды.

1Тауардың Қазақстан аумағында өндірілгенін немесе қайта өңделгенін растайтын сертификат. Бұл сертификат Қазақстан аумағында қолдану үшін арналған, мысалы, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларында немесе Мемлекеттік сатып алуға қатысу кезінде айналысқа арналған.