ҚазРусEng

Тұрақты даму

Батыс Қазақстан облысын электр қуатымен қамтамасыз ету

Қарашығанақ кен орнының негізгі өндірістік қажеттіліктерін қамтамасыз етумен қатар КПО электр қуатын өндіріп, оны Батыс Қазақстан аймағына жеткізеді. Бұл Ақсай қаласы мен оның маңындағы ауылдарға КПО газ турбиналық электр станциясында өндірілетін 20 МВт-тан кем емес электр қуатын сатуды көздейтін Қарашығанақ кен орны өнімін бөлісу туралы түпкілікті келісім ережелеріне сәйкес (I бөлім. 1.1 — тарау) жүзеге асырылады. Бұл міндеттемені орындау қағидасы Басқару жөніндегі бірлескен комитеттің 2005 жылғы наурыз айындағы қаулысында бекітілген.

КПО-ның газ турбиналы электр станциясында төрт генератор іске қосылған: олардың үшеуі қос отынмен (газ-дизель), ал біреуі тек газбен жұмыс істейді.

КПО ГТЭС-да өндірілген электр қуатын кен орнында орналасқан ішкі нысандарға, соның ішінде ҚӨК, ГКДҚ-2, ГКДҚ-3, жинақтау жүйесіне, Эко орталыққа және Пилот қалашығына, Үлкен Шаған сорғы станциясына және 1-26 ілмекті арматура торапта-рына жібереді. Сонымен қатар, электр энергиясы екі жеткізуші ұйымдарға жіберіледі: «Ақсайэнерго» ЖШС және «Батыс Энергоресурстары» ЖШС. Бұл ұйымдар, өз кезегінде, электр қуатымен БҚО тұтынушыларын қамтамасыз етеді.

2019 жылы КПО аймақтық желіге 36-43 Мвт аралығында электр қуатын жеткізді. 2019 жылы БҚО-на жалпы 330,26 млн КВт-сағ электр қуаты берілді. 2017-2019 жылдар аралығындағы КПО-ның отын газымен және электр қуатымен қамтамасыз ету көлемі төмендегі кестеде берілген.

КПО-ның отын газымен және электр қуатымен қамтамасыз ету көлемі, 2017-2019 жж.

Сипаттамасы

2017

2018

2019

БҚО аймағына жеткізілген электр қуаты, млн ГВт-сағ, соның ішінде:

307,64

305,06

330,26

  • «Ақсайэнерго» ЖШС үшін

35,04

29,90

26,28

  • «Батыс Энергоресурстары» ЖШС үшін

272,60

275,16

303,98

Батыс Қазақстан облысы үшін электр энергиясын өндіруге отын газын пайдалану, млн м3, соның ішінде:

102,63

101,82

112,06

  • Батыс Қазақстан облысына электр энергиясын өндіруге өз отын газын сату

97,72

94,91

88,98

  • Батыс Қазақстан облысына электр энергиясын өндіру үшін үшінші тарап жеткізушісінен сатып алу

4,91

6,91

23,08

2019 ж. БҚО үшін электр қуатын тұтыну көлемі артып, 330,26 млн кВт-сағ жетті, бұл 2018 жылға қарағанда 8%-ға (25,2 млн кВт-сағ) артық. Бұл қысқа мерзімде турбиналар мен генераторлардың жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу есебінен, сондай-ақ № 3 ГТГ күрделі жөндеуден өткізуді толыққанды жоспарлы жөндеу жұмыстары кезеңіне көшіру нәтижесінде қол жеткізілді. Бұл электр қуатын облысқа төмендетпей, көктем мезгілінде электр қуатын барлық төрт генератордың көмегімен өндіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Егер 2019 жылы «Аксайэнерго» ЖШС үшін электр қуатын өндіру көлемі 3 МВт есебінен 26,28 млн кВт-сағ құраса, ал «Батыс Энергоресурстары» ЖШС үшін электр қуатын өндіру жоғарыда көрсетілгендей 25,2 млн кВт-сағ өсті.

2019 жылы электр қуаты, негізінен, ҚӨК-де өндірілетін газды пайдалану арқылы өндірілді. Өңір қажеттілігі үшін электр қуатын өндіруге үшінші тарап жеткізушісінен газды сатып алу үлесі ГТЭС тұтынатын барлық газдың шамамен 20,5%-ын құрады, және бұл негізінен КПО-ның меншікті газы өндірілмеген кезде, яғни жоспарлы жөндеу жұмыстары кезінде жүзеге асырылды.

Өткен жылы КПО компаниясында сыртқы қуат желілерінің әсерінен немесе турбинамен байланысты өндірістік шығындар болған жоқ.