ҚазРусEng

Тұрақты даму

Газды алау қондырғыларында жағу

2020 жылы газды алауларда жағудың жалпы көлемі өндірген жалпы газ көлемінің 0,08% (2019 ж. 0,09%-ын) немесе өндірілген көмірсутек шикізатының мың тоннасына шаққанда 0,47 тоннаны құрады. Артық газды өртеу нәтижесінде шығарындылардың мұндай елеусіз қарқындылығы бір мың тоннаға 10,6 тонна орташа әлемдік өнеркәсіптік көрсеткішпен және мың тоннаға 5,5 тонна1 орташа еуропалық көрсеткішпен салыстырғанда өндірістік көрсеткіштердің жоғары деңгейін көрсетеді, деп хабарлайды IOGP 2019 жылғы есебінде. 2019 жылмен салыстырғанда газ жағу көлемінің азаюы 2020 жылы толық ЖЖЖ болмауына байланысты.

2020 жылы КПО жоғары көлемді газ үлесі бар сұйықтықты айдау үшін (HVGF) сорғыларды қолданды. Аталмыш жабдықтар мен материалдарды пайдалану нәтижесінде ұңғымаларды игеру барысында өндірілген көлемнің 93%-на тең болатын сұйықтықтың 26 мың тоннасы жағылмады. Ұңғымаларды игеру кезіндегі газды жағу көлемі 15 млн м3 (немесе үңғымаларды игеру барысында өндірілген көлемнің 49%-на тең) азайды. 

Жағылған ілеспе газ көлемі, 2018-2020 жж. (млн м3)

1Деректер көзі – Халықаралық мұнай және газ өндірушілер қауымдастығының (IOGP) жылдық есептері – «Қоршаған орта қызметінің көрсеткіштері – 2018».