ҚазРусEng

Тұрақты даму

Қоршаған орта мониторингі

КПО өндірістік қызметінің барлық аспектілерін қамтитын қоршаған ортаны қорғау бойынша бірқатар бағдарламаларды жүзеге асыруда. Осындай бағдарламалардың негізгісі болып Өндірістік экологиялық бақылау (ӨЭБ) бағдарламасы табылады. Бұл бағдарлама ҚР Экологиялық кодексі талаптарына сәйкес және келесі міндеттерді атқару мақсатында әзірленген:

  • кәсіпорындардың шығарындылары және өндірістік қызметінің қоршаған ортаға әсері туралы сенімді ақпарат алу;
  • қоршаған ортаға және адамның денсаулығына әсерді барынша қысқарту;
  • оқыс жағдайларда шұғыл алдын алу шараларын жүргізу;
  • кәсіпорынның экологиялық қызметі туралы және халықтың денсаулығына төнетін қауіптер жөнінде мүдделі талаптарға (жергілікті халыққа, мемлекеттік бақылаушы органдарға, серіктес компанияларға) хабарлау.

Аталмыш бағдарлама аясында қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға – яғни шығарындыларды, ағын сулар мен қалдықтарды қайта өңдеу және орналастыруға, сонымен қатар қоршаған орта компоненттерінің сапасына – атмосфералық ауаға, жер үсті және жер асты суларға, топыраққа бақылау жүргізіледі.

ӨЭБ аясындағы топырақ, жер асты және үсті суларының сапалық күйін бақылау 2020 жылғы анықталған көрсеткіштер шоғырлануы өткен жылдардағы бақылаулар деңгейінде екендігін көрсетті. ҚМГКК қызметінің қоршаған орта компоненттеріне кері әсері анықталмаған.

2020 жылы ӨЭБ үдерісі аясында 100 мыңнан астам сынама алынып, 117 мың зертханалық талдамалар және 28 мың өлшеулер өткізілді.

Компания кен орны аумағындағы, әсіресе санитарлық қорғау аймағының шекарасындағы және Қарашығанақ кен орнына жақын орналасқан елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасына ерекше мән береді.

Ауа сапасын қадағалау аккредиттелген зертхананың сынамалар алуы және талдауы арқылы, сондай-ақ 18 стационарлық автоматты экологиялық мониторинг станциясы (ЭМС) көмегімен жүргізіледі. 

Атмосфералық ауаның сапасын бағалау үшін санитарлық-гигиеналық нормативтер немесе рұқсат етілген шекті шоғырлану (РШШ) талабы қолданылады. Атмосфералық ауаның ластану деңгейін анықтау үшін бақыланатын компоненттердің тіркелген шоғырлануын РШШ-мен салыстырып, бөлшектеп көрсетіледі.

Атмосфералық ауадағы ластаушы заттың рұқсат етілген шекті шоғырлануы – қазіргі және болашақ ұрпаққа өмір бойы тікелей немесе жанама еш зиянды әсер етпейтін, адамның еңбекке деген қабілетін төмендетпейтін, оның хал-жағдайын және санитарлық-тұрмыстық өмір салтын нашарлатпайтын шоғырлану.

Қарашығанақ кен орнының СҚА шекарасындағы атмосфералық ауа сапасын бақылау

ЭМС арқылы үздіксіз ауаны бақылаумен қатар, аккредиттелген мердігерлік зертхана атмосфералық ауа сынамаларын ҚМГКК СҚА шекарасындағы 8 нүктеден (8 румб бойынша) алады. СҚА шекарасында сынамалар бағыттық бекеттерде1 әр күн сайын келесі жиілікпен алынады:

  • С, Ш, О, Б сынама алу нүктелерінде – күніне 4 рет;
  • СШ, ОШ, ОБ, СБ – күніне 1 рет.

2020 жылы атмосфералық ауаның 44 мың сынамасы алынды, олар ЭМС станцияларымен өлшенетін компоненттердің құрамына талданды: (H2S) күкірт сутегі, (SO2) күкірт диоксиді, (NO2) азот диоксиді, (CO) көміртек оксиді. Оған қоса ауа сынамалары метан (СН4) және метилмеркаптанға (СH3SH) талданады.

2020 жылы ҚМГКК СҚА шекарасындағы 8 бақылау бағыттық бекеттерде атмосфералық ауада бақыланатын компоненттердің РШШ-нан асып кету жағдайлары тіркелген жоқ.

2020 жылы СҚА шекарасының атмосфералық ауасында бақыланатын орташа жылдық шоғырланулар төмендегі кестеде келтірілген. «Нақты жылдық орташа шоғырлану» бағанасы 8 нүкте бойынша бақыланатын ауа компоненттерінің орташа шоғырлануының максималды және минималды мәндерін көрсетеді.

2020 жылы СҚА шекарасындағы атмосфералық ауада бағыттық бекеттерде тіркелген бақыланатын компоненттер шоғырлануының жылдық орташа мәндері

Бақыланатын компоненттер

Нақты жылдық орташа шоғырлану, мг/м3

РШШ м.б., мг/м3

РШШ артуы

H2S

0,002

0,008

Жоқ

SO2

МАШ мәнінен төмен* 0,003-ке дейін 

0,5

Жоқ

NO2

0,024-тен 0,025-ке дейін

0,2

Жоқ

CO

МАШ мәнінен төмен*

5,0

Жоқ

СH3SH

тіркелмеген

0,006

Жоқ

СН4

1,110-нан 1,113-ке дейін

50**

Жоқ

*тіркелген өлшеулер минималды анықтау шегінен (МАШ) төмен.
SO2 үшін МАШ – 0,003 мг/м3;
CO үшін МАШ – 0,6 мг/м3 ;

**әсер етудің белгіленген болжамды қауіпсіз деңгейі. Метан үшін РШШ белгіленбеген.

1 Бағыттық бекет – тасымалданатын жабдықтың көмегі арқылы өткізілетін, тіркелген аймақтарда ауа сынамаларын бақылау кезінде жүйелі түрде алу үшін арналған бекет.

Қарашығанақ кен орнына жақын орналасқан ауылдардың атмосфералық ауа сапасын бақылау

Кен орнының маңайында орналасқан 6 елді мекенде: Жарсуат, Жаңаталап, Димитрово, Қарашығанақ, Приурал, Өспен және Ақсай қаласында ауаны бақылаудың тұрақты бекеттері бар. Ауа сынамаларын алу күніне 4 рет (мемлекеттік стандартқа сәйкес 01:00, 07:00, 13:00 және 19:00 уақытында) мердігерлік зертхананың аталмыш ауылдарда тұратын тұрақты қызметкерлерімен жүргізіледі. 2020 жылы аталмыш бекеттерде 52 мың атмосфералық ауа сынамасы алынып, талдаудан өтті.

Алынған сынамалар Ақсай қаласындағы зертханаға жеткізіліп, мемлекеттік стандарт және басшылыққа алынатын құжаттарға сәйкес негізгі бес компоненттің құрамына химиялық тұрғыдан талданады: (H2S) күкірт сутегі, (SO2) күкірт диоксиді, (NO2) азот диоксиді, (CO) көміртек оксиді және (СH3SH) метилмеркаптан. Одан басқа, ауа құрамындағы ұшқыш органикалық байланыстарға, атап айтқанда бензол (C6H6), ксилол (C8H10), толуол (C7H8) мезгіл сайын (10 күнде 1 рет) бақылау жүргізіледі.

Ауа сапасын бақылаудың ай сайынғы нәтижелері жергілікті бұқаралық баспа ақпарат құралдарында жарияланады және ақпараттық тақтаға орнатылу үшін ауылдарға таратылады. Газ иісіне байланысты халықтың шағымдары түскен жағдайда тұрақты бекеттерде кезектен тыс сынамалар алынады.

2020 жылы елді мекендер атмосфералық ауасында бақыланатын көрсеткіштердің орташа тәуліктік РШШ асуы тіркелген жоқ.

2020 жылы, Қарашығанақ кен орнына жақын орналасқан елді мекендер тұрғындарынан газ иісіне қатысты 7 шағым түсті. Елді мекендерде жоспардан тыс атмосфералық ауа сынамалары алынды, олардың талдамасының нәтижесі бойынша бақыланатын компоненттер шоғырлануы бекітілген РШШ-дан аспағанын көрсетті. Газ иісіне қатысты әр шағым бойынша шағымданушыларға кері байланыс берілді.

Бұдан басқа компоненттер бойынша РШШ деңгейінен арту жағдайлары тіркелмеді.

Төмендегі кестеде жеті елді мекендегі атмосфералық ауасында бақыланатын компоненттердің 2020 жылғы орташа шоғырлануы келтірілген. «Нақты жылдық орташа шоғырлану» бағанасында бақыланатын ауа компоненттерінің орташа шоғырлануының максималды және минималды мәндері көрсетілген.

2020 жылғы Қарашығанақ кен орнына жақын орналасқан елді мекендердің атмосфералық ауадағы бақыланатын компоненттер шоғырлануының орташа жылдық мәндері GRI 413-1

Бақыланатын компоненттер

Нақты жылдық орташа шоғырлану, мг/м3

РШШ т.о.1, мг/м3

РШШ т.о.  артуы

H2S

0,002

0,0083

Жоқ

SO2

0,003

0,05

Жоқ

NO2

0,024-тен 0,026-ға дейін

0,04

Жоқ

CO

МАШ мәнінен төмен2

3,0

Жоқ

С6Н6

0,173-тен 0,180-ге дейін

0,33

Жоқ

С7Н8

МАШ мәнінен төмен2

0,63

Жоқ

С8Н10

МАШ мәнінен төмен2

0,23

Жоқ

СH3SH

тіркелмеді

0,0063

Жоқ

1РШШ т.о. – елді мекендердің ауасында рұқсат етілген химиялық заттектердің тәуліктік орташа шекті шоғырлануы, мг/м3. Бұл шоғырлану анықталмаған ұзақ уақыт (жылдар) бойы дем алу кезінде адамға тікелей немесе жанама зиянды әсер етпеуі тиіс.

2Тіркелген деректер минималды анықтау шегінен (МАШ) төмен. Бақыланатын компоненттер үшін МАШ келесідей:
CO – 0,6 мг/м3; С7Н8 – 0,14 мг/м3; С8Н10 – 0,14 мг/м3.

3РШШ б.м. – Күкіртсутегі және метилмеркаптан үшін РШШ т.о. мөлшері бекітілмеген, сол себепті салыстыру үшін РШШ б.м. қолданылады; сондай-ақ РШШ б.м. атмосфералық ауа құрамындағы бензол, толуол және ксилол шоғырлану деңгейін бағалау үшін қолданылады, себебі осы компоненттер үшін сынамаларды алу және талдау жиілігі – 10 күнде 1 рет.

Атмосфералық ауа сапасына автоматты экологиялық мониторинг станциялары арқылы бақылау жүргізу

ҚМГКК-де және СҚА периметрі бойынша орналасқан 18 автоматты экологиялық мониторинг станциясы (ЭМС 001 – 018) қоршаған ортаны қорғау бірыңғай автоматты жүйесіне біріктірілген.

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап кен орнының жаңа санитарлық қорғау аймағы шекарасының белгіленуіне байланысты ЭМС-ды жаңа СҚА аумағына тасымалдау жобасы басталды. 2020 жылдың соңына қарай СҚА шекарасында он екі ЭМС орнатылды: 006, 007, 008, 009, 010, 011, 012, 013, 014, 016, 017 және 018. Екі ЭМС – 005 және 015 – 2021 жылы тасымалданады.

ЭМС тіркеген бақыланатын компоненттердің 2020 жылғы ҚМГКК СҚА шекарасындағы орташа жылдық шоғырлануы төмендегі кестеде келтірілген. Бұл кестенің «Нақты жылдық орташа шоғырлану» бағанасы әрбір ЭМС-ке бақыланатын ауа компоненттерінің орташа шоғырлануының максималды және минималды мәндерін көрсетеді.

2020 ж. ЭМС тіркелген бақыланатын компоненттер шоғырлануының орташа жылдық мәндері

Бақыланатын компоненттер

Нақты жылдық орташа шоғырлану, мг/м3

РШШ  м.б.1, мг/м3

РШШ артуы м.б.*

H2S

0-дан 0,001-ге дейін

0,008

Жоқ

SO2

0,001-ден 0,007-ге дейін

0,5

Жоқ

NO2

0,002-ден 0,006-ға дейін

0,2

Жоқ

CO

0,1-ден 0,2-ге дейін

5,0

Жоқ

1 РШШ м.б. – елді мекендердің атмосфералық ауасындағы химиялық заттектің максималды бір мезгілдік рұқсат етілген шекті шоғырлануы [мг/м3]. Бұл шоғырлану 20-30 минут бойы тыныс алу кезінде адам ағзасында рефлекторлық реакцияны қоздырмауы тиіс (тыныс алудағы іркіліс, көздердің шырышты қабығының, жоғарғы тыныс жолдарының тітіркенуі, т.б.).

* СҚА шекарасында ауа сапасының өлшем шарты РШШ м.б. болып табылады.

Барлық ЭМС төрт негізгі ластаушылар (H2S, SO2, NO2, CO) бойынша үздіксіз, яғни тәулігіне 24 сағат бойы өлшеу жүргізеді. Экологиялық мониторинг станцияларынан 2020 жылы алынған мәлімет бойынша нақты орташа тәуліктік, орташа айлық, орташа тоқсандық, орташа жылдық бақыланатын компоненттердің шоғырлануы орташа тәуліктік РШШ деңгейінен аспады, дегенмен, 2020 жылдың 17 шілдесінде ЭМС-018-де азғантай уақыт – 20 минут бойы өлшенген РШШ максималды бір мезгілдік мөлшерінің артуы тіркелген. Төмендегі кестеде келтірілген мөлшердің артуы мен КПО өндірістік нысандарының қызметі арасында байланыс табылмағанын айта кеткен жөн. РШШ м.б. артуы тіркелген сәттегі КПО кен орны нысандары қызметінің метеопараметірлерді қоса алғандағы талдауы нәтижесінде барлық өндірістік нысандар әдеттегі тәртіпте жұмыс істегенін, алауда жағу болмағанын, жабдықтарда ауытқулар болмағанын және оқыс жағдайлар тіркелмегенін көрсетті.

2020 жылы ЭМС тіркелген РШШ м.б. мөлшерінің арту жағдайлары

ЭМС №

Бақыланатын компоненттер

2020 ж. тіркелген нақты максималды бір мезгілдік шоғырланулар, мг/м3

РШШ  м.б.,  мг/м3

РШШ м.б.  артуының жиілілігі

Арту саны

ЭМС-018

H2S

0,018

0,008

2,25

1

ЭМС-018

CO

6,2 - 12,0

5,0

1,24 - 2,4

4

Ауа сапасын бақылау туралы барлық 18 автоматты ЭМС-нан алынған деректер Батыс Қазақстан облысының қоршаған ортаны қорғау департаментіне «Экомонитор» порталы арқылы онлайн тәртібінде жіберіледі.