ҚазРусEng

Тұрақты даму

Биотүрлілікті сақтау бойынша шаралар жоспары

2011 жылдан бері КПО “Биотүрлілікті сақтау шаралар жоспарын (БСШЖ)” дайындайды және іске асырады, ол КПО Тұрақты даму кодексіне сәйкес өңірдегі биотүрлілікті және экожүйелік қызметтерді сақтау жөніндегі Компания қызметінің негізгі бағыттарын айқындайды.

“Биотүрлілікті сақтау шаралар жоспары” келесі міндеттерді қамтиды:

  • заңнама талаптарын айқындау, үшінші тараптардың пікірін реттеу, жоспарлау және есепке алу;
  • фондық/мониторингтік зерттеулер нәтижелерін және қоршаған ортаның қазіргі жай-күйін анықтау үшін қолда бар ақпаратты талдау;
  • қорғау үшін басым экожүйелерді, мекендеу орындары мен түрлерін айқындау;
  • жобаны іске асыру сатыларында биотүрлілік үшін әсерді бағалау және қауіптерді анықтау;
  • жоба аумағындағы қоршаған ортаның жай-күйін мониторингтеу және қадағалау;
  • биотүрлілікті сақтау бойынша жоспарланған іс-шаралар тізбесін дайындау;
  • есептілік, мүдделі тараптармен байланыс және табиғат қорғау іс-шараларының тиімділігін бағалау.

Жоспар бойынша жұмыстарды орындау көлемі шеңберінде 2012 жылдан бері жануарлар мен өсімдіктер әлемін қадағалау сияқты зерттеулер түрлері орындалуда. 

Жануарлар әлемін мониторингілеу үш жыл сайын 16 жаяу бағыт пен 5 алаң бойынша жүзеге асырылады. Жекелеген жануарлардың мекендеу орындарының жағдайын бағалау, сондай-ақ олардың әртүрлі жүйелі топтарының сандық және сапалық құрамын бағалау визуалды бақылау әдістерімен анықталады. “Суда жүзетін құстарды есепке алу жөніндегі әдістемелік нұсқаулыққа (1971 ж.)” және “Сүтқоректілерді есепке алу жөніндегі әдістемелік нұсқауларға (1987 ж.)” сәйкес құстардың мекендеу орындарын, түрлердің қозғалу бағытын, құстардың ұя салуын белгілеу.

Өсімдіктер әлемін мониторингілеу өткен жылдармен салыстырғанда 27 алаңда жүргізілуде. Зерттеу келесілерді қамтиды: геоботаникалық сипаттама: көптігі, фенофазасы, өміршеңдігі, антропогендік өзгеру дәрежесі. Сонымен қатар, хлоридтердің, сульфаттардың, күкірттің, нитраттардың және мұнай өнімдерінің құрамын талдау үшін өсімдік бөліктеріне мерзімді сұрыптау жасалады. Мерзімділігі – 3 жылда 1 рет.

ҚМГКК аумағында аң мен балық аулаудың барлық түрлеріне тыйым салынғанын атап өткен жөн, бұл талап «ҚМГКК-дегі қатаң бақылау аймағы» ішкі процедурасында көрсетілген.

Жануарлар әлемін мониторингілеу <sup>GRI 304-2</sup>

ҚМГКК аумағының фауналық кешені батыс дала зоогеографиялық учаскесіне жатады және айқын дала сипатына ие.

Әдеби дереккөздерге сүйенсек, ҚМГКК аумағында жануарлардың ықтимал әртүрлілігі жерүсті омыртқалыларының 122 түрін құрайды, оның ішінде қосмекенділер – 8, бауырымен жорғалаушылар – 13, сүтқоректілер – 56 және құстардың – 200-ден астам түрі бар.

Компанияның 2018 жылы ҚМГКК аумағында жүргізген зерттеуі кезінде қосмекенділердің 1 түрі (8.3%), бауырымен жорғалаушылардың 3 түрі (6.2%), құстардың 87 түрі (17.4%) және сүтқоректілердің 14 түрі (Қазақстан фаунасының жалпы құрамының 7.8%) тіркелді. Зерттеу нәтижесінде орнитофаунаның өзегін құрайтын құстардың 18 фондық түрі анықталды, олардың 10-ны сансыз. Қалған құстар сирек және аз мөлшерде кездесті, ал олардың 22 түрі тек бір ғана рет 1-4 дара санымен есепке алынған.

2008 және 2018 жылдар аралығында кен орны аумағын мекендейтін сүтқоректілердің түр құрамы айтарлықтай өзгеріске ұшырамады. Биоценотикалық байланыстарда түрлердің саны мен қатынасында едәуір өзгерістер табылған жоқ.

ҚМГКК аймағы мен оған жақын маңайда су құндыздарының саны азайды, бірақ әлі де жоғары деңгейде сақталуда.

Жылдар бойы салыстырмалы аспектіде түрлердің санын зерттеу және талдау барысында ҚМГКК-нің өндірістік қызметінен кен орнының аумағын мекендейтін омыртқалылардың тіршілік әрекетіне қандай да бір айқын теріс әсері байқалмаған. Керісінше, ауылшаруашылық қызметінің жүргізілмеуі, аумақты жалпы қорғау және адамдардың алаңдаушылық факторының толық болмауы нәтижесінде кен орнында жергілікті фаунаның өмір сүру процестеріне қолайлы жағдайлар жасалған.

Ихтиофаунаны мониторингілеу

Ихтиофаунаға мониторинг алғаш рет 2018 жылы жүргізілді.

Гидробиологиялық зерттеулерге сәйкес, зерттелген аймақтағы ихтиофаунаның түрлік байлығы 3 отрядқа жататын үш тұқымдастың 10-ға жуық балық түрін құрайды. Мөңке, орта және алабұға сияқты түрлер ең жиі кездеседі. Тіркелген барлық түрлер Қазақстанның ішкі су тоғандарында кең таралған (Қазақстан балығы, 1987-89 жж).

Балық популяцияларының биологиялық көрсеткіштері мен құрылымын талдау жанама түрде олардың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде екенін көрсетеді.

Этномофаунаны мониторингілеу

Этномофаунаға мониторинг алғаш рет 2020 жылы жүргізілді.

Жүргізілген энтомологиялық зерттеулер барысында ҚМГКК-нің 20 мониторингтік алаңдарында 2 классқа, 14 отрядқа, 103 тұқымдасқа және 290 туыстасқа жататын жәндіктер мен өрмекшітәрізділердің 349 түрі немесе кіші түрлері анықталды.

Этномофаунаның түрлік әртүрлілігі төмендегі сызбада берілген.

ҚМГКК аумағында “Қазақстан Республикасының қызыл кітабына” енгізілген жәндіктердің үш түрі табылды (2006 ж.).

Әміршіл-инелік (Anax imperator Leach)
Қысқа қанатты Боливария (Bolivaria brachyptera Pall)
Далалық сколия (Scolia hirta)
“Қазақстанның қызыл кітабына” кірмейтін бір түр-желкенді көбелегі Iphiclides podalirius L., саны қысқарып жатқан түр ретінде сипатталады.

Өсімдіктер әлемін мониторингілеу <sup>GRI 304-2</sup>

Зерттеу аумағында “Қазақстанның қызыл кітабына” және құрып кету қаупі төнген түрлер тізбесіне енгізілген бес (5) түр тіркелген:

  1. Андржеевский қалампыры (Dianthus andrzejowski)
  2. Шренк қызғалдағы (Tulipa shrenkii)
  3. Биберштейн қызғалдағы (Tulipa biebersteiniana)
  4. Көктемдік жанаргүл (Adonis vernalis)
  5. Фишер құссүттіген (Ornithogalum fischerianum)

Эндемикалық түрлердің (шектеулі ареалда өмір сүретін) ішінен қысқа қалақты тасшөп (Astragalus brachylobus) кездеседі.

Мониторингтік алаңдарда өсетін сирек кездесетін түрлермен қатар, су қорғау аймағының аумағына орайластырылған сирек кездесетін түрді – Шілмұртты (Fritillaria ruthenica) есепке алу жүргізілді. 2019 жылы бұл түр Березовка өзенінің бойындағы төрт учаскеде тіркелді, олардың жалпы саны алты (6) дананы құрады.

Кен орны қызметінің 2010 жылғы алғашқы зерттеуден кейін шілмұрттың тіршілік ету ортасына айтарлықтай өзгерістер енгізіп, оның популяциясына әсер ету белгілері табылған жоқ. Өсімдіктер санының жалпы өсуі бұл түрдің ҚМГКК аумағында жойылып кету қаупі жоқ деп болжамдауға мүмкіндік береді.

Әрбір зерттеу алаңында жекелеген популяциялар жер бетінің бұзылуы сияқты апатты әсерлерге өте осал екенін атап өткен жөн, сондықтан Қарашығанақ кен орнында жобаларды жоспарлау кезінде олардың болуын ескеруді жалғастыру қажет.

Өсімдіктер әлемін мониторингілеу нәтижелеріне сәйкес ҚМГКК-дегі өндірістік қызмет салдарынан өсімдіктерге әсер етудің негізгі теріс факторы физикалық әсер ету болып табылады. Соның ішінде: мал жаю, ауыл шаруашылығы қызметі және КПО қызметіне байланысты механикалық бұзылулар (орлар қазу, құбырлар, объектілер, жолдар салу және т.б.). Ең көп бұзылған қауымдастықтар кен орнының инфрақұрылымдық объектілерінің радиусында және жолдардың шетінде жиі кездеседі.
Топырақ-өсімдік жамылғысын мониторингілеу деректері КПО өндірістік қызметімен байланысты ластаушы заттар шығарындыларының атмосфераға қандай да бір теріс әсерін анықтаған жоқ. Қарашығанақ кен орнындағы өсімдіктердің жай-күйін қанағаттанарлық деп сипаттауға болады.

2011-2020 жылдары Биотүрлілікті сақтау бойынша шаралар жоспарын орындау

2011 жылдан бері КПО “Биотүрлілікті сақтау бойынша шаралар жоспарына” сәйкес төмендегі кестеде ұсынылған іс-шаралар жүргізіп келеді.

Кезеңі

Жылы

Зерттеулер

1

2011

2012-2013 жылдарға арналған “Биотүрлілікті сақтау бойынша шаралар жоспарын” дайындау.

2012

Қарашығанақ кен орны аумағындағы жануарлар әлемін мониторингілеу, соның ішінде сирек кездесетін жануарлар түрлерін тіркеу.

2013

ҚМГКК әсер ету аймағындағы флораға төрт әсер ету факторы, атап айтқанда: қоршаған ортаға тасталатын шығарындылар, физикалық әсері, су тұтыну, жайылым жерлер бойынша мониторинг өткізу;

  • үш кезеңде жерсеріктен түсірілген суреттерді экожүйелердегі өзгерістерді анықтау мақсатында талдау;
  • ҚМГКК су объектілерінің (Березовка өзені, Қоншыбай жырасы) жағалық аймақтарын картаға түсіру.

2

2014

2015-2016 жылдарға арналған “Биотүрлілікті сақтау бойынша шаралар жоспарын” дайындау.

2015

Фаунаны мониторингілеу, соның ішінде:

  • атмосфераға шығарындыларды және топырақтағы ластаушы заттарды картаға түсіру;
  • КПО өндірістік қызметінің әсерін ескере отырып, Қарашығанақтың жануарлар әлемінің (сүтқоректілер, құстар, қосмекенділер, бауырмен жорғалаушылар) түр алуандығын зерттеу;
  • Қоншыбай жырасы және Березовка өзені аймағындағы маңызды жануралар түрлерін, соның ішінде құндыздарды, зерттеу;
  • жануарлар әлеміне мониторингтің нәтижелері негізінде Қарашығанақ аумағында мекендейтін түрлердің деректер базасын жаңарту;

2016

Флораны мониторингілеу, соның ішінде:

  • атмосфераға тасталатын шығарындылар, физикалық әсерлер, малдың жайылуы және су алу әсері тұрғысынан өсімдіктер әлеміне мониторинг;
  • Қоншыбай жырасы және Березовка өзені маңында өсетін шілмұрттың сирек түрінің таралуын бақылауды жалғастыру.

3

2017

IPIECA/IOGP жариялаған “Мұнай және газ секторы үшін биотүрлілікті сақтау бойынша әрекет жоспарларын дайындауға арналған нұсқаулыққа” сәйкес “2018-2020 жылдарға үшін биотүрлілікті сақтау жоспарын” жасау.

2018

  • Жануарлар дүниесі күйінің қарқынын байқау мақсатында фаунаға мониторинг жүргізуді жалғастыру;
  • Қоншыбай жырасы және Березовка өзені аймағындағы маңызды жануралар түрлерін, соның ішінде құндыздарды есепке алуды жалғастыру;
  • Қарашығанақ аумағындағы су қоймаларының ихтиофаунасын зерттеу.

2019

  • Сирек кездесетін маңызды түрлерді есепке алумен қоса, флора мониторингін жалғастыру;
  • Биотүрлілікті және аймақ экожүйелерінің жалпы күйін кешенді бағалау мақсатында жағалық өсімдіктер қарқынын бақылау.

2020

  • ҚМГКК аумағында омыртқасыздардың түрлік алуандығы бойынша зерттеулер (энтомофаунаны мониторингілеу);
     
  • “2021-2023 жылдарға арналған ҚМГКК аумағында биотүрлілікті сақтау бойынша шаралар жоспарын” дайындау.