ҚазРусEng

Тұрақты даму

Электр қуатын өндіру

КПО Қарашығанақ кен орнының өндірістік қажеттіліктеріне электр қуатын өзінің газтурбиналы электр станциясы арқылы (бұдан әрі — ГТЭС) өндіреді. Бұл электр энергиясының көлемі Компания нысандарына: ҚӨК, ГКДҚ-2, ГКДҚ-3, өнімді жинақтау жүйесі, Экоорталық, Пилот қалашығы, Қарашығанақ-Атырау тасымалдау жүйесі, оның ішінде Үлкен Шаған мұнай айдау станциясы мен СЗА 1-26 желілік тораптарына жіберіледі.

КПО газтурбиналық электр станциясында (ГТЭС) төрт турбина орнатылған және жұмыс істеуде. Олардың үшеуі – қосотынды. Сонымен қатар, КПО БҚО тұрғындарына қажетті электр қуатын өндіріп және қысқы кезеңде 42 МВт-қа дейін, ал жаз уақытында 27-ден 42 МВт-қа дейін жеткізіп келеді.

2020 жылы ГТЭС нысанында №2 және №4 генераторларында шағын тексеріс жүргізілді және турбинаның жану камералары тексеріліп, жөндеуден өтті. №4 генератордың жоспарланбаған жөндеуі 2020 жылдың қазан айынан бастап 2021 жылдың мамыр айына дейін жоспарланған тексеру кезінде анықталған ақаулыққа байланысты болды және статор орамаларының толық оралуына әкелді. Жұмыстың ұзақтығы COVID-19 пандемиясының жұмыс барысы мен бөлшектерді жеткізудегі кідірістерге әсер етуіне байланысты өсті.

Электр қуатын Батыс Қазақстан облысына жеткізу

Өнімді бөлісу туралы түпкілікті келісім аясында (I бап, 1.1 бөлім), КПО компаниясы электр қуатын өндіріп, Батыс Қазақстан облысына жеткізеді. 

Компания электрмен жабдықтауды «Ақсайэнерго» ЖШС мен «Батыс Энергоресурсы» ЖШС-не ал олар өз кезегінде Батыс Қазақстан облысының соңғы тұтынушыларына жеткізеді.

2020 жыл ішінде КПО аймақтық жүйеге 26-дан 41 МВт-қа дейін электр қуатын жеткізді, ал БҚО үшін электрмен жабдықтаудың жалпы
көлемі ~ 297 млн кВт/сағ немесе 39%-ды құрады. ГТГ-4 генераторын жоспардан тыс жөндеуге байланысты 2019 жылмен салыстырғанда электрмен жабдықтау 10%-ға төмендеді. 2015-2017 жж. кезеңінде электр қуатын және отын газын жеткізу әрекеті төмендегі кестеде берілген.

2018-2020 жж. КПО электр энергиясын және отын газын жеткізу

Түсіндірмесі

Өлшем бірлігі

2020 ж.

2019 ж.

2018 ж.

БҚО-на жеткізілген электр энергиясы, соның ішінде

млн кВт/сағ

296,93

330,26

305,06

  • «Аксайэнерго» ЖШС-не

млн м3

26,35

26,28

29,90

  • «Батыс Энергоресуртары» ЖШС-не

млн м3

270,58

303,98

275,16

БҚО үшін электр энергиясын өндіру үшін отынды газды пайдалану, оның ішінде:

млн м3

99,35

112,06

101,82

  • БҚО үшін электр энергиясын өндіруге арналған КПО-ның жеке газ сатылымы

млн м3

89,95

88,98

94,91

  • БҚО үшін электр энергиясын өндіру үшін бөгде жеткізушіден жеткізілген газ көлемі 

млн м3

9,40

23,08

6,91

2020 жылы электр энергиясы негізінен ішкі газ есебінен өндірілді. Өңірдің қажеттілігі үшін электр энергиясын өндіруге арналған үшінші тарап жеткізушісінен газ сатып алу ГТЭС-дағы жалпы тұтынудың шамамен 10,4%-ды құрады және бұл негізінен ҚӨК 5-339 учаскесіндегі отын газын өндіру қондырғысы 2020 жылдың ақпан және наурыз айларында тұрақсыз жұмыс істеген кезеңде орын алды.

Есеп беру жылы Компания өндіріс бойынша бөгде электр желілерінің әсерінен туындайтын жоғалтуларға тап болған жоқ.