ҚазРусEng

Тұрақты даму

Біліктілікті басқару жүйесі GRI 103-2, 103-3

КПО компаниясында біліктілікті басқару жүйесі қызметкерлердің біліктілік деңгейін анықтаудың ең тиімді әдістерінің бірі ретінде қолданылады.

Бұл жүйе қауіпті өндірістік нысандарда жұмыс істейтін техникалық қызметкерлердің біліктілігінің қажетті деңгейіне қол жеткізуге бағытталған және біліктіліктің жеткіліксіз деңгейіне байланысты орын алатын өндірістегі оқиғалар мен жазатайым оқиғаларды барынша азайту және олардың алдын-алу мақсатында енгізілді. Бұл жүйе біліктілікті бағалау нәтижелерінің негізінде қызметкерлерді одан әрі оқыту құралдарын дайындауға мүмкіндік беріп, осылайша қаражаттың мақсатына сәйкес жұмсалуын қамтамасыз етеді.

Біліктілікті басқару жүйесінің саясаты бойынша КПО нысандарында немесе КПО жабдықтарымен жұмыс істейтін, келісімшартының қаупі жоғары немесе орта деңгейдегі әрбір мердігер компания өзінің біліктілікті басқару жүйесін әзірлеуге және өз жұмысы барысында қолдануға тиіс. Мердігер ұйымдардың қызметкерлері жұмыстарды өз жауапкершілігінің деңгейіне сәйкес техникалық сауатты, қауіпсіз орындауға қажетті білімі мен дағдыларын көрсете алуы тиіс. 2019 жылдан бастап КПО осы бағытта жұмыс істей бастады. Негізгі талаптар, енгізудің кезеңдері мердігер компаниялардағы ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша КПО тексерістері кезінде айқындалады және белгіленеді.

КПО-ның біліктілікті басқару жүйесі 2013 жылы OPITO ұйымы аккредитациясынан өтті. КПО жыл сайын OPITO ұйымының сарапшыларының қатысуымен аталмыш жүйенің талаптарға сәйкестігін тексеруге бағытталған аудит өткізеді. 2020 жылдың қараша айында КПО біліктілікті басқару жүйесі аккредитациясының қолданылу мерзімі 2022 жылдың 30 қыркүйегіне дейін ұзартылды. OPITO аккредитациясының шеңбері келесілерді қамтиды:

  • Кәсіби-бағытталған алты мамандық: өндіріс операторы, техник-электрик, бақылау-өлшеу құралдарының технигі, техник-механик, мастер және (өндірістегі) топ жетекшісі.
  • Кен орнындағы алты өндіріс нысаны мен бөлімшесі – ҚӨК, ГКДҚ-3, ГКДҚ-2, Экоорталық, техникалық қызмет көрсету бөлімі және ұңғымаларды пайдалану мен өндіру бөлімі.

2020 жылы техникалық біліктілікке ие 790 қызметкер бастапқы бағалаудан өтіп, біліктілікті растау сертификаттарын алды. Нәтижесінде КПО техникалық қызметкерлердің біліктілігі стандарттарының талаптарына сәйкестік бойынша 87%-дық көрсеткішке қол жеткізді.

Біліктілікті басқару жүйесін кеңейтудің 2020-2022 жылдарға арналған жоспарына сәйкес, 2020 жылдың 4-тоқсанынан бастап Орталық техникалық қызмет көрсету бөлімінің инженерлік құрамына арналған біліктілікті қамтамасыз ету бағдарламасы бастау алды. 180-нен астам инженердің біліктілігін 16 бекітілген стандарт бойынша бағалау жоспарлануда. Бағалау нәтижелері шынайы және анық болуы үшін учаске бастықтары мен секциялардың жетекші инженерлері техникалық сарапшылар рөлін атқаратын болады. Инженерлік құрамның біліктілігін бағалау туралы толық ақпарат тәжірибеден мысал ретінде келесі мәтінде келтірілген.

2020 жылы біліктілікті басқару жүйесі шеңберінде 360 градус әдісімен бағалау жобасы әзірленіп енгізілді. 360 градустық бағалау – бұл қызметкерлерді дамытудың жеке жоспарын анықтау және кері байланыс механизмін қолдану арқылы қызметкер мен менеджер арасындағы жақсы түсіністікті қамтамасыз ету құралы. Осы процесті енгізу үшін SAP жүйесінде барлық қатысушыларға бағалауды онлайн өтуге мүмкіндік беретін модуль әзірленді. Процесті персоналды басқару және бағалау саласындағы ішкі сарапшылар үйлестіреді.

Тәжірибе үлгісі

ТӘЖІРИБЕ ҮЛГІСІ:
КЕН ОРНЫ БӨЛІМІНІҢ ӨНЕРКӘСІПТЕГІ ТОП ЖЕТЕКШІЛЕРІНІҢ ЖӘНЕ ИНЖЕНЕРЛІК ҚҰРАМНЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН БАҒАЛАУ

 

Мәселенің мазмұны / қысқаша сипаттамасы:

Біліктілікті басқару жүйесі шеңберінде КПО техникалық қызметкерлердің қолданыстағы стандарттардың талаптарына сәйкестігіне мерзімді бағалау жүргізеді.

 

2018 жылы құрушы компаниялардың аудиторларының ұсынысы бойынша өнеркәсіптегі топ жетекшілері үшін біліктілік стандарттары әзірленді, сондай-ақ қауіпті өндірістік нысандардағы жұмыстарды қауіпсіз және тиімді орындау мен бақылауды қамтамасыз ету мақсатында бағалау процесі іске қосылды.

 

Біліктілік стандарты келесілерді қамтиды:

  • Жеке және басқарушылық біліктіліктер;
  • Техникалық біліктіліктер;
  • ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы біліктіліктер.

Өткізілген бағалау нәтижелері негізінде қызметкерді оқыту мен дамытудың жеке жоспары әзірленеді.

 

2019 жылы кен орны бөліміне қызмет көрсететін және қауіп деңгейі жоғары және орташа мердігерлік ұйымдарда біліктілікті басқару жүйесін әзірлеу және енгізу басталды. Мердігерлік ұйымдардың қызметкерлері өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлердің едәуір бөлігін құрайды; өз кезегінде, олардың біліктілігі жұмыстардың қауіпсіз орындалуына және өндірістік процестердің үздіксіздігіне айтарлықтай әсер етеді. 2020 жылы үш мердігер ұйымда қызметкерлердің біліктілігі жүйелерінің бар-жоқтығы тексерілді. Тексеріс нәтижелері негізінде қолданыстағы жүйелерді жақсарту, сондай-ақ жаңа жүйелерді әзірлеу және енгізу жөніндегі іс-шаралар әзірленді және келісілді.

 

2020 жылы біліктілікті басқару жүйесін кеңейту бағыттарының бірі орталық техникалық қызмет көрсету бөлімінің инженерлік құрамын бағалау бағдарламасын әзірлеу және енгізу болды. Бағалау бойынша нұсқаулық және 16 біліктілік стандарты әзірленді.

Мақсаты:

  • Қызметкерлердің қауіпті және зиянды жағдайларда жұмыстарды нақты жоспарлауы және қауіпсіз жүргізуі үшін, сондай-ақ қауіпті факторлардың теріс әсер ету қаупін болдырмау немесе азайту үшін мұнай-газ өнеркәсібіндегі инженерлердің біліктілігін қамтамасыз ету.
  • Бекітілген стандартқа сәйкес тиісті біліктілік деңгейіне жетуге қажетті жетілдіру бағыттарын анықтау;
  • Қауіп деңгейі жоғары және орташа мердігерлік ұйымдарда біліктілікті басқару жүйесін енгізу.

Жағдайдың шешімі/ қолданылған әрекеттер:

2020 жыл:

  • Тексерілетін нысандар қатарына Экоорталық қосылып, OPITO аккредитация аясы кеңейтілді. ГКДҚ-3, ҚОҚЖ, ГКДҚ-2 және ұңғымаларды пайдалану және өндіру бөлімінің нысандарында (өнеркәсіпте) топ жетекшілерінің біліктілігін бағалау аяқталды. Нысандардың жетекшілеріне деректерді қамтитын есептер ұсынылды.
  • Қауіп деңгейі жоғары және орташа кен орны бөлімінің үш мердігерлік ұйымында аудиттер өткізіліп, оларға біліктілікті басқару бойынша өздерінің жеке жүйелерін әзірлеу және енгізу бойынша ұсынымдар берілді.

2021-2022 жылдары ҚӨК нысаны, химиялық зертхана, құрылыс бөлімі, құрылыс және бұрғылау бөлімдері топтарының (өнеркәсіптегі) жетекшілерінің, сондай-ақ орталық техникалық қызмет көрсету бөлімі инженерлерінің біліктілігін бағалау жоспарланған. Егер компания талаптарына қайшы келмесе, біліктілікті бағалау кем дегенде 5 жылда бір рет өткізіледі.

Нәтижесі:

  • 2019-2020 жж. – Экоорталық, ГКДҚ-3, ГКДҚ-2, КОҚЖ және ҰП және ӨБ нысандарының (өнеркәсіптегі) топ жетекшілерінің біліктілігін бағалау процесі аяқталды;
  • КПО қатысуымен өткен жиналыстарда он мердігерлік ұйым біліктілікті басқару жүйелерін әзірлеу және енгізу бойынша өз жұмыстарының нәтижелерін ұсынды.
  • Орталық техникалық қызмет көрсету бөлімінің инженерлік құрамының біліктілігін бағалау процесі басталды.

Бұл бағдарлама өндірістегі қызметкерлердің біліктілігінің қажетті деңгейін сақтауға ықпал етеді және келесі жылдары да жалғасын табады.