Тұрақты даму
- Басты бет
- /
- Тұрақты даму
- /
- Қоршаған ортаны қорғау
- /
- Су қорларын тұтыну және су тарту
Су қорларын тұтыну
Компания міндеті — су қорларын сақтау мақсатында оларды тиімді пайдалану. КПО кәсіпорындағы ауыз суды пайдалануды су қорларын сақтау бойынша шаралар кешені арқылы реттейді және мүмкіндігінше тазартылған суды қайта пайдаланады.
2020 жылы Компанияның жалпы су тұтыну мөлшері 470 601 м3 құрады, оның 388 172 м3 — техникалық су, ал 82 429 м3 — ауыз су болды.
2020 жылы КПО 2019 жылмен салыстырғанда 10,6%-ға аз су тұтынды. Тұрмыстық қажеттіліктер үшін қолданылған су көлемі де 2019 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда аз болды. Суды тұтынудың төмендеуі бұрғылау бағдарламасының қысқаруымен байланысты болды. Осы орайда бұрғылау ерітінділерін дайындау үшін Экоорталық суды аз мөлшерде қолданды.
2018-2020 жж. КПО-ның су қорларын тұтыну мөлшері
Қарашығанақ кен орнындағы өндірістік мақсаттарға қажетті сумен қамтамасыз етуші негізгі көз Қоншыбай жырасындағы № 1 су қоймасы, ал шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін Жарсуат тоғаны болып табылады. Шаруашылық-тұрмыстық және өндірістік қажеттіліктеріне сумен қамтамасыз ету көзі ретінде Үлкен Шаған мұнай айдау станциясы (МАС) үшін Серебряков су тоғаны, ал Атырау терминалы МАС үшін Қиғаш су тоғаны пайдаланылады. Басқа су тоғандарынан суды пайдалану су жеткізушілермен жасалған шарт негізінде жүргізіледі. Өндірістік мақсаттардағы суды арнайы пайдаланудың қолданылу мерзімі 24.05.2025 ж. дейінгі рұқсаттамасына сәйкес Қоншыбай жырасынан жыл сайынғы су тұтыну шегі 741 432 м3 құрайды.
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 22.12.2014 жылғы (№ 325) қаулысына сәйкес Қоншыбай жырасы балық-шаруашылығы су қоймаларының тізіміне кірмейді. Қоншыбай жырасы жерасты суларымен қоректенбейді, ол көктемгі еріген қар мен жауған жаңбырдан толып отырады. Қоншыбай жырасындағы № 1 су қоймасын пайдалану суды тұтыну оңтайлы тәртібін қамтамасыз етуге, құрылыстарды жарамды күйде ұстауға, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған пайдалану ережелеріне және су қоймасының гидротехникалық құрылыстарын қауіпсіз пайдалану, техникалық қызмет көрсету жөніндегі технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.
Ауыз су Компания нысандарының шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктері үшін ғана пайдаланылады. Үлкен Шаған мұнай айдау станциясында ауыз су «Қазводхоз» РМК БҚО филиалымен қамтамасыз етіледі, және сумен жабдықтаудың балама көздерінің болмауына байланысты өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өрт резервуарларын толтыру мақсатында ғана қолданылады.
Төмендегі кестеде КПО-ның су көздері бойынша суды тұтыну мөлшері көрсетілген.
2018-2020 жж. КПО-ның су көздері бойынша суды тұтыну мөлшері, м3
№ | Су көздері | Нысан | Су сапасы | Су тұтыну | ||
2018 | 2019 | 2020 | ||||
1 | Жарсуат су тоғаны (тұрмыстық қажеттіліктерге) | ҚМГКК | жер асты, ауыз су | 92 888 | 91 851 | 80 957 |
2 | Серебряков су тоғаны | Үлкен Шаған мұнай айдау станциясы | жер асты, ауыз су | 1 476 | 1 605 | 1 472 |
тұрмыстық қажеттіліктерге | 980 | 924 | 938 | |||
өндірістік қажеттіліктерге | 496 | 681 | 534 | |||
3 | Қоншыбай жырасының су тоғаны (өндірістік қажеттіліктерге) | ҚМГКК | жер үсті, техникалық су | 417 232 | 431 616 | 384 453 |
4 | Қиғаш су тоғаны | Атырау мұнай айдау станциясы | жер үсті, техникалық су | 3 545 | 2 781 | 3 719 |
тұрмыстық қажеттіліктерге | 933 | 777 | 759 | |||
өндірістік қажеттіліктерге | 2 612 | 2 004 | 2 960 |