ҚазРусEng

Тұрақты даму

Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспары

Қоршаған ортаны қорғау саласында қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін КПО жыл сайын Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – ҚОҚШЖ) әзірлейді.

ҚР Экологиялық кодекс ережелеріне сәйкес қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға рұқсат алу үшін Компания тиісті органдарға рұқсат алу кезеңіне ҚОҚШЖ ұсынады. Жоспарда айқындалған шаралар экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, ҚОҚ саласындағы әдістер мен технологияларды жетілдіруге, табиғат қорларын тиімді пайдалануға және ISO 14001 мен ISO 50001 халықаралық стандарттарына сәйкестік деңгейін сақтап тұруға бағытталған.

2020 жылы КПО өз өндірістік қызметтерін кестеде берілген ҚО эмиссияларға рұқсатқа және әзірленген ҚОҚШЖ негізінде жүзеге асырды. 2020 жылы ҚМГКК-да әр ҚО эмиссия түріне төрт рұқсат алынды: ластаушы заттардың (ЛЗ) шығарындыларына, қалдықтарды орналастыруға, сонымен қатар №1 және №2 полигондарында ҚМГКК жерасты деңгейжиектеріне айдалатын ЛЗ-ды технологиялық және ілеспе-қабат сарқынды сулармен бірге төгуге. Сәйкесінше, ҚОҚШЖ әр алынған рұқсат үшін әзірленіп келісілді.

КПО-ның 2020 жылғы қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспарлары және эмиссияларға берілген рұқсаттары

2020 жылға келісілген ҚОҚ іс-шаралар жоспарлары2020 жылға алынған рұқсаттарРұқсатты беретін орган

1

2020 жылғы ҚМГКК арналған КПО ҚОҚ іс-шаралар жоспары

2020 жылғы ҚО шығарылатын эмиссияларға рұқсат (қолданылу мерзімі 2020 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін):

  • Шығарындылар (28.11.2019 жылғы
    № KZ71VCZ00517578);
  • Кері айдау (30.12.2019 жылғы
    № KZ49VCZ00540866)
  • Тұрмыстық-шаруашылық сарқынды сулар (06.12.2019 жылғы
    № KZ47VCZ00522375);
  • Қалдықтар (28.11.2019 жылғы
    № KZ55VCZ00517478)

«ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің экологиялық реттеу және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі

2

Қарашығанақ өңдеу кешені-Үлкен Шаған-Атырау (БҚО) экспорттық конденсат құбыр желісіне арналған КПО-ның 2016-2020 ж.ж. ҚОҚШЖ

ҚО шығарылатын эмиссияларға рұқсат. 

12.08.2015 жылғы № KZ68VDD00021755 (қолдану мерзімі: 2016 жылғы 1 қаңтар мен 2020 жылғы 31 желтоқсан аралығы)

БҚО әкімдігі, Батыс Қазақстан облысы бойынша табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

3

КПО-ның 2016-2020 ж. ҚОҚШЖ (Атырау облысы)

Қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға рұқсат. 

07.08.2015 жылғы № KZ87VDD00021510 (қолдану мерзімі: 2016 жылғы 1 қаңтар мен 2020 жылғы 31 желтоқсан аралығы)

Атырау облысының әкімдігі, Атырау облысы бойынша табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

2020 жылғы ҚМГКК-да КПО-ның ҚОҚ шараларын жүзеге асыруға жұмсалған жалпы нақты шығыны 11,06 млрд теңгені құрады, яғни игерілген қаржының 74%-ы және жоспарланған жұмыс көлемінің 101%-ы. 2020 жылғы ҚМГКК бойынша жоспарланған шығын көлемі – 14,96 млрд теңгені құраған. 2020 жылғы жоспарланған және нақты шығындар арасындағы айырмашылық жекеленген іс-шаралар бойынша жоспарланған көлемнің толық орындалмауымен, сондай-ақ КВИ шектеулері себебінен жұмыстардың бір бөлігін 2021 жылға қалдырумен түсіндіріледі.

ҚР Президенті жанындағы ТЖ тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысы хаттамасының (15.04.2020 ж. № 12) 2.3.1-тармағына сілтеме жасай отырып, 2020 жылғы тамыз және қараша айларында КПО 2020 жылға жоспарланған төрт іс-шараны орындау мерзімін 2021 жылдың соңына дейін ұзарту туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне және ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне хат жолдады:

  1. №5 және №15 экологиялық мониторинг станцияларын көшіру;
  2. Кәсіпорын нысанының ерекшелігін ескере отырып, нақты уақыт тәртібінде деректерді қашықтықтан берудің автоматтандырылған мониторингі жүйесін енгізудің жұмыс жобасын әзірлеу;
  3. Тұрмыстық-шаруашылық сарқынды сулардың лай тұнбасын қолдану бойынша зерттеулер;
  4. Энергия аудитін өткізу.

2020 ж. КПО компаниясының ҚОҚ іс-шараларын жүзеге асыру бойынша экологиялық әсері

АТМОСФЕРАҒА ТАСТАЛАТЫН ШЫҒАРЫНДЫЛАР

  • Ұңғымаларды игеру барысында газдың жоғары көлемдік үлесі бар өнімдерді айдау үшін жер үсті сорғыларын пайдалану шығарындыларды жоспарланған 385 тоннадан 3 769 тоннаға азаюға әкелді;
  • 3 ұңғыманы игеру кезінде жоғары қысым сепараторларын пайдалану атмосфераға тасталатын ЛЗ көлемін жоспарланған 6 747 тоннадан 240 тоннаға азайтуға мүмкіндік берді;
  • Қабатқа әсер ету үшін көмірсутек негізіндегі сұйықтықтарды (Lamix немесе Deisel) пайдалану атмосфераға тасталатын ЛЗ көлемін күтілген 391 тоннадан 447 тоннаға азайтуға мүмкіндік берді.

ТОПЫРАҚТЫ ҚАЛПЫНА
КЕЛТІРУ
 GRI 304-3

2020 жылы ұңғыма операциялары мен құрылыс жұмыстарынан жоспарланған 46,7 га зақымдалған жердің 59,26 га қалпына келтірілді.

ҚАЛДЫҚТАРДЫ ЖӘНЕ АҒЫНДЫ СУЛАРДЫ БАСҚАРУ

  • Сұрыпталған жанғыш және қайта пайдалануға жарамсыз қалдықтардың 772 тоннасы жалпы мақсаттағы пеште өртеуге жіберілді.
  • Қайта өңдеуге және (немесе) қайта пайдалануға мамандандырылған кәсіпорындарға беру үшін сұрыптауға келіп түскен коммуналдық қалдықтардың жалпы массасынан алынған пайдалы компоненттер:
    • пластик - 23,84 тонна,
    • қара және түсті метал сынықтары - 8,87 тонна,
    • макулатура - 101,3 тонна,
    • әйнек қалдықтары (әйнек сынықтары) - 7,51 тонна.
  • Сұйық қалдықтарды өңдеу көлемі 6,60 мың тоннаны, ағынды суларды өңдеу – 8,52 мың тоннаны құрады (2020 жылға арналған ҚОҚШЖ-мен салыстырғанда – 3 мың тоннадан аса);
  • 2020 жылы жиналған қалдықтарды қатты қалдықтар мен пайдаланылған бұрғылау ерітінділерін сақтау алаңынан алып, Экоорталық айналмалы пешінде және шламды термомеханикалық өңдеу қондырғысында (ШТӨҚ) қайта өңдеу жұмыстары жалғасты. Жыл бойы жоспарланған 3 000 тоннаның
    1 720 тонна қалдық қайта өңделді. 2020 жылға арналған қалдықтарды орналастыру нормативтерінің келісілген жобасының жылына 500 тонна шектеулеріне байланысты, ШТӨҚ-да жөндеу жұмыстары аяқталғанша айналмалы пеште шламды қайта өңдеуді тоқтата тұру себебінен жоспарланған қалдық көлемі қайта өңделген жоқ.
  • Шламды термомеханикалық өңдеу қондырғысында (ШТӨҚ) мұнай негізінде бұрғылау ерітінділерін дайындауға арналған Lamix базалық майының жоспарланған 500 тоннаға дейінгі өндірудің 671,2 тоннасы алынып, қайта пайдалануға жіберілді.
  • ҚМГКК техникалық және өндірістік қажеттіліктерге арналған тазартылған сарқынды сулардың қайта пайдаланылған көлемі 18 313 м3 құрады. Қоншыбай жырасынан техникалық суды тұтыну көлемі      384 453 м3 құрады. Бұрғылау бағдарламасы бойынша жұмыстарды қысқарту себебінен бұрғылауға қажетті тазартылған сарқынды сулар аз көлемде пайдаланылды. Тазартылған ағынды сулардың негізгі көлемі жылы мезгілде құрылыс алаңдарында шаңды басу үшін пайдаланылды. Бұл көлем Қоншыбай жырасынан тұтынылған техникалық судың жоспарланған 10% көлемнің 4,8%-ын құрады.