Тұрақты даму
- Басты бет
- /
- Тұрақты даму
- /
- Қоршаған ортаны қорғау
- /
- Энергия тиімділігі
Энергия тиімділігі
Бүгінгі таңда әлемдік қоғамдастық алдында тұрған күрделі міндеттердің бірі — төмен көміртекті технологияларға көшуді жүзеге асыра отырып, өсіп келе жатқан энергия қажеттілігін қанағаттандыру.
Біздің мақсатымыз — қоршаған ортаға тиетін әсерді азайту, сондай-ақ өндірістік және қосалқы процестерде энергия ресурстарын тиімді пайдалану. КПО қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін энергия тиімділігін арттыру бойынша бірқатар іс-шараларды жүзеге асыру бойынша жұмыстар атқаруда.
Энергетикалық менеджмент жүйесі
ISO бойынша сертификаттау КПО-ның заңнамалық талаптар мен халықаралық стандарттарға сәйкес болу үшін қажетті шараларды қабылдайтын Қазақстан Республикасының сенімді серіктесі ретінде іскерлік беделін одан әрі нығайтуға себептес болады.
2020 жылдың тамызында КПО-да ISO 50001:2018 стандарты жаңа нұсқасы талаптарына сәйкестікке сертификаттау аудиті өткізіліп, сәтті аяқталған болатын. Биыл аудитті жаңа RINA сертификаттау органы жүргізді.
Аудит нәтижесі бойынша Компания ешқандай сәйкессіздіктер жібермеген, сондай-ақ КПО-ның энергетикалық менеджмент жүйесі тиімді танылып, халықаралық стандарттарға сәйкестігі расталған болатын.
COVID-19 пандемиясына байланысты жоспарланған энергия аудиті бойынша жұмыстар ішінара орындалды және 2021 жылға ауыстырылды.
Энергияны сақтау шаралары
КПО-ның энергияны сақтау мен тиімділігін арттыру бойынша бекітілген жоспарына сәйкес 2020 келесі шаралар жүзеге асырылды:
- Өндірістік және қосалқы нысандарда шамдарды жарықдиодты шамдарға алмастыру жұмыстары жалғасты. 2020 жылы шамдардың 683 данасы ауыстырылды. Шамдарды ауыстырудан электр энергиясын үнемдеудің есептелген көрсеткіші шамамен 132 950 кВт*сағ құрады.
- Жанармай газын есепке алуды жақсарту, соның ішінде өлшеуіш құралдарын орнатуға дайындық жұмыстары жүргізілді.