ҚазРусEng

Тұрақты даму

Санитарлық қорғау аймағы

ҚМГКК аумағындағы жаңа санитарлық қорғау аймағы (СҚА) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген.

2020 жылы кен орны мен СҚА-да екпе ағаштарын түгендеу жүргізу жоспарланған болатын. Алайда Қазақстан Республикасы аумағында карантиндік шектеулердің енгізілуіне байланысты кен орны аумағына кіруге шектеу салынды. Осы себепті жобаны іске асыру 2021-2022 жылдарына мәжбүрлі түрде ауыстырылды.

Өткен 2020 жылы 2018-2026 жылдар аралығында ҚМГКК СҚА кейінгі дамыту жобасын жүзеге асыру аясында КПО «ҚМГКК есепті СҚА ұйымдастыру мен абаттандыру» жобасының екінші кезеңін әзірлеуге кірісті. Жобаны әзірлеу үшін қажетті құжаттар тізімі анықталып (нормативтік-құқықтық актілер, техникалық регламенттер, әдістемелік нұсқаулар және т.б.), жиналған мәлімет пен ақпараттарға талдау жасалды. Карантиннің енгізілуіне байланысты жобаның аяқталуы 2021 жылға қалдырылды.

2020 жылы КПО үш ауа экологиялық мониторинг станциясын (әрі қарай ЭМС) — №№ 6, 9 және 12 көшіруді аяқтады. Батыс Қазақстан облысының жергілікті билік органдарымен облыс және Бөрлі ауданы аумағында енгізген 2020 жылғы COVID-19 байланысты карантиндік шектеулеріне қарамастан аталған үш ЭМС көшіру іс-шаралары белгіленген мерзімнен бұрын әрі оқиғасыз орындалды. Қалған № 5 және № 15 станцияларын көшіру 2021 жылға қалдырылды.

ҚМГКК-ның 2020 ж. аяғында СҚА көрсетілген карта-сызбасы

(үлкейту үшін суретке басыңыз)