ҚазРусEng

Тұрақты даму

Қалдықтарды басқару

КПО-дағы қалдықтарды басқару іс-әрекеті түзілетін қалдықтардың адамдар мен қоршаған ортаға нақты және ықтимал қаупін азайтуға бағытталған. Біз әрдайым қалдықтарды басқару саласындағы жаңа әдістер мен технологияларды зерттейміз және қолданамыз. Міндетіміз — нысандарымыздағы қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату, полигондарға шығарылатын қалдықтар көлемін және көмілген қалдықтардың кері әсерін азайту.

КПО қабылдайтын түзілген қалдықтардың көлемін қысқарту бойынша шаралары, қалдықтарды жинау және сақтау, оларды жинау және тасымалдау кезінде экологиялық қауіпсіздік қағидаларын сақтау, қалдықтарды сұрыптау, қайта пайдалану, қайта өңдеу және қауіпті қасиеттері мен көлемін азайту бойынша шаралары, оларды ҚО үшін қауіпсіз көму адамдарға және қоршаған ортаға теріс әсерін едәуір азайтуға ықпал етеді.

КПО-ның 2018-2020 жылдарға арналған қалдықтар мәселесін басқару бағдарламасында жинақталған және түзілетін қалдықтардың көлемі мен қауіпті қасиеттер деңгейін біртіндеп азайту бойынша көрсеткіштер мен шаралар қарастырылған.

Компанияда қалдықтарды өңдеудің келесі әдістері қолданылады:

  • қалдықтарды өндіріс үдерісіне қайта жіберу;
  • қалдықтарды Экоорталық қондырғыларында қайта өңдеу;
  • қалдықтарды Экоорталық нысандарына орналастыру;
  • қалдықтарды кейінгі орналастыру, қайта өңдеу және жою үшін мамандандырылған мердігерлік ұйымдарға жіберу.

2020 жылы КПО нысандарында түзілген қалдықтардың жалпы мөлшері 33 178 тоннаны құрады. 2019 жылмен салыстырғанда КПО-ның 2020 жылғы қалдықтар көлемі 24 608 тоннаға азайған. Төмендегі сызбада КПО қалдықтарының барлық түрлері көрсетілген.

2018-2020 жж. КПО нысандарындағы түзілген қалдықтар мөлшері, тонна

Төгілулер

2020 жылы Қарашығанақ кен орны аймағында айтарлықтай төгілулер тіркелген жоқ.

КПО оқиғалар жіктеліміне сәйкес, «елеулі төгінді» анықтамасы топыраққа не суға көмірсутектердің/химикаттардың төгілуі арқылы қоршаған ортаны ластауға әкелген, сондай-ақ төгілген көмірсутектер/химиялық заттардың көлемі 1 000 литрден асқан оқиғаға қолданылады.