ҚазРусEng

Тұрақты даму

Қызметкерлерді оқыту

Өндірістік қызметтің қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында басты және сонымен бірге күрделі міндеттердің бірі - ең жақсы қазақстандық кадрларды сақтай отырып, компаниядағы қызмет барысында алынған қызметкерлердің кәсіби практикалық дағдылары мен білімдерін сақтау.

Әрбір қызметкерді оқыту мен дамытудағы қажеттіліктеріне сай жеке жоспар дайындалады. Компания қызметкерлерге кәсіби дамудың мамандандырылған бағдарламаларын, соның ішінде ұйым ішінде және одан тыс кәсіби оқытудан өту, және құрушы компанияларда тағылымдамадан өту нұсқаларын ұсынады. Мұндай әдістеме Компания қызметінің нақты саласындағы әрбір қызметкерді үздіксіз бағалау мен оның жеке қажеттіліктеріне сай кәсіби дамыту жоспарын өзгертуді қажет етеді. Сонымен қатар, бұл қызметкерлердің тиімділігі мен біліктілігі тұрғысынан бюджет пен жоспардың орындалуын және оқыту мен кәсіби дамыту бойынша нәтижелерін тиімді қадағалануын қамтамасыз етеді.

2019 жылы аралығында КПО арнайы халықаралық бағдарламалар бойынша, сондай-ақ кәсіби және ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша міндетті оқытулар жүргізді.

2019 ж. Халықаралық біліктілік бағдарламалары бойынша оқытылған КПО қызметкерлер саны

Оқыту бойынша статистика

2019 жылы 686 709 адам-сағат (2018 жылы - 454 471 адам-сағат) оқыту өткізілді, оның ішінде 363 286 адам-сағат (2018 жылы – 286 789 адам-сағат) КПО жұмыскерлеріне берілді. Қалған 323 423 адам-сағат (2018 жылы - 167 682 адам-сағат) мердігер жұмыскерлеріне ЕҚ, ҚТ мен ҚОҚ бойынша міндетті оқытудан өту үшін берілді. 

Жауапты ұйым ретінде КПО қауіпсіздік техникасы бойынша мердігер компаниялары үшін арнайы оқытуды қамтамасыз етеді.

2019 ж. барлығы 28 620 адам оқудан өтті, оның 3 605-сі КПО қызметкерлері, ал 25 015-сі мердігер компания қызметкерлері.  Оқыту түрлері бойынша бір жұмыскерге жұмсалған оқыту сағатының орта саны төмендегі сызбада берілген.

Оқыту түрлері бойынша бір жұмыскерге жұмсалған оқыту сағатының орта саны, 2019 ж.

КПО-дағы қосарлы білім беру

КПО қосарлы білім беру бағдарламасын 2005 жылдан бері қолданып келеді. 2019 жылы да 2018 бастау алған «OPITO мұнай және газ академиясының халықаралық стандарты бойынша өндіріс операторы және жабдықты пайдалану техниктері» кәсіби дамыту бағдарламасы бойынша оқыту өз жалғасын тапты. 2019 жылдың мамыр айында 48 тағылымгер техник-механик және өндіріс операторы мамандықтары бойынша осы бағдарламаның теориялық бөлігін аяқтап, өндіріс және техникалық қызмет көрсету бөлімдеріне практикалық тағылымдамадан өтуге жіберілді. 2019 жылдың соңында 19 тағылымгер Компанияға жұмысқа орналастырылды.

2019 жылы 36 тағылымгер «өндіріс операторы» және «бақылау-өлшеу құралдарының техник-электрші» мамандықтары бойынша осы бағдарлама бойынша оқытуды бастады.

2017-2020 жылдарға арналған Жеделдетілген кәсіби дамыту бағдарламасы

КПО жеделдетілген кәсіби дамыту бағдарламасы кәсіби даму әлеуеті жоғары қызметкерлерден кадрлық резервті құруға және 2017-2020 жылдары аралығында оларды дамытуға бағытталған. Компанияның бизнес-тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында болашақ жетекші лауазымдарға тағайындау үшін бағдарламаны іске асыру барысында қатысушылардың әрқайсысына кәсіби дамудың жеке жоспары дайындалады.

2019 жылы КПО оқыту және дамыту бөлімі осы бағдарлама қатысушыларының жеке кәсіби даму жоспарларын жүзеге асырылуын жалғастырды. Аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру барысында басты назар ресми оқытуға, құрушы компаниялар офистарында тағылымдамадан өтуді ұйымдастыруға, сертификатталған бағдарламалар мен коучинг құралдарына оқытуға берілген.

2019 жылы қызметкерлерді кәсіби дамытудың құралы ретінде басты назар коучингке аударылды. «Коучингтегі халықаралық бағыттар» тақырыбында семинар өткізіліп, ол қатысушылардың көңілінен шықты. Жыл соңында осы бағдарламаға қатысқан қызметкерлердің арасында коучинг құралдарына оқыту көрсеткіші 72%-ға жетті.

2019 жылы осы бағдарлама аясында «Шелл» университетімен өткізілетін көшбасшылық біліктілікті дамыту бағдарламасының екінші тобы оқуын бастады. Бағдарлама өзін-өзі басқару, топты басқару және бизнесті басқарудағы көшбасшылық дағдыларды дамытуды көздейді.

Жүзеге асыру барысында жеделдетілген кәсіби дамыту бағдарламасына қабылдау бойынша барлық ақпарат SAP жүйесіне аударылды, сонымен қатар қатысушылардың тағайындалған коучтарымен және тікелей жетекшісімен өзара әрекеттесуі үшін, сондай-ақ оқыту және дамыту бөлімінің үдерісті басқаруы үшін формулярлар жасалды.