ҚазРусEng

Тұрақты даму

Жергілікті қызметкерлерді дамыту

КПО компаниясында қызметкерлерді дамыту үздіксіз процесс болып табылады. Кәсіби біліктілік деңгейі оқыту мен біліктілікті арттырудың қолданыстағы жүйесі арқылы сақталады және дамиды.

2020 жылы КПО өкілетті органымен бірлесіп 2020-2025 жылдарға арналған кадрлардағы жергілікті қамтуды ұлғайту жөніндегі бағдарламаны бекітті.

Осылайша, 2020 жылы шетел мамандары иемденген 23 лауазымға жергілікті қызметкерлер тағайындалып, 54 лауазым қысқартылды. 2020 жылдың желтоқсан айына қарай Компания ұжымының 94%-ын жергілікті қызметкерлер құрады. Жалпы, 1999-2020 жж. аралығында 233 астам шетелдік қызметкерлер жергілікті мамандармен алмастырылған, ал шетел қызметкерлері иемденген 239 лауазым қысқартылған. Санат бойынша көрсеткіштер төмендегі кестеде ұсынылған.

Қызметкерлердің санаттары бойынша КПО кадрларындағы жергілікті қамтуды ұлғайту көрсеткіштері

Санаты

Түсіндірмесі

ҚР заңнамалық талабы

Кадрлардағы жергілікті қамту көрсеткіші

2020 ж.

2019 ж.

2018 ж.

1+2

Бірінші жетекшілер және олардың орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелер жетекшілері

70% кем емес

83%

79%

77%

3+4

Мамандар / білікті қызметкерлер

90% кем емес

97%

96%

95%

Сонымен қатар, кадрлардағы жергілікті үлесті ұлғайтудың осы бағдарламасының мақсаттарына сәйкес КПО Батыс Қазақстан облысында тіркелген мердігерлік ұйымдардағы жергілікті қамтудың статистикасына қосымша мониторинг жүргізеді. 2020 жылы 43 компания тоқсандық, жартыжылдық және жыл сайынғы негізде кадрлардағы жергілікті қамту туралы мәліметтер ұсынды. Осы ұйымдардағы жергілікті қамту көрсеткіштері «бірінші басшылар және олардың орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелердің басшылары» санатында 79%-ды және «мамандар/білікті қызметкерлер» санатында 94%-ды құрады.