ҚазРусEng

Тұрақты даму

Тазартылған сарқынды суларды қайта пайдалану

Бұрғылау, бұрғылау ерітіндісін дайындау, екпе ағаштарын суару, құрылыс алаңдарындағы және жолдардың шаңын басу сияқты жұмыстарға және әрекеттерге арналған табиғи су алуды азайту мақсатында КПО тазартылған тұрмыстық, өндірістік-жаңбырлық және нөсерлік сарқынды суларды пайдаланады. Cарқынды суларды Компания нысандарында қайта пайдалану 2018-2022 жылдарға белгіленген технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

2020 жылы КПО-ның техникалық қажеттіліктеріне қайта пайдаланылған сарқынды су көлемі Коншыбай жырасынан алынған техникалық судың 4,8%-ын құрады. 2020 жылы Компания техникалық қажеттіліктерге тазартылған сарқынды сулардың 18 313 м3 қайта пайдаланып, олардың негізгі көлемін шаң басу үшін жұмсады. 2020 жылы 2019 жылмен салыстырғанда көлемдердің азаюы ҚМГКК-да бұрғылау бағдарламасының қысқаруымен және бұрғылау ерітінділерін дайындаудың қажетсіз болғанымен байланысты. Төмендегі кестеде тазартылған сарқындарды пайдаланумен жұмыс түрлері келтірілген.

2018-2020 жж. тазартылған сарқындарды қайта пайдалану, м3

 

2018

2019

2020

Жалпы қайта пайдалану,
соның ішінде:

18 241

38 545

18 313

Бұрғылау қажеттіліктері мен бұрғылау ерітіндісін дайындауға

8 825

30 117

3 482

Суару, гидросынау және өрт резервуарларын толтыруға

1 040

1 088

335

Шаң басуға

8 376

7 340

14 496