ҚазРусEng

Тұрақты даму

Ұзақ мерзімді бастамалар

Компания 2020 есептік жылы отандық өндірісті дамыту бойынша КПО, «PSA» ЖШС және «KAZENERGY» қауымдастығы арасында жасалған өзара түсіністік туралы меморандум, сондай-ақ ҚР Энергетика министрлігі, «PSA» ЖШС және КПО арасындағы оригиналды жабдық өндірушілерінің тауарларын Қазақстанда өндіру бойынша өзара түсіністік туралы меморандум аясында ұзақ мерзімді бастамаларды жүзеге асыруды жалғастырды.

2020 жылдың қараша айында ҚР-ның Индустрия мен инфраструктуралық даму министрлігі, ҚР-ның Энергетика министрлігі, Қазақстан машина жасаушыларының одағы мен үш ірі операторлар КПО, «Тенгизшевройл» және «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» арасында «Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығын» ашу жөніндегі ниет туралы келісімге қол қойылды. Халықаралық орталық үш оператордың атынан қызмет атқарып, отандық мұнай және газ саласындағы машина жасауды дамытуға қатысып жүрген министрліктермен, «PSA» ЖШС-і өкілетті органымен және мұнай және машина жасау қауымдастықтарымен тығыз қарым қатынаста болады.

Бұрын қол қойылған жергіліктендіруге қатысты өзара түсіністік туралы меморандум аясында, КПО 2020 жылы бірегей жабдықтарды өндірушілерімен бірге жол карталарын құрау жұмыстарын жалғастырды. Ел аумағында шығарылуы ықтимал тауарлар мен қосалқы бөлшектер санаттары, жүзеге асыру мерзімі және ҚР-да шығарылатын есепті көлемдері анықталды. 2020 жылдың аяғында «Бейкер Хьюз», «Ханивел», «энВент» және «Стюарт Бучанан» компанияларымен бірлесіп жол карталарына қол қойылды.

Сәтті жобаның үлгісі төменде толығырақ көрсетілген.

Сәтті жоба үлгісі

СӘТТІ ЖОБА ҮЛГІСІ:
ОТАНДЫҚ ӨНЕРКӘСІПТІҢ МАШИНА ЖАСАУ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ

Мәселенің мазмұны /
қысқаша сипаттамасы:

Жергілікті қамтуды дамыту мақсатында КПО өзінің сатып алу қызметтерінде Қазақстанда өндірілген тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің үлесін ұлғайтуды көздейді.

 

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі елде өндірілетін тауарлардың сұрыпталымын, соның ішінде бірегей жабдықтар мен оған қосалқы бөлшектерді өндіруді және лицензиялық қызмет көрсетуді барынша кеңейту жөнінде жаңа бастама көтерді.

 

Осы бастамаларды іске асыру аясында КПО тұрақты сұранысқа ие 33 тауардың алдын ала тізімін анықтады. Тұрақты сұраныстың болуы және өнімді ел аумағында өндірудің экономикалық тиімділігі сияқты критерийлерге бұл тізімнің сәйкестігін талдау нәтижесінде сегіз OEM-өндіруші (бірегей жабдықтарды өндірушілер) таңдалып алынды.

Мақсаты:

Бірегей жабдықтардың өндірушілерін Қарашығанақ кенорнына қажетті тауарларды Қазақстан Республикасы аймағында өндіруге жұмылдыру арқылы қазақстандық машина жасау өнеркәсібінің дамуы мен өсуіне ат салысу. Ел аймағында шығару — құрал-жабдықтарды жасау мен қатар жинақтау болып табылады.

Жағдайдың шешімі / қолданылған әрекеттер:

ҚР Энергетика министрлігі мен «PSA» ЖШС бастамасымен КПО, ТШО және НКОК компанияларының қатысуымен «Бірегей жабдықтар өндірісін Қазақстанда жүргізу» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел отырысы барысында КПО, ҚР Энергетика министрлігі және «PSA» ЖШС арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

 

Өзара түсіністік туралы меморандумды және дөңгелек үстел қорытындысы бойынша хаттамада бекітілген шешімдерді орындау мақсатында КПО Қазақстандағы өндіріске ықылас танытқан бірегей жабдық өндірушілерімен келіссөздер жүргізді. Компания әрбір өндірушімен «Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді Қазақстанда шығару бойынша жол картасын» дайындауға қатысты жұмыстар өткізді.

Нәтижесі:

Жол карталарын іске асыру КПО-ның өндірістік және жобалық қажеттіліктеріне, ірі жобалар бойынша келісімшарттар жасасу стратегиясына және тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді Қазақстанда өндіру әрекетіне байланысты бірегей жабдық шарттарының орындалуына байланысты, атап айтқанда:

  • КПО мен бірегей жабдық өндірушісі арасында ұзақ мерзімді шарт жасасу;
  • шарттың әрекет ету мерзімі ішіндегі сатып алудың кепілдік жылдық көлемі;
  • тиісті салықтардан босату немесе мөлшерлемелерді баламалы түрде көтеруді қабылдау.

КПО 2020 жылы бірегей жабдықтарды өндірушілерімен бірге жол карталарын құрау жұмыстарын жалғастырды. Ел аумағында шығарылуы ықтимал тауарлар мен қосалқы бөлшектер санаттары, жүзеге асыру мерзімі және ҚР-да шығарылатын есепті көлемдері анықталды. 2020 жылдың аяғында «Бейкер Хьюз», «Ханивел», «энВент» және «Стюарт Бучанан» компанияларымен бірлесіп жол карталарына қол қойылды.