ҚазРусEng

Тұрақты даму

Жергілікті жеткізушілердің әлеуетін дамыту

Бәсекеге қабілетті жергілікті жеткізушілерді тарту мүмкіндігі жергіліктендіруге бағытталған бастамаларды сәтті жүзеге асыруда анықтаушы фактор болып табылады. Жергілікті өндірушілердің және қызметтерді жеткізушілердің бәсекеге қабілеттілігін сапаны ішкі басқару стандарттарын және техникалық стандарттарды, сонымен қатар бизнесті басқарудағы озық әдістерді енгізу арқылы дамытуға және арттыруға болады.

2020 жылы 160-тан астам тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізуші қазақстандық компаниялар, сонымен қатар шағын және орта бизнес өкілдері Компания өткізген шаралар мен тренингтарға жұмылдырылды.

2020 жылы КПО Батыс Қазақстан облысының шағын және орта бизнес өкілдеріне арналған бизнесті басқаруда және әртараптындырудағы басты біліктіліктерін дамытуға арналған сынақтық бағдарламаны іске қосты. КПО мен Бөрлі ауданы әкімдігінің бірлескен бастамасы аясында, қызмет түрлері тікелей мұнай және газ өнеркәсібіне қатысты емес 146 шағын және орта бизнес субъектілерінің 150 өкілдеріне мамандандырылған онлайн-семинарлар өткізілді.

Қазақстандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында, 2020 жылы КПО кезекті «ASME» және «API» халықаралық стандарттары бойынша сертификаттау бағдарламасын жүзеге асыруды бастады. Бағдарламаға қатысу үшін сегіз жергілікті өндіруші таңдалып алынды, олардың ішінен «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ мен «Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты» АҚ-ы біліктілік іріктеуден сәтті өтіп, 2021 жылы «ASME» және «API» бойынша сертификаттауды күтуде.

КПО және «Дүниежүзілік банк» пен ҚР Үкіметі жергілікті компанияларды дамыту мәселелері бойынша кеңесші ретінде бекіткен «Euroconsultants S.A.» компаниясының ынтымақтастығының нәтижесінде, 17 қазақстандық компания ISO 14001, 18001, 9001, 45001 стандарттары бойынша сертификаттаудан өтті.