ҚазРусEng

Тұрақты даму

Қоғамдық тыңдаулар

КПО компаниясы табиғатты қорғау іс-шаралар жобаларын, сондай-ақ тұрғындарға қандай да бір ықпал етуі мүмкін құрылыс жобаларын үнемі қоғамдық талқылауға және мақұлдауға ұсынады. Жаңа жобаларды жоспарлау және олардың құрылысы кезінде қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын пайдалану мәселелері бойынша жұртшылылықтың пікірін білу КПО үшін маңызды. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың жариялылығы мен халықтың шешім қабылдауға қатысуы қоғамдық тыңдауларды өткізу арқылы қамтамасыз етіледі. Қоғамдық тыңдаулар кезінде КПО барлық мүдделі азаматтар мен қоғамдық бірлестіктерге өз пікірлерін білдіруге мүмкіндік береді. Халық ұсыныстары мен ескертулері Компаниямен ескеріліп, жобалық құжаттаманы одан әрі сапалы әзірлеуге ықпал етеді.

2021 жылы Бөрлі ауданы әкімдігінің қолдауымен КПО компаниясы әртүрлі нысандардың құрылыс жобасы бойынша сауалнама жүргізу үлгісінде төрт қоғамдық тыңдау өткізді. Қоғамдық тыңдаулар барысында көтерілген мәселелер қатарына кәсіптік және технологиялық құбыржолдар, ұңғымалар құрылысы, сондай-ақ топырақты қалпына келтіру жатты.

Қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы ақпарат жергілікті тұрғындарға облыстық және аудандық газеттерде, сондай-ақ Компания вебсайтында жариялау арқылы жеткізіледі. 2020 және 2021 жылдардағы коронавирустық инфекция пандемиясына байланысты қоғамдық тыңдаулар сауалнама жүргізу үлгісінде өткізілді. КПО мен жергілікті атқарушы билік органдары халықтан кері байланысты КПО вебсайтында тұрғындар үшін дайындалған құжаттар пакетінде бірге берілген сауалнама парақтарын алу арқылы жүргізуге келісті.

Қоғамдық тыңдауларға жергілікті атқарушы органдардың, мүдделі басқарушы органдардың, БАҚ, КПО компаниясының және оның мердігерлік жобалау ұйымдарының өкілдері қатысады. Тыңдау барысында қатысушылар КПО жоспарлаған жобалар, қоршаған ортаны қорғау іс-шаралары туралы ақпарат алып, өз сұрақтарын қоя алады. Жұртшылықтың көбіне қойылатын сұрақтары жобаларды жүзеге асыру мерзімдері, шығарындылар көлемі және оларды азайту шаралары, қалдықтарды жою әдістері, және жұмыстар аяқталған соң топырақты қайта қалпына келтіру мәселелерімен байланысты. КПО және жобалау ұйымдарының өкілдері барлық қойылған сұрақтар бойынша толық ақпарат береді.