ҚазРусEng

Тұрақты даму

Атмосфераға тасталатын шығарындылар

КПО сияқты өнеркәсіптік мекемелердің қызметі зиянды заттардың атмосфераға тасталуымен әрдайым байланысты болады. Уытты заттардың қоршаған ортада үлкен көлемде шоғырлануы экологиялық тепе-теңдіктің нашарлауына әкеледі. Компанияның бұл тұстағы мақсаты – өзінің қызметінен туындаған теріс әсерді барынша азайту.

КПО атмосфераға тасталатын шығарындыларын қоршаған ортаға ластаушы заттар эмиссиясы рұқсатында белгіленген шектеулер негізінде басқарады. Шығарындылардың негізгі көлемі отын газының газтурбиналық қондырғыларында, қазандарда, технологиялық пештер мен компрессорларда, сондай-ақ газ бен сұйықтықтарды алауларда жағу барысында пайда болады.

2020 жылы атмосфераға шығарындылардың жалпы көлемі 7 591 тоннаны құрады, яғни өткен жылғы көлем деңгейінде қалды. Төмендегі кестеде 2018-2020 жылдардағы КПО-ға рұқсат етілген және нақты шығарындылары туралы ақпарат берілген.

Ластағыш заттар шығарындыларының рұқсат етілген және нақты көлемі, 2018-2020 жж.

Ластағыш заттар шығарындыларының жылдық көлемі, тоннамен:

2018

2019

2020

ЛЗ эмиссияларына рұқсат бойынша

19 986

18 544

17 527

Нақты, оның ішінде:

7 759

7 597

7 591

Азот оксиді

1 931

1 636

1 637

Күкірт диоксиді

3 138

3 281

3 315

Көмірқышқыл оксиді

1 249

1 205

1 145

Ұшпа органикалық қоспалар

1 315

1 329

1 352

Күкіртсутегі

3

3

3

Қатты бөлшектер

65

80

74

Басқалары

58

63

65

Ескерту: Шығарындылар көлемі туралы деректер «2-ТП Ауа» статистикалық есептерінің деректеріне сәйкес берілген.

2020 жылы өндіру бірлігіне шаққандағы үлестік шығарындылар өндірілген көмірсутек шикізатының бір мың тоннасына 0,26 тоннаны құрады. 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы меншікті шығарындылардың төмендеуі ЖЖЖ болмауына және газ айдау көлемінің ұлғаюына байланысты өндіру көлемінің өсуімен негізделген.

2018-2020 жж. көмірсутек шикізатын өндіру және ластауыш заттар шығарындыларының көлемі