ҚазРусEng

Тұрақты даму

Тазартылған сарқынды суларды төгу

Тазартылған тұрмыстық-шаруашылық суды жинау үшін, өндірістік-нөсерлік және нөсерлік сарқынды суларды әкету үшін Компания арнайы салынған жасанды құрылыстарды пайдаланады. Бұл құрылыстар топырақ және жер асты суларына ластаушы заттардың жайылуын болдырмайды, сонымен қатар техникалық қажеттіліктерге қайта пайдалану үшін тазартылған сарқындарды жинауға, осы арқылы жаңа судың шығынын азайтуға мүмкіндік береді.

Cарқынды суларды төгу құрылыстары

Көмірсутекті шикізатпен бірге өндірілетін ілеспе-қабат сулар және өндірістік сарқындар тазартылып, өнеркәсіптік сарқындарды жер астында көмудің № 1 және № 2 полигондарының тереңде орналасқан жерасты деңгейжиектеріне айдалады. Өнеркәсіптік сарқындарды көму әдісі — тазарту кезінде тұзды қалдықтардың жер бетінде пайда болуынсыз сарқындарды өңдеудің әлемдік тәжірибесі. Деңгейжиектердің берік оқшаулануы және сарқындарды айдауға өте қолайлы болып табылатын жыр қыртысының қасиеттері сарқындардың жоғарғы деңгейжиектерге көшуін болдырмайды.

Сарқынды суларды және ластаушы заттарды төгудің көлемі ҚР Заңнамасы талаптарына сәйкес Компанияның жобалық құжаттамасында есептеледі және негізделеді, арнайы рұқсаттармен мөлшерленеді. КПО-ның шаруашылық және өндірістік қызметі нәтижесінде пайда болатын сарқынды сулар табиғи су қоймаларына төгілмейді.

Төмендегі кестеде сарқынды су санаттары мен қабылдаушы нысандар бойынша КПО-ның 2018-2020 жж. төгу көлемдері келтірілген.

Сарқынды су санаттары мен қабылдаушы нысандар бойынша 2018-2020 жж. жалпы төгінділер көлемі мен құрамындағы ластаушы заттар (ЛЗ), м3

Қабылдаушы нысан

Сарқынды сулар санаты

2018

2019

2020

Төгінділер көлемі, м3

ЛЗ көлемі, тонна

Төгінділер көлемі, м3

ЛЗ көлемі, тонна

Төгінділер көлемі, м3

ЛЗ көлемі, тонна

Су жинақтауыш тоғандар

Тазартылған тұрмыстық-шаруашылық сарқынды сулар

68 752

38,8

68 763

35,72

64 244

34,38

Өнеркәсіптік сарқындарды жер астында көму полигондары

Өндірістік-нөсерлік сарқынды сулар, технологиялық және ілеспе-қабат сарқынды сулар

663 706

42 240

628 819

39 645

694 893

45 970

Үлкен Шаған және Атырау МАС-дағы жер рельефі

Еріген қар және жаңбырдың сарқынды сулары

2 694

1,51

3 546

2,05

1 982

1,56

Төгінділердің жалпы көлемі

735 152

42 280

701 128

39 683

761 119

46 006

2020 жылғы сарқынды су төгінділерінің көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 8,6%-ға көбейді. Соның ішінде 2020 жылдағы өнеркәсіптік сарқындардың көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 10,5%-ға өсті. Өндірістік сарқындар көлемінің өсуі ілеспе-қабат сарқынды су көлемінің өсуімен байланысты.

КПО өз нысандарында пайда болған және тазартылған сарқынды сулардағы ластаушы заттардың құрамына бақылау жасайды:

2020 жылы ластаушы заттардың 46 006 тоннасы төгілді (2019 жылғы 39 683 тонналық көрсеткішпен салыстырғанда 15,9%-ға артық). Оның ішінде 45 961 тонна рұқсат етілген шекті төгінді (РШТ) нормативтері шегінде, ал 45 тонна — одан тыс төгілді.

Ластаушы заттардың нормативтен тыс төгінділері өндірістік сарқындарды жерасты көмудің № 1 және № 2 полигондарына төгілетін сарқынды сулардағы сульфидтер бойынша жылдық РШТ нормативтерінен болмашы асып кету нәтижесінде болды. Жинақтауыш тоғандарға шаруашылық-тұрмыстық сарқынды сулар бойынша ластаушы заттардың нормативтен тыс төгінділері байқалған жоқ. ҚР салық заңнамасы талаптарына сәйкес пайда болған нормативтік және одан артық ластаушы заттар төгінділері үшін Компания қажетті төлемдерді жасады.

Жалпы алғанда, сарқындар тереңде нық оқшауланған жерасты деңгейжиектерге айдалғандықтан, осы әрекет топырақ, өсімдіктер және жануарлар әлемі сияқты қоршаған орта компоненттеріне әсер етпейді. Бұл деңгейжиектердегі сулар жоғары минералданған және шаруашылық-ауыз су, бальнеологиялық және техникалық қажеттіліктер үшін, суару және мал шаруашылығы үшін қолданылмайды.