ҚазРусEng

Тұрақты даму

Көшірілген тұрғындар мониторингі

КПО 2017 жылдың аяғында Березов және Бестау ауылдарынан Ақсай қаласына көшіп келген тұрғындардың мекендеу мониторингін жалғасытырп келеді. Көшірілген отбаслыр үшін Аралтал шағын ауданында 100 үй және Ақсай қаласында екі 9 қабатты көп пәтерлі үй салынды. Тұрғындарды көшіру халықаралық озық тәжірибелерге сәйкес, жергілікті тұрғындардың ауқымды қатысуымен өтті. Сонымен қатар, тұрғындарға шағымдар мен өтініштер процедурасының қызметі жанжақты түсіндірілді. 2015-2018 жылдар аралығында жалпы 465 отбасы көшірілді.

Мониторинг тұрғындардан жаңа қонысқа бейімделу кезінде кері байланыс алуға және үй салушылардың кепілдікті міндеттемелерін бақылау кезінде тиісті қолдауды көрсетуге мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған процедураға сәйкес көшірілген тұрғындар мониторингі аясында 2019 жылы 218 өтініш тіркелді, олардың барлығы шешілді. (сызба төменде көрсетілген). Олар негізінен көшкеннен кейін жаңа үйлерден табылған кішігірім құрылыс ақауларын жоюға қатысты болды. КПО барлық шағымдарды кепілдікті қызмет көрсету бойынша жауапты мердігер құрылыс компанияларына жолдады. Ақауларды жою жұмыстарына Аралталда төбе жабыны мен септик ыдыстарын жөндеу және 10 шағын ауданындағы екі 9-қабатты үй алдында балалар ойын алаңы мен жылу санауыш құрылғыларын орнату кірді.

Көшіруден кейін үйреншікті тіршілік мүмкіндіктерін қалпына келтіру программасы аясында, Аралтал тұрғындары КПО-дан бақшаларын қосымша қара топырақпен қамтамасыз етуді сұрады. 2019 жылы КПО тұрғындардың шаруашылықтарын қайта қалпына келтіру және өз аулаларында көкөністерді өсіру үшін Аралталға 375 жүк көлік қара топырақ жеткізді.

КПО-ның мониторинг процесіне сәйкес Ақсай қаласы және Аралталға көшірілген әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған топтар мүшелері басты назарда. КПО-ның тұрғындармен қарым-қатынас жөніндегі маманы кәрі жастағы жалғыз басты тұрғындарға көмек көрсету және әлеуметтік қызметкер жұмысына байланысты мәселелерді шешуге қолдау көрсету немесе құрылыс ақаулары мәселелерін шешу мақсатында барып тұрады. Мысалы, КПО қызметкерлері 2017 жылы Березов ауылынан көшіріліп, Ақсайдағы көпқабатты үйде тұратын жалғыз басты кәрі жастағы бір әйелге Орталық аудандық ауруханасында медициналық тексеруден өтуге және тіркелуге көмектесті. Сондай-ақ КПО көмегімен оған тұрақты түрде келіп тұратын арнайы медбике тағайындалды.

2019 жылы жергілікті тұрғындардан келіп түскен шағымдар мен өтініштер

«Қарашығанақ мұнай, газ және конденсат кен орны айналасындағы елді мекендердегі газ иісіне қатысты шағымдарды басқару процедурасына» сәйкес Компания жыл бойы жергілікті тұрғындардан келіп түскен барлық шағымдарды уақытылы қарастыруды қамтамасыз етті. Олардың себептері мұқият талданып, КПО-ның тұрғындармен қарым-қатынас жөніндегі бөлімі арқылы оларға уақытылы жауап беріліп отырды.

2019 жылы Қарашығанақ кен орны айналасындағы елді мекендердегі газ иісіне байланысты жалпы 17 шағым тіркелді. КПО-ның тұрғындармен қарым-қатынас жөніндегі маманы шағым түсірген әр тұлғамен кезекті жиналыс өткізіп, онда шағымдарды тексеру және қоршаған орта мониторингі егжей-тегжейлі мәліметтері бойынша орындалған нақты іс-шаралар туралы ақпарат берді. Газдың иісіне қатысты алаңдаушылық білдірген тұрғындар өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасына сәйкес КПО мониторинг жүйесі туралы хабардар етілді.

Қарашығанақ кен орны аумағында, және кен орны айналасы санитарлық қорғау аймағы шекарасында 18 экологиялық мониторинг стансасы (ЭМС) жұмыс істейді, сондай-ақ екі мобильді ЭМС бар. КПО атмосфералық ауаны экологиялық мониторинг жүйесі бойынша толық ақпарат осы есептің «Қоршаған орта мониторингі» тарауында берілген.