Тұрақты даму
- Басты бет
- /
- Тұрақты даму
- /
- Қоршаған ортаны қорғау
- /
- Қалдықтарды басқару
- /
- Қалдықтарды қайта өңдеу және орналастыру
Қалдықтарды қайта өңдеу және орналастыру
Компанияның өндірістік және тұтыну қылдықтарын қайта өңдеу қалдықтарды кәдеге жарату кешені және Экоорталық нысандарында жүргізіледі. Бұл нысан қатты қалдықтар мен сұйықтықтарды тиімді және экологиялық қауіпсіз кәдеге жарату мен қайта өңдеуді қамтамасыз етеді, және Батыс Қазақстан аймағындағы бұрғылау қалдықтарын басқаруда озық практиканың анық мысалы болып есептеледі.
Бұрғылау қалдықтарды қайта өңдеу қалдықтардың көлемін азайтуға және қаупін төмендетуге мүмкіндік беретін, сонымен қатар қалдықтардан құнды бөлшектерді бөліп алатын, және оларды қайта пайдалану үшін өңдей алатын технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Компанияда қолданылатын қалдықтарды өндіріс процесіне қайтару түзілген қалдықтарды қайта пайдаланудың оңтайлы әдісі.
КПО Экоорталығында қалдықтарды өңдейтін бес қондырғы және оларды қауіпсіз орналастыру полигоны бар:
- Шламды термомеханикалық тазалау қондырғысы (ШТТҚ),
- Айналмалы пеш (АП),
- Жалпы мақсаттағы пеш (ЖМП),
- Сұйық қалдықтарды тазарту қондырғысы (СҚТҚ),
- Қалдықтарды сұрыптау қондырғысы (ҚСҚ).