ҚазРусEng

Тұрақты даму

Жергілікті қамтуды дамыту бағдарламасы

КПО жергілікті қамтуды дамыту саясатында қойылған міндеттемелерді орындау мақсатында, компания Қарашығанақ жобасындағы жергілікті қамтуды дамытудың екі жылдық бағдарламасын ҚР мемлекеттік машина жасау, индустрияландыру және цифрландырудағы бастамаларына сәйкес әзірлеуде және жүзеге асыруда.

Бағдарлама, жергілікті қамтуды дамытудағы мақсатты өрістерді және негізгі қызметтердің тиімділігін бағалау мен бақылаудың индикативтік көрсеткіштерін анықтайды.

«Қазақстандық тендерлерді» өткізу жергілікті өндірушілер мен жеткізушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізеді.

2020 жылы КПО жалпы сомасы 399 млн АҚШ долларын құрайтын 35 қазақстандық тендерді тек қана жергілікті компаниялар арасында өткізді. Нәтижесінде, КПО жалпы құны 1,7 млн АҚШ долларын құрайтын 10 келісімшартты жергілікті компанияларға берді. Қалған келісімшарт бойынша тендерлер жалғасуда.

1997 жылы «ӨБТК-ға» қол қойылғаннан бастап 2020 жылдың аяғына дейін тауарлар сатып алу, жұмыстар мен қызметтер көрсетудегі жергілікті қамтудың жиынтық үлесі 8,2 млрд АҚШ долларынан асты.

КПО өзі орналасқан аймақтың, яғни Батыс Қазақстан обылысы өндірушілерінің тұрақты дамуына мақсатты түрде өз үлесін қосып келеді. Мұнай және газ өнеркәсібіне арналған машина жасауды дамыту бойынша «Ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік меморандумы» аясында КПО «БҚО мұнай-газ өнеркәсібіне машина жасау» кластеріне қатысушы кәсіпорындармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп және оларды тауарларды жеткізуге, жұмыстар мен қызметтер көрсетуге арналған тендерлерде нарықты зерттеуге қатысуға тұрақты түрде шақырады.

Жасасқан келісімшарттар нәтижелерінде 2020 жылы КПО Батыс Қазақстан обылысы кәсіпорындарына тауарлар, жұмыстар және қызметтер жеткізу үшін 318,8 млн АҚШ долларын төледі, мұндағы жергілікті қамту үлесі 226 млн АҚШ долларын немесе 70,9%-ды құрады.