Тұрақты даму
- Басты бет
- /
- Тұрақты даму
- /
- Қоршаған ортаны қорғау
- /
- Қалдықтарды басқару
- /
- Қалдықтарды қайта өңдеу және орналастыру
- /
- Қалдықтарды өңдеу тәсілдері
Қалдықтарды өңдеу тәсілдері
2020 жылы Компания ескі қатты қалдықтарды сақтау алаңында жиналған қалдықтар мен пайдаланылған бұрғылау сұйықтарын сақтау алаңынан қалдықтарды алу, оларды шламды термомеханикалық өңдеу қондырғысы мен айналмалы пеште өңдеп, кейін қатты өнеркәсіптік қалдықтарды көму полигонында орналастыру жұмыстарын жалғастырды. Қалдықтарды полигонда орналастыру ҚР экологиялық заңнамасы талаптарына сәйкес жүргізіледі.
2020 жылы қатты қалдықтар мен пайдаланылған бұрғылау сұйықтықтарын сақтау алаңынан қайта өңдеуге 1 220 тонна жіберілген (2019 ж. 3 777 тонна). 2021 ж. қалдықтарды алаңнан алып, кейінгі қайта өңдеу жоспарланған.
2020 ж. КПО-ның қалдықтарды өңдеу тәсілдері, тонна
№ | Қалдықтармен жұмыс істеу әдістері | Қауіпті түзілген қалдықтар | Қауіпсіз түзілген қалдықтар | Коммуналдық қалдықтар | БАРЛЫҒЫ |
1 | Кәсіпорында 2020 жыл басындағы көлемі | 339 835 | 946 | 0 | 340 781 |
2 | Есептік жыл ішінде түзілген көлемі | 29 378 | 2 717 | 1 083 | 33 178 |
3 | Кәсіпорында қайта пайдаланылған көлемі | 2 762 | 0 | 0 | 2 762 |
4 | Кәсіпорын қондырғыларында қайта өңделген көлемі | 17 260 | 94 | 894 | 18 247 |
5 | Энергия алмай жалпы мақсаттағы пеште жағу көлемі | 2 | 0 | 770 | 772 |
6 | Кәсіпорынның қалдықтарды орналастыру нысандарында орналастырылған және көмілген көлемі | 12 665 | 0 | 0 | 12 665 |
7 | Мамандандырылған мердігерлік ұйымдарға берілген көлемі | 1 554 | 3 566 | 380 | 5 500 |
8 | Кәсіпорында 2020 ж. аяғындағы мөлшері | 341 416 | 3 | 0 | 341 419 |
Компания қалдықтарының басым бөлігі ұңғымаларды бұрғылаудан және жөндеуден түзіледі. Бұл ретте, қолданылатын бұрғылау ерітіндісі түріне байланысты су немесе мұнай негізіндегі бұрғылау ерітіндісінің бұрғылау шламы түзіледі. 2020 жылы түзілген қатты және сұйық бұрғылау қалдықтарының көлемі 14 051 тоннаны құрады (қайта өңдеуге дейінгі бастапқы түзілген қалдықтар көлемінің 70%-ы).
Төмендегі кестеде бұрғылау қалдықтарының негізгі түрлері, оларды өңдеу әдістері бойынша бөлініп көрсетілген. Кестеде көрсетілгендей, тек су негізіндегі ерітінділер мен шлам орналастырылады. Мұнай негізіндегі бұрғылау шламы алдын ала өңделіп, құрамынан мұнай негізі алынып тасталғаннан кейін көмуге жіберіледі.
2018-2020 жж. өңдеу әдістеріне қарай ұңғымалық операциялар қалдықтары
№ | Қалдық түрі | Түзілген қалдықтар, тонна | Өңдеу тәсілі | ||
2018 ж. | 2019 ж. | 2020 ж. | |||
1 | Пайдаланылған су негізіндегі бұрғылау ерітінділері | 324 | 427 | 4 125 | Сұйық қалдықтарды тазарту қондырғысында (СҚТҚ) қайта өңдеу |
1 251 | 1 014 | 1 020 | Орналастыру | ||
2 | Су негізіндегі бұрғылау ерітіндісінің бұрғылау қалдықтары | 546 | 925 | 533 | Көму |
- | 182 | 0 | Айналмалы пеште термиялық өңдеу, СҚТҚ-да қайта өңдеу | ||
3 | Пайдаланылған мұнай негізді бұрғылау ерітіндісі | 1 618 | 2 676 | 818 | Қалдықтарды термомеханикалық тазалау қондырғысында (ШТТҚ) және сұйық қалдықтарды тазарту қондырғысында (СҚТҚ) қайта өңдеу |
4 | Мұнай негізіндегі бұрғылау ерітіндісінің бұрғылау қалдығы | 8 049 | 9 022 | 5 316 | Мұнай негізі мен суды алумен және қатты бөлігін кейнгі көмумен ШТТҚ-да қайта өңдеу, айналмалы пеште термиялық өңдеу |
5 | Пайдаланылған тұздықтар | 6 309 | 4 866 | 1 932 | ШТТҚ және СҚТҚ қайта өңдеу, айналмалы пеште термиялық өңдеу |
578 | 2 837 | 296 | Орналастыру | ||
6 | Мұнайлы қалдықтар | 7 | 44 | 11 | Айналмалы пеште термиялық өңдеу |
Келісімшарттар талаптарының шеңберінде Компания қалдықтардың бір бөлігін кәдеге жаратуға мамандандырылған мердігерлік ұйымдарға береді. Олар КПО-дан қабылданған қалдықтарды әрі қарай өңдеу әдістерін өздері анықтап, тоқсан сайын қалдықтарды орналастыру бойынша үшінші тараптарға есеп береді. Қалдық түріне байланысты мамандандырылған ұйымдар қалдықтарды кейін тұтыну тауарларын дайындауға қайта өңдеуге, сондай-ақ сынаптан арылту, регенерация, термиялық өңдеу, өртеу, физикалық және химиялық өңдеу, және құрамдас бөліктерге бөлшектеп, мүдделі кәсіпорындарға қайталама шикізат ретінде пайдалануға жібереді.
Полигонда пластмасса, пластик, полиэтилен қалдықтарын және полиэтилентерефталатты қаптаманы, макулатураны, картонды, қағаз қалдықтарын, әйнек сынықтарын орналастыруға тыйым салатын 01.01.2019 жылғы ҚР Экологиялық кодексінің 301-бабының күшіне енуіне байланысты мердігер ұйымының қатысуымен Компания офис ретінде пайдаланатын ғимараттарда аталмыш қалдықтарды сұрыптауды және бөліп жинауды ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді. Кейін бұл қалдықтар қайталама шикізат ретінде пайдалану үшін мамандандырылған кәсіпорындарға жіберіледі.
2011 жылдан бастап 2020 жылдың аяғына дейін макулатураны бөліп жинау нәтижесінде шамамен 640 тонна өнім жиналып, тұтыну тауарларын дайындау үшін жергілікті кәсіпорындарға берілді.
Компанияның барлық кеңселерінде пайдаланылған батарейлерді бөліп жинау ұйымдастырылған. 2020 жылы 118 кг батарейлер жиналған.