ҚазРусEng

Тұрақты даму

Еңбек қатынастары

Ұжымдық келіссөздер жүргізудің Компаниядағы маңызы зор. КПО өз қызметкерлерінің кәсіподақ қозғалысын ұйымдастыру және ұжымдық шарт бойынша келіссөздерге қатысу құқығын құрметтейді. Компанияда қызметкерлер мүдделерін үш кәсіподақ қорғайды:

  • «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымы» ҚБ;
  • «КПО Б.В. және мердігер компаниялар қызметкерлерінің жергілікті Қарашығанақ кәсіптік одағы» ҚБ;
  • «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.», «TRUST» және мердігер ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымы» ҚБ.

2019 жылы кәсіподақтар әлеуметтік және еңбек қарым-қатынасының әртүрлі аспектілері бойынша Ұжымдық шарттың жобаларын әзірлейді және Компаниямен келіссөздер жүргізеді. 2019-2021 жылдарға қол қойылған Ұжымдық шарт өз күшінде болды. Ұжымдық шарт ережелері кәсіподақ құрамындағы мүшелігіне қарамастан, КПО ұжымына қабылданған барлық қызметкерлерге қатысты.

КПО-да кері байланыстың бірнеше механизмі бар: еңбек ресурстары басқармасына тікелей немесе кәсіподақ арқылы және «Жедел желі» арқылы хабарласу. 2019 жылы Еңбек ресурстары басқармасына 35 шағым мен өтініш келіп түсті. Келіп түскен шағымдарда еңбек тәртібінің бұзылуы, жұмысқа орналасу, даулы мәселелерді шешу, қызметтік өкілеттікті асыра қолдану, мердігер қызметкеріне қатысты заңсыз әрекет мәселелері қозғалды. Шағымдардың барлығы сәйкесінше қарастырылып, лайықты шешім қабылданған болатын.

Ұжымдық шарт ережелеріне сәйкес, қызметкерлер жағдайларының нашарлауына әкелетін кейінгі қызметкерлерді қысқарту немесе еңбекақы төлеу жүйесіндегі немесе мөлшеріндегі өзгерістермен бірге Компанияны тарату (жою) жағдайында, КПО кәсіптік одақтарды кемінде 2 ай (8 апта) бұрын хабардар етуге міндетті.

Ұжымдық шарт және 2017 жылғы Еңбек кодексі аясында әрекет ететін еңбек қатынастарын ерікті түрде бұзу бағдарламасына сәйкес 2019 ж. Компанияның 42 қызметкері еңбек қатынастарын ерікті түрде бұзу туралы өтініш білдірді (2018 ж. – 24 қызметкер, 2017 ж. – 45 қызметкер).

Өндірістік қатынастар

КПО компаниясы «Қызметкерлерге қамқорлық» бағдарламасын жүзеге асыруда. Бағдарлама бойынша мердігер және қосалқы мердігер ұйымдар қызметкерлері үшін қолайлы жұмыс жағдайларын қамтамасыз ету және қолдау қарастырылған.

Басты назар салауатты жұмыс ортасын, Тәртіп кодексі талаптары мен жалпыға ортақ нормалар мен тәртіп стандарттарын сақтауға, сонымен қатар КПО мердігер және қосалқы мердігер ұйымдар еңбек ұжымдарында наразылық және әлеуметтік шиеленіс ошақтарының пайда болуына әкелуі мүмкін себептер мен жағдайлардың алдын алуға аударылады.

2019 жылдың шілде айында КПО еңбек ресурстары бөлімінде жаңа өндірістік қатынастар бөлімі ашылды. Оның қызметі келесі шараларды іске асыруға бағытталған:

  • Мердігер және қосалқы мердігер ұйымдары еңбек ұжымдарындағы жағдайды тұрақты қадағалау және талдау;
  • Мердігер және қосалқы мердігер ұйымдардың еңбек ұжымдары басшылығы мен өкілдерімен, еңбек заңнамасы талаптарының сақталуы мен жұмыс үдерісінің ұйымдастырылуына жауапты лауазымды тұлғалармен және жұмыскерлердің алқалық одақтарымен (кәсіподақтар, жұмыс комитеттері, өндірістік кеңестер) ақпараттық-практикалық өзара әрекеттесу.

2019 жылы әзірленген құжаттарға, яғни Өндірістік қатынастар саясатына және ҚР Энергетика министрлігімен мақұлданған «КПО мердігер ұйымдарындағы әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге және наразылық науқандарын ескертуге бағытталған іс-шаралардың кешенді жоспарына» сәйкес КПО келесі міндеттерді жүзеге асыруға мақсат қойды:

  • КПО жауапкершілігі аймағындағы қақтығыстық жағдайлардың пайда болуы және әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси ахуалдың ушығуының/шиеленісуінің қауіп-қатерлерін барынша азайту;
  • Еңбек ұжымдарындағы моральдық және психологиялық ахуалдың нашарлануы салдарынан пайда болатын әлеуметтік шиеленіс ошақтарының туындау себептері мен шарттарын уақытылы анықтау және жою;
  • мердігер/қосалқы мердігер ұйымдардың ағымдағы өндірістік-шаруашылық қызметін еңбек заңнамасының және КПО компаниясының өндірістік қатынастар саласындағы ішкі саясаттардың/процедуралардың талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету.

Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін Компанияда 2019 жылы ҚМГКК аумағындағы жұмыскерлер саны ең көп мердігер/қосалқы мердігер ұйымдар өкілдері шаруашылық-өндірістік қызметін іске асыратын өндірістік аймақтарға/алаңдарға жүйелі түрде сапарлар ұйымдастыру бойынша жұмыстар басталды. Осы шаралар барысында жұмыс алаңдарын, қызметкерлерді тасымалдау үшін жиналу орындарын, демалу мен тамақтану, ықшамды тұрғын орындарын (болған жағдайда) және алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орындарын аралау мен қарап тексеру жүргізіледі.

Сондай-ақ қызметкерлер арасында еңбек ақысы мен басқа да төлемдердің толықтығы мен уақытылы төленуі, тамақтану сапасы мен тамақ түріне қанағаттанушылық, тұрғылықты орын жағдайлары, арнайы киіммен қамтамасыз етілуі туралы ішінара сауалнама жүргізіліп тұрады.

Келіп түскен мәліметтер негізінде КПО төрт келісімшарт иелеріне және тоғыз ірі мердігер ұйымдардың басшылығына жұмысшыларға арналған лайықты әлеуметтік-тұрмыстық жағдаймен және тиісті санитарлық-гигиеналық талаптармен қамтамасыз етуде анықталған сәйкессіздіктер бойынша ұсыныстар жасалды.

Осылайша, өндірістік қатынастар бөлімімен 2019 ж. орындалған жұмыс КПО жауапкершілігі аймағында тұрақты әлеуметтік жағдайдың құрылуына және мердігер/қосалқы мердігер ұйымдары еңбек ұжымдарында әлеуметтік наразылықтың алдын алуға өз үлесін қосты.