ҚазРусEng

Тұрақты даму

Әлеуметтік инфрақұрылымды қолдау

КПО компаниясы өнімді бөлісудің түпкілікті келісімінің (ӨБТК) 5-қосымшасына сәйкес жыл сайын Батыс Қазақстан облысы аймағында әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырып келеді.

Басқару бойынша бірлескен комитеттің шешіміне сәйкес 2010 жылдан бастап КПО Батыс Қазақстан облысындағы әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға жылына 20 млн АҚШ долларын бөліп келеді. 2018-2022 жылдары БҚО-да әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға 50 миллион АҚШ доллары көлемінде қосымша қаражат бөлу туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, 2010 жылдан бері жиналып жұмсалмаған қаражат есебінен 2019-2021 жылдарға арналған жалпы сомасы 9,6 млн АҚШ долларын құрайтын әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың қосымша тізбесі бекітілді.

Жоспарланған әлеуметтік жобалардың тізімі жыл сайын КПО және БҚО әкімдігімен облыстың әлеуметтік дамуының қажеттіліктеріне орай келісіледі. БҚО әкімдігі бұл тізімді мемлекеттік басымдықтарға сәйкес және Орал қаласының инфрақұрылымын, білім беру мен денсаулық сақтау жүйелерін, сонымен қатар өңірдегі дене шынықтыру мен спорт салаларын дамыту қажеттіліктері негізінде дайындайды.

Компания бұл жобалардың жобалау мен сатып алу кезеңі, құрылыстың толық аяқталуы және кейінгі Батыс Қазақстан облысы меншігіне өткізілуіне дейінгі барлық үдеріс үшін толықтай жауапты. КПО әлеуметтік жобаларының барлығы жергілікті мердігерлермен орындалады. Жобалар жыл аяғына дейін толық орындалмаған жағдайда, игерілмеген қаржы келесі күнтізбелік жылға көшіріледі.

2020 жылы КПО облыс аумағында 21 әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаның, соның ішінде жаңа ірі ұзақ мерзімді жобалардың іске асырылуын бастап, жалпы құны 10 миллиалрд теңгеден (27 миллион АҚШ долларына тең) асатын алты әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаны аяқтады.

2020 жылы орындалған жобалардың тізбесі төмендегі кестеде көрсетілген.

Саласы

Жабаның атауы

Жолдарды жөндеу және салу

Орал қаласындағы Ә.Молдағұлова атындағы көше жолын И.Тайманов атындағы көшеден Куличев атындағы көшеге дейін күрделі жөндеу

Азаматтық құрылыс

Орал қ. «№ 7 Қалалық емханасы» ғимаратын күрделі жөндеу

Орал қ. Мұнай базасы ауданындағы темір жол үсті өтпежолды және кірме жол жабынын қайта құру

Орал қаласында мектеп салу (450 оқушыға)

БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылында 160 көрермен орны бар дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы

БҚО, Бөкей Орда ауданы, Сайхын ауылында 160 көрермен орны бар дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы