ҚазРусEng

Тұрақты даму

Жергілікті өндірушілер мен жеткізушілерге қатысты саясат

Қарашығанақ кен орнын игеру барысында КПО жергілікті қамтуды барынша арттыруға ұмтылады. КПО-ның жергілікті қамтуды дамыту саясатының негізгі мақсаты импортты азайту және Қарашығанақ жобасының қажеттіліктері үшін сатып алынатын Қазақстанда шығарылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтерінің (ТЖҚ) үлесін ұлғайту. КПО-ның жергілікті қамтуды дамыту іс-шаралары Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы, машина жасауды дамыту, индустрияландыру және цифрландыру бағдарламалары сияқты мемлекеттік және индустриялық бағдарламаларына сәйкес әзірленген.

Біздің жергілікті қамтуды дамыту саясатымыз Компанияның жалпы Қазақстан Республикасы экономикасы мен Батыс Қазақстан облысы (БҚО) экономикасының тұрақты дамуына барынша үлес қосуға бағытталған. Осыған байланысты КПО келесі міндеттерді орындайды:

  • КПО қажеттіліктеріне қажет жеткізулерді жүзеге асыру кезінде жергілікті өндірушілердің мүмкіндіктерін анықтау және іске асыру;
  • Жергілікті өндірушілерге Қазақстанда жаңа тауарлар мен жабдықтар өндірісін, соның ішінде жоғары технологиялық өндірістерді игеруге жәрдемдесу;
  • Технологияларды беру және жұмыс орындарын құру мақсатында бірлескен кәсіпорындар құруда жергілікті жеткізушілерге қолдау көрсету;
  • Жергілікті қамтуды дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және қауымдастықтармен өзара әрекеттесу.