ҚазРусEng

Тұрақты даму

КПО шәкіртақылық бағдарламалары және университеттермен серіктестік

Қызметкерлер Компания үшін ең маңызды құндылық болып табылады. КПО өз қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және жас кадрларды жұмысқа тарту мақсатында университеттермен өзара әрекеттесу жұмыстарын жалғастыруда.

Шәкіртақылық бағдарламалар <sup>GRI 404-2</sup>

Қазақстандық қызметкерлер мен олардың балаларына арналған КПО-ның шәкіртақылық бағдарламалары қызметкерлер мен олардың балаларының біліктілігін арттыруға және олардың қосымша кәсіптік білім алуына елеулі ынталандырудың бірі болып табылады.

2020 жылы жоғарыда аталған бағдарлама аясында жалпы сомасы 15 950 млн теңге (37 639 мың АҚШ долларына баламалы) қаражат бөлінді. КПО-ның тоғыз қызметкері мен қызметкерлердің 20 баласы шәкіртақыға ие болды.

КПО-ның шәкіртақылық бағдарламасына қатысу қарқыны, 2010-2020 жж.

КПО-ның Қазақстандық ЖОО-мен серіктестігі <sup>GRI 102-44</sup>

КПО жас мамандарды тарту мақсатында қазақстандық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты жалғастыруда. Компания бұл ынтымақтастықты жас мамандарды даярлау мен еңбекке бейімдеуге ықпал ететін өзара қолайлы қызмет ретінде қарастырады. КПО компаниясында ЖОО-мен өзара іс-әрекет жасау тиісті шарттар негізінде студенттік тәжірибе бағдарламасы шеңберінде жүргізіледі.

2020 жылы 18 мамандық бойынша 14 оқу орнынан 106 студент Компанияның әртүрлі бөлімдерінде өндірістік және диплом алды тәжірибесін өткізді. Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2020 жылдың наурыз айынан бастап КПО студенттерді тәжірибеден өтуге қабылдауды тоқтатты. 2013-2020 жылдар аралығында студенттік тәжірибеден өткен студенттер арасынан 172 адам Компанияға жұмысқа орналасқан.

2016-2020 жж. аралығында КПО-да студенттік тәжірибеден өткен студенттер саны