ҚазРусEng

Тұрақты даму

Тәжірибелер үлгісі

Бұл бөлімде біз көшірілген тұрғындармен өзара қарым-қатынас тәжірибесінен бірнеше үлгілерді келтірдік.

Тәжірибе үлгісі №1

ТӘЖІРИБЕ ҮЛГІСІ №1:
ДУШЕКЕНОВТАР ОТБАСЫ МЫСАЛЫНДА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАЛАЛЫҚ ЖАҒДАЙДА ОРНАЛАСТЫРУ

Мәселенің мазмұны / қысқаша сипаттамасы:

Қарашығанақ кен орны жаңа санитарлық қорғау аймағы шекарасында орналасқан Березов және Бестау ауылдары тұрғындарын көшіру 2015 және 2017 жылдары бірнеше кезеңмен жүргізілді. Жалпы, Ақсай қаласы мен жаңа Аралтал шағын ауданына 460 отбасы көшірілген болатын. Төменде көшірілген отбасының жаңа жерге орналасу мен күнделікті тұрмыс жағдайына қайта оралудың мысалы келтірілген.

Нәтижесі:

Зейнеткер Иманмалик Душекеновтың отбасы Березов ауылынан Ақсайға ересек ұлымен және оның отбасымен көшірудің бірінші кезеңінде, 2015 жылдың аяғында келген еді. Березов ауылдық мектебінде қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі қызметін атқарған оның қызы Гүлсін көшірудің екінші кезеңінде, 2017 жылдың аяғында көшті. Гүлсін жаңа үйдің иесі атанып, Аралтал ауылдық мектебіне қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі ретінде жұмысқа алынды.

 

Өтемақы беру шарттарына сәйкес ата-анасы ересек үйленген ұлымен немесе күйеуге шыққан қызымен бірге тұрып жатқан отбасылар жеке баспана алуға құқылы болды. Осы шартқа сәйкес Иманмалик Душекеновтың ересек балалары Аралталда жеке баспанаға ие болды.

 

Иманмалик Душекеновтың ұлының үш баласы бар. Оның үлкен ұлы жұмыс жасайтын шақта, ал кішісі Аралтал ауылдық мектебінің 6 сынып оқушысы, қызы Айжан медициналық факультет түлегі. Айжан медициналық колледжді КПО стипендиялық бағдарламасы бойынша оқып шықты. Оқуы аяқталған соң Компания Айжанның аудандық емханаға жұмысқа ораналасуына жәрдемдесті. Қазіргі таңда Айжан Орынбор мемлекеттік медициналық университетінің үшінші курсында оқып, білімін жалғастыруда. Айжанның айтуынша КПО компаниясы оның жолын ашты. Басқа студенттермен салыстырғанда, оқу барысында, ол көбірек стипендия алатын еді.

 

КПО қызметкерлерімен кездесу барысында Иманмалик Душекенов Компанияға, оның отбасына көрсеткен көмегі, немересінің оқуына жәрдемі мен Аралталдағы жаңа қоныстары үшін шексіз алғысын білдірді.

Тәжірибе үлгісі №2

ТӘЖІРИБЕ ҮЛГІСІ 2:
КПО-НЫҢ ҮЙЛЕР АУЛАСЫНДА ТЕРЕКТЕР ЕГУ БАСТАМАСЫ

Мәселенің мазмұны / қысқаша сипаттамасы:

Қарашығанақ кен орнына іргелес аумақтардың қоршаған ортасы мен экожүйесін қорғау КПО үшін маңызды мәселелердің бірі. Компания өз өндірістік қызметінде қоршаған ортаға кері әсерді барынша азайтуға бағытталған жоғары стандарттарды ұстанады.

 

Бұрынғы Березов пен Бестау ауылдарынан тұрғындарды көшіру жобасын қадағалау шеңберінде КПО аталмыш тұрғындар үшін Бөрлі ауданы Ақсай қаласында салынған үйлер аулаларына терек отырғызуды шешті.

Жағдайдың шешімі / қолданылған әрекеттер:

2020 жылдың қазан айында КПО-ның халықпен жұмыс бөлімінің өкілдері Батыс Қазақстан облысындағы бірнеше тәлімбақ пен орман шаруашылығына барды. Сапар мақсаты түрлі жапырақты және жеміс ағаштарын өсіру және күту жөніндегі олардың қызметтерімен танысу, сондай-ақ көшірілген тұрғындарға салынған үй аумағында отырғызу үшін көшеттерді таңдау болды.

Нәтижесі:

Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімінің қолдауымен 2020 жылдың 20 қазанында КПО қызметкерлері Бөрлі ауданы орман шаруашылығынан 150 шетен, бәйтерек және қара үйеңкі көшеттерін алып, 10-шағын аудандағы №24 және №25 үй ауласына отырғызды. Көшеттер «Ақ-Қайын-2» ПИК тапсырылды. Сондай-ақ ПИК жұмысшылары өздері Дружба народов көшесі, №4/6 үйлері аулаларына терек отырғызды. Аталмыш үйлерге көшірудің І және ІІ кезеңдері аясында Березов пен Бестау ауылдарының тұрғындары көшірілген болатын.

 

КПО халықпен жұмыс бөлімінің, Ақсай қаласы әкімінің және пәтер иелері кооперативінің бірлесіп жасаған еңбектері ақталды, тұрғындар үй аулаларын абаттандыру жұмыстарын жоғары бағалады. Отырғызылған теректерге күтім жасау әр тұрғынның қоршаған ортаны қорғауға және экожүйені сақтауға қосқан жеке үлесі болмақ.

Тәжірибе үлгісі №3

ТӘЖІРИБЕ ҮЛГІСІ 3:
БЕРЕЗОВ АУЫЛЫНАН АРАЛТАЛ ШАҒЫН АУДАНЫНА ЕСКЕРТКІШТІ КӨШІРУ

Мәселенің мазмұны / қысқаша сипаттамасы:

Березов ауылының тұрғындарын көшіргеннен кейінгі мониторинг шеңберінде Компанияға жергілікті тұрғындардан Березов ауылынан Бөрлі ауданы Ақсай қаласына Ұлы Отан соғысы жауынгеріне арналған ескерткішті көшіруге қолдау көрсету туралы өтініш түсті.

Мақсаты:

Березов ауылынан көшірілген тұрғындар мен болашақ ұрпақтың тарихи ескерткішін сақтап қалу

Жағдайдың шешімі / қолданылған әрекеттер:

КПО ескерткішті толығымен қалпына келтіру және оны жаңа орынға көшіру үшін қаражат бөлді. Ескерткішті және Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Березов ауылында өмір сүрген Ұлы Отан соғысына қатысқан 70 жауынгер есімдері жазылған тұғырды қалпына келтіру жұмысы Орал қаласындағы Халықаралық дизайнерлер ассоциациясының мүшесі Волкогонов Дмитрийдің басшылығымен және тікелей қатысуымен орындалды.

 

Березов ауылынан көшіп келген тұрғындардан құрылған бастамашыл топ, жергілікті атқарушы органдар өкілдері және КПО қызметкерлері ескерткіштің көшіру орнын таңдады. Ескерткішті Березов ауылынан көшіп келген балалар оқып жүрген Аралтал шағын ауданындағы мектеп маңайына орналастыруға шешім қабылданды, осы жерде жақын арада жергілікті тұрғындардың демалуына арналған саябақ құрылысы да жоспарлануда. 2020 жылы 9 мамыр күні тойланатын Ұлы Отан соғысының 75 жыл мерейтой қарсаңында көшірілген Ұлы Отан соғысы жауынгеріне арналған жаңартылған ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, бұл ескерткіш Березов ауылынан көшіп келген тұрғындары үшін кездесу орны болады. 

Нәтижесі:

2019 жылы 11 қыркүйекте болған ескерткіштің ашылу салтанатына жергілікті тұрғындар, жергілікті билік органдары мен БАҚ өкілдері қатысты. Ескерткіштің ашылуы кезінде КПО-ның жергілікті тұрғындарымен жұмыс жөніндегі бөлім бастығы Зульфия Музафарова: «Әлеуметтік жауапты қызмет жүргізетін компания ретінде КПО халықтың мәдени-тарихи мұраларын сақтауға бағытталған «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасына қолдау көрсетеді», – деп айтты.

Тәжірибе үлгісі №4

ТӘЖІРИБЕ ҮЛГІСІ №4: ЕРІКТІЛЕР КӨМЕГІ

Мәселенің мазмұны / қысқаша сипаттамасы:

Березов және Бестау ауылдарынан көшірілген әлеуметтік қорғалмаған топтар мүшелері мониторингі аясында КПО-ның тұрғындармен қарым-қатынас жөніндегі маманы тұрғындармен жеке кездесулер, телефон соғу және олардың хаттарына жауап беру арқылы байланысады. Аралтал шағын ауданына барған кезде КПО маманы Нина Ивановна Целуйконың үй қақпасының алды қардан тазартылмағанын байқады. Бұл әйел жалғыз тұрады, алайда үлкен жасқа қарамастан, үй шаруалармен өзі айналысуға тырысады.

Мақсаты:

Әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тұрғындар категориясы мониторингі мақсаты ақпарат жинау, және мәселе туындаған жағдайда жергілікті басқару органдарымен бірге оны шешу үшін қолдау көрсету. Мұндай шаралар тұрғындардың жаңа өмір жағдайларына бейімделуіне және Компанияның қатысуынсыз туындаған мәселелерді шешуге көмектеседі.

Жағдайдың шешімі / қолданылған әрекеттер:

Жалғыз басты әйелге қарды тазалауға көмек беру үшін КПО маманы қар басқан жолдың фотосуретін Бөрлі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жіберді, кейін жергілікті ұйымның еріктілеріне өтінім түсті. Еріктілер бірден іске кірісіп, келесі күні Нина Ивановнаның үй маңындағы жол қардан тазартылды. Еріктілердің жұмысы бірден байқалды. КПО компаниясы “Gold” еріктілер корпусынан Карл Темирланды және Сабит Садыбековты Компанияның ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша тоқсан сайынғы марапаттау рәсіміне шақырды. Салтанатты кеш барысында еріктілерге алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

Нәтижесі:

Зейнеткер енді көмек қажет болған жағдайда кімге хабарласуды біледі. Сондай-ақ “Gold” жас еріктілер ұйымы Целуйко Нина Ивановнаны көмек қажет ететін тұрғындар тізіміне қосып қойды. Сонымен қатар, жастар болашақта жұмыс жасауға ынталандыру ретінде және басқа еріктілерге үлгі ретінде сый-марапатқа ие болды.