ҚазРусEng

Тұрақты даму

Жергілікті қамту мәселелері бойынша өзара әрекеттесу

Жергілікті өндірісті дамытуға инвестиция тарту үшін, КПО Ұлыбританияның халықаралық сауда департаментімен біріккен жұмысын жалғастыруда. Өзара әрекеттесудің мақсаты, біріккен кәсіпорындар ашу үшін және қазақстандық компанияларға технологияны табыстауға жәрдемдесу үшін халықаралық компаниялармен қарым-қатынас орнату болып табылады.

2020 жылы 13 қарашада КПО шетел инвесторлары кеңесі жанындағы энергетика мәселелері жөніндегі британ-қазақстандық жұмыс тобының онлайн мәжілісіне қатысты, мәжіліс барысында нарықтың ағымдағы жағдайының әсері, ғаламдық пандемия мен Қазақстанның ДСҰ-на мүшелігі, сонымен қатар, ESG (экологиялық, әлеуметтік және басқару мәселелері) аспектілері және Қарашығанақ кен орнының тұрақты дамуы саласындағы басымдылықтарды жүзеге асыру үшін жергілікті қамту бойынша талаптарға шолу талқыланды.

2020 жыл бойына Компания мұнай газ саласындағы жергілікті қызметтер жеткізушілеріне қолдау көрсету бойынша Энергетика Министрлігінің, «KazService» және «Petrocouncil» қауымдастықтарының онлайн мәжілістеріне қатысты, сонымен қатар тендерлік процедураларға енгізілген өзгерістерді ескере отырып, тендер үдерісін түсіндіру бойынша вебинар өткізді.