Тұрақты даму
- Басты бет
- /
- Тұрақты даму
- /
- Қоршаған ортаны қорғау
- /
- Энергия тиімділігі
- /
- Тәжірибелер үлгісі
Тәжірибелер үлгісі
Бұл бөлімде біз экологиялық хабардарлықты арттыру мақсатында мүдделі тараптардың қатысуы бойынша тәжірибелер үлгілерін ұсынамыз.
ТӘЖІРИБЕ ҮЛГІСІ 1: | |
| Компания «жасыл кеңсе» қағидаттарын енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. Жасыл кеңсе — бұл қызметкерлер ресурстарды үнемді пайдаланатын, қоршаған ортаға қамқорлық жасайтын және экологиялық сананы насихаттайтын кеңсе. |
Мақсаты: | Ұзақ мерзімді перспективада біз бұл бастаманы Компанияның кеңселерінде қалдықтардың пайда болуын, электр энергиясы мен суды тұтынуды азайтуға мүмкіндік береді деп күтеміз.
КПО корпоративті мәдениетіне «жасыл кеңсе» қағидаларын енгізу жұмыста ғана емес, сонымен бірге үйде, жанұя мен достар арасында экологиялық ойлау мен экологиялық таза өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді. Жалпы алғанда, Компания қызметкерлері қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың үлгісі болып, қоғамға оң ықпал тигізеді деп көзделуде. Компания экологиялық қызметіне қызметкерлердің көбірек санын тартуы КПО компаниясының қоршаған ортаны қорғау саласындағы тиімділік көрсеткіштерінің артуына себептес болады. |
Жағдайдың шешімі / қолданылған әрекеттер: | КПО экология саласы бойынша сауаттылықты арттыру Компанияның ресурстары мен табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға, сондай-ақ қызметкерлер арасында жасыл технологиялар мен экологиялық тәжірибелерді енгізуге деген адалдықты арттыруға ықпал ететін басым бағыт ретінде анықтады.
2020 жылы экологиялық хабардардылықты арттыру бойынша өткізілген бір қатар шараға 500-ден астам қызметкер қатысты. Бір қатар шараның ішінде:
Одан басқа, оң өзгерістердің орын алуына себепші болуға және қызметкерлерді әрекет етуге насихаттауға және жеке адамның және жалпы Компанияның қоршаған ортаға тигізетін әсерін азайту мақсатында КПО компаниясы өзінің «Жасыл ережелерін» және экологиялық постерлерін дайындап шығарды.
КПО-ның Жасыл ережелері:
«Жасыл кеңсе» пилоттық жобасы үшін Компанияның екі кеңсесі — Орал кеңсесі және Қарашығанақ бизнес орталығы таңдалды, онда экологиялық белсенділер өз еркімен тренинг өткізіп, қызметкерлер арасында «жасыл» ойлауды насихаттайды. |
ТӘЖІРИБЕ ҮЛГІСІ 2: КПО «ЭНЕРГЕТИКА АПТАСЫ» | |
| 2020 жылғы 11 мен 17 қараша аралығында Компания Қазақстан Республикасының Энергия үнемдеу күніне орайластырылған КПО Энергетика апталығын өткізді. Осы іс-шара шеңберінде энергияны үнемдеу және қоршаған ортаны қорғау саласындағы әр түрлі саланың кәсіби спикерлерінің қатысуымен бірқатар онлайн форматтағы веб-семинарлар өткізілді, сонымен қатар «Энергия үнемдеу — балалардың көзімен» тақырыбында балалар суреттер байқауы өткізілді. |
Мақсаты: |
|
Жағдайдың шешімі / қолданылған әрекеттер: | «Энергетика апталығының» вебинарларының тақырыбы кең ауқымды мәселелерді қамтыды: энергияны үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы жобаларды іске асыру тетіктері, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіндегі өзгерістер, «Жасыл кеңсе» қағидаттары, энергияны үнемдеу саласындағы форсайтты зерттеу және цифрландыру және т.б.
Оқыту тренингі ретінде ересек балалар үшін энергетика саласындағы ҚР алдыңғы қатарлы ЖОО және Германия Westküste қолданбалы университеті оқытушыларының қатысуымен келешегі зор оқу бағыттары бойынша қысқаша шолу өткізілді, ал қоршаған ортаны қорғау мұғалімі, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің елшісі жас балалармен «Энергия үнемдеу дегеніміз не және ол неге маңызды?» тақырыбында интерактивті сабақ өткізді. |
Мұндай деңгейдегі іс-шараны онлайн форматта өткізудің алғашқы рет өткізілуіне қарамастан, ұйымдастырушылар қатысушылардан көптеген оң пікірлер алды. «Энергия үнемдеу — балалардың көзімен» атты балалар суреттер байқауына КПО қызметкерлері мен мердігерлерінің 100-ден астам балалары қатысты. Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және алғыс грамоталарымен марапатталды. Іс-шара аясында КПО-ның бас директоры Эдвин Блом энергетикалық менеджмент жүйесінің ISO 50001 стандартына сәйкестігін сертификаттауға үлкен үлес қосқан Компания қызметкерлерін марапаттады. |