ҚазРусEng

Тұрақты даму

Қызметкерлер және кәсіби дайындық

Компанияның бизнес мақсаттарын табысты жүзеге асыру көбінесе сол компания қызметкерлерінің біліктілігі мен еңбек сапасына байланысты. Қызметкерлеріміз Қарашығанақ кен орнын игеру мен пайдалануда шешуші рөл атқарады.

ӨБТК талаптарына сәйкес, КПО жергілікті қызметкерлердің кәсіби дамуы мен оқудан өтуін қамтамасыз етуге міндетті. Компания қызметкерлерді дамытуда құрушы компаниялардың тәжірибесі мен білімін бөлісу, жергілікті және халықаралық оқу орындарын жұмылдыру арқылы қажетті кәсіптік оқытуды ұйымдастыру сияқты әдістерді қолданады.

2020 жылдың соңында Компанияда КПО қызметкерлерінің жалпы есептік саны, уақытша жобаларда жұмыс істейтіндерді қоса алғанда, 4 368 адамды құрады, оның 4 133 — қазақстандық және 235 — шетелдік қызметкерлер.

КПО қызметкерлер саны, 2018-2020 жж.

Аймақтар бойынша бөлінген КПО қызметкерлері, %