ҚазРусEng

Тұрақты даму

Жоғары оқу орындары түлектерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы

Бағдарламаның негізгі міндеті Қарашығанақ кен орны нысандарын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін қазақстандық жоғары оқу орындарының жергілікті түлектері қатарынан кадр резервін құру болып табылады.

2008 жылдан бастап дуалды білім беру аясында Компания OPITO Мұнай және газ академиясының стандартына негізделген өндіру операторы, техник-механик, техник-электрик және бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика технигі мамандықтары бойынша кәсіби даярлау бағдарламасын іске асыруда.

Іріктеуден кейін үміткерлер теориялық және практикалық білім ала отырып, халықаралық деңгейде оқудан өтеді. Бағдарламаны сәтті аяқтағаннан кейін тағылымдамадан өтушілер Компанияның өндірістік объектілеріне жұмысқа орналасады және өз мансабын бастайды.

Оқыту бағдарламаларының құндылығы блоктық-модульдік форматта іске асырылатын әдіснамада жатыр. Мұндай тәсіл жұмыс орнында өндірістік міндеттерді шеше білуге бағытталған құзыреттер кешенін дамытуға мүмкіндік береді.

Жалпы 2008 жылдан бастап 2020 жылға дейін осы бағдарлама бойынша 492 студент оқудан өтті.

2020 жылы 2019 жылы басталған жабдықтарды пайдалану жөніндегі техниктер мен өндіру жөніндегі операторларды кәсіби даярлау бағдарламалары бойынша оқыту жалғастырылды.

2020 жылдың қыркүйек айында 36 студент өндіру операторы, техник-электрик және бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика технигі мамандықтары бойынша оқудың теориялық бөлігін аяқтап, Компанияның өндіру және техникалық қызмет көрсету бөліміне тәжірибелік тағылымдамаға жіберілді.