ҚазРусEng

Тұрақты даму

Биотүрлілікті сақтау GRI 304-1

КПО өз өндірістік қызметін биотүрлілікке және экожүйелерге барынша аз әсер тигізу міндеттемесіне сәйкес жүргізіп келеді. Сондай-ақ Компания қызмет жүргізіп жатқан аймақта биотүрлілікті зерттеу бойынша жұмыстар жүргізуге жауапкершілік алған.

Қарашығанақ мұнай-газ конденсатты кен орны Қазақстанның солтүстік батысындағы құрғақ далалық аймақта орналасқан және 280 км2-ден астам аумақты алып жатыр. КПО компаниясы өз қызметін шектелген ғана аумақта жүргізіп келеді, себебі жерді пайдалану бойынша ресми құқық өнеркәсіптік нысандардың, құбыр желілерінің және кен орны жолдардың астындағы жерлерге ғана рәсімделген. КПО нысандарының айналасындағы жерлер үшінші жақтың бірқатар өкілдерінің меншігі болып табылады да, олармен ғана басқарылады.

Қазақстан Республикасының Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және қалпына келтіру туралы Заңына (17-бап) сәйкес Компания жануарлардың қоныс аудару жолдарын сақтау жөніндегі міндеттемелерді орындайды.

“Биотүрлілікті сақтау бойынша шаралар жоспары” – экожүйелер бұзылуының және биотүрлілік қысқаруының алдын алу шараларының бірі. Аталмыш жоспар қоршаған ортаға тиетін іс-әрекеттердің және ықтимал әсердің қауптерін бағалауға негізделген және 1.3.1.47 ESHIA стандартында және IPIECA/IOGP қауымдастықтарының “Мұнай-газ өнеркәсібі үшін биотүрлілікті сақтау шаралары бойынша нұсқаулықта” қарастырылған әдістемеге сәйкес дайындалды.

KPO-AL-SEC-PRO-00001-R "ҚМГКК жоғары бақылау аймағы" процедурасына сәйкес ҚМГКК аумағында аң аулау мен балық аулаудың барлық түрлеріне тыйым салынған.

ҚМГКК негізгі экожүйелері <sup>GRI 304-1</sup>

ҚМГКК негізгі экожүйелеріне үш үлкен топ кіреді: ауылшаруашылық, дала және су және жағалау. Ал кен орнының қалған бөлігін техногендік аймақтар алып жатыр: жолдар, өндірістік нысандар, инфрақұрылым.

Ауыл шаруашылығы экожүйесі

Ауылшаруашылық және тыңайған жерлер – ҚМГКК және оған іргелес аумақтардағы экожүйелердің басым түрі. Оған дәнді дақылдар егілетін қарқынды өңделетін егіс пен тыңайған алқаптар жатады.

 

Тыңайған жерлер табиғи өсімдік жамылғысының арамшөптіден жусанды және дала қауымдастығына дейін қайта қалпына келуінің әртүрлі кезеңдерімен сипатталады. Табиғи дала өсімдіктерін қалпына келтірудің болжамды кезеңі шамамен 25-30 жылға созылады.

Далалық экожүйе

Дала – ҚМГКК аумағының табиғи жағдайын сипаттайтын негізгі екі (далалық және жағалау) экожүйенің бірі. Қазіргі таңда далалық экожүйелердің таралымы әртекті, негізінде сайлар мен өзен аңғарларына, яғни жері жыртылмаған аймақтарға ыңғайластырылған.

 

Өсімдіктер қауымдастықтары өте бай флористикалық жиынтыққа ие және көптеген жабайы жануарлардың тіршілік ету ортасы болып табылады. Дала экожүйелерінде үнемі және уақытша мекендейтін орнитофаунаның едәуір әртүрлілігі байқалады.

 

Дала экожүйелерінің халықаралық деңгейде қысқаруына байланысты ҚМГКК аймағындағы тіпті кішігірім далалық жерлердің де табиғатты қорғаудағы маңызы зор.

Су және жағалау экожүйелері

ҚМГКК аймағы Елек және Утва өзендері арасында ағып жатқан Березовка өзенінің алабында орналасқан.

 

Қоншыбай жырасын сумен екі негізгі саласы қамтамасыз етеді, олардың ішіндегі ең ірісі — Калминовка.

 

Жағалаудағы экожүйелер өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінің, соның ішінде сирек кездесетіндердің мекендейтін орны болып табылады.

Флора мен фаунаның ҚМГКК аумағында тіркелген маңызды түрлері <sup>GRI 304-4</sup>

Флора мен фаунаның көптеген түрлері, соның ішінде халықаралық табиғатты қорғау одағының және “Қазақстанның қызыл кітабына” енгізілген түрлері, сондай-ақ сирек кездесетін түрлер Қарашығанақ кен орнынада мекендейді. Осы түрлерді ескере отырып, аймақтағы іс-әрекеттерді жоспарлау және жүзеге асыру – КПО үшін өте маңызды. Дегенмен, осы түрлердің болуы немесе олардың санының өзгеруі бойынша компанияның қоршаған ортаны қорғауға бағытталған әрекет-шаралары туралы пайымдау орынсыз болар еді, себебі олардың популяциясы КПО қызметіне тікелей байланысы жоқ түрлі жаһандық немесе жергілікті деңгейдегі себептерден де өзгеруі мүмкін. Осы түрлер санындағы кез-келген өзгерістерді түрлер популяциясының даму қарқынының кең контекстінде қарастыру қажет. КПО, өз жағынан, өндірістк қызметін белгілі түрлердің көбеюіне тікелей немесе жанама әсер тигізбейтіндей ұйымдастыруға тырысады. 2011 жылдан бері Қарашығанақ аймағындағы жауарлар мен өсімдіктер әлеміне компанияның тұрақты бақылау жүргізуі барысында флора мен фауна өкілдерінің мекендеу ортасына КПО кызметінің қандай да бір кері ықпалы айқындалмады.

1990 жылдан 2020 жылға дейінгі зерттеу кезеңінде ҚМГКК-де тіркелген экожүйе үшін маңызды болып табылатын негізгі маңызды түрлер төмендегі кестеде келтірілген. Осы түрлердің барлығы Қарашығанақ кен орны аймағынан тыс жерлерде де кездесуі мүмкін.

Түрлер

ХҚО бойынша санаты

“Қазақстан қызыл кітабы”

Жергілікті деңгейдегі сирек түрлер (Қарашығанақ кен орнында)

Тіркелген жылы

Гүлдейтін өсімдік

1

Андржеевский қалампыры (Dianthus andrzejowski)

ҚҚК II

2008, 2010, 2015, 2016, 2019

2

Биберштейн қызғалдағы (Tulipa biebersteiniana)

ҚҚК III

2007, 2008, 2010, 2013, 2015, 2016, 2019

3

Ашық кестежусан (Pulsatilla patens)

ҚҚК II

2010, 2015, 2016

4

Шілмұрт (Fritillaria ruthenica)

ҚҚК II

2010 , 2013 , 2015 , 2016

5

Шренк қызғалдағы (Tulipa shrenkii)

ҚҚК III

2007, 2008, 2010, 2013, 2015, 2016, 2019

6

Түкті жанаргүл (Adonis villosa)

ҚҚК II

2016

7

Көктемдік жанаргүл (Adonis vernalis)

ҚҚК II

2016, 2019

8

Фишер құссүттігені
(Ornithogalumfischerianum)

ҚҚК III

2013, 2016, 2019

9

Шатыраш сепкілгүл (Fritillaria meleagris)

2016

Құстар

10

Ақбас тырна (Anthropoides virgo)

ЖҚТ

ҚҚК V

1990, 1991, 2003, 2004, 2005, 2008, 2010, 2015, 2016, 2018

11

Кәдімгі үкі (Bubo bubo)

ЖҚТ

ҚҚК II

1991

12

Қарақұс (Aquila heliaca)

Ә

ҚҚК III

2002, 2003, 2010

13

Кәдімгі көкқарға (Coracias garrulus)

ҚҚ

2001, 2010

14

Дала күйкентайы (Falco naumanni)

ЖҚТ

2004

15

Безгелдек (Tetrax tetrax)

ҚҚ

ҚҚК II

1990-1991, 2002, 2004, 2008, 2010, 2015, 2018

16

Сыбырлауық аққу (Cygnus olor)

ЖҚТ

2003, 2004, 2008, 2010, 2013, 2015, 2016, 2018

17

Балықшы тұйғын (Pandion haliaetus)

ЖҚТ

ҚҚК I

1990

18

Дала құладыны (Circus macrourus)

ҚҚ

2002, 2003, 2004, 2005, 2018

19

Бөктергі (Falco vespertinus)

ҚҚ

2001, 2002, 2003, 2004, 2005, 2008, 2010, 2015, 2016, 2018

20

Дала қыраны (Aquila nipalensis)

ЖҚТ

ҚҚК VI

2002, 2008, 2010

21

Аққұйрық субүркіт (Haliaeetus albicilla)

ЖҚТ

ҚҚК II

2004, 2008, 2010, 2015, 2016, 2018

Сүтқоректілер

22

Құндыз (Castor fiber)

ЖҚТ

2003, 2005, 2008, 2010, 2012, 2015, 2016, 2018

23

Су тышқан (Desman moschata)

Ә

ҚҚК II

-

24

Орман сусарысы (Martes martes)

ЖҚТ

ҚҚК IIІ

-

25

Қаракүзен (Mustela lutreola)

ҚҚ

ҚҚК I

-

Бауырымен жорғалаушылар

26

Дала сұр жылан (Vipera ursini renardii)

Ә

2001, 2002, 2003, 2008, 2010, 2016

Жәндіктер

27

Әмірші инелік (Anax imperator)

Ә

ҚҚК II

2010

28

Қысқа қанатты боливария (дәуіт) (Bolivaria brachyptera)

Ә

ҚҚК II

2010, 2020

29

Далалық сколия (Scolia hirta)

Ә

ҚҚК II

2020

30

Подалирий желкенді көбелегі (Iphiclides podalirius L.)

ҚҚ

2020

Кестеде келесі санаттар қолданылады:

  • ҚҚ: Құрып кету қаупi төнген түрлер – әдетте, түрлердің саны азайғандығы соншалық, олар жақын арада ХТҚО-ның жоғары қатерлі санатына жатқызылады. ХТҚО - Халықаралық табиғатты қорғау одағы.
  • Ә: Әлсіз түрлер – жабайы табиғатта жойылып кетудің жоғары қаупі бар түрлері.
  • ЖҚТ: Жоғалып кету қаупі ең төмен түрлер — ХТҚО санаты бойынша құрып кету қаупi төнген түрлерге,әлсіз немесе қатерлі жағдайға жақын түрлерге кірмейтін түрлер. Кең таралған және сан алуан таксондар (бұл топтағы түрлер халықаралық сирек түрлер қатарына қосылмаған) осы санатқа енгізілген.
  • ҚКК: Қазақстанның қызыл кітабы” — Қазақстан Республикасының “Қызыл кітабында” жалпы ұлттық деңгейде сирек деп танылған түрлер, римдік нөмірлер сирек кездесетін әртүрлі санаттарды көрсетеді: Санат I – ең сирек кездесетін түрлері, және санат V – сиректігі төмен.