ҚазРусEng

Тұрақты даму

Халықтан түскен шағымдармен және өтініштермен жұмыс жасау

КПО компаниясы Қарашығанақ кен орнына жақын тұратын халықтан түскен арыз-шағымдарға айрықша көңіл бөледі. КПО өндірістік қызметінің әсеріне қатысты тұрғындардан келіп түскен шағымдарын қарастыру ресми саясатқа сәйкес жүргізіледі.

Қарашығанақ кен орны өндірістік нысандары айналысында орналасқан Приурал, Жарсуат және Өспен елді мекендерінің кез келген тұрғыны КПО-ның тұрғындармен байланыс жөніндегі маманына ауызша немесе жазбаша, яғни арнайы форманы толтырып, сол ауылдарда орнатылған жәшіктерге тастап, кері байланысын жібере алады.Тұрғындарың кері байланысы оңды пікірлер, ұсыныс пен өтініштен тұруы мүмкін. Мұндай механизмді қолдана отырып, тұрғындар КПО қызметіне байланысты шағымдарын да жібере алады.

Маманның байланыс телефондары тұрғындармен кездесу шаралары кезінде хабарланады, және 6 ауылдың қоғамдық орындарында орнатылған КПО-ның ақпараттық тақтайшаларында жазылған. Халықпен байланыс жөніндегі маманның байланыс деректері «Байланыстар» парақшасында көрсетілген.

Тұрғындар үшін шағымдар немесе кері байланысты телефон арқылы хабарлау ең қолайлы жол болып шықты. Компания барлық шағымдарды/өтініштерді қарастырып, оларды шешу жолдарын ұсынады.

Сәтті жоба үлгісі № 1

БЕРЕЗОВ АУЫЛЫНАН АРАЛТАЛ ШАҒЫН АУДАНЫНА ЕСКЕРТКІШТІ КӨШІРУ

Мәселенің мазмұны / қысқаша сипаттамасы:

Березов ауылының тұрғындарын көшіргеннен кейінгі мониторинг шеңберінде Компанияға жергілікті тұрғындардан Березов ауылынан Бөрлі ауданы Ақсай қаласына Ұлы Отан соғысы жауынгеріне арналған ескерткішті көшіруге қолдау көрсету туралы өтініш түсті.

Мақсаты:

Березов ауылынан көшірілген тұрғындар мен болашақ ұрпақтың тарихи ескерткішін сақтап қалу

Шешімі / әрекеттері:

КПО ескерткішті толығымен қалпына келтіру және оны жаңа орынға көшіру үшін қаражат бөлді. Ескерткішті және Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Березов ауылында өмір сүрген Ұлы Отан соғысына қатысқан 70 жауынгер есімдері жазылған тұғырды қалпына келтіру жұмысы Орал қаласындағы Халықаралық дизайнерлер ассоциациясының мүшесі Волкогонов Дмитрийдің басшылығымен және тікелей қатысуымен орындалды.
 

Березов ауылынан көшіп келген тұрғындардан құрылған бастамашыл топ, жергілікті атқарушы органдар өкілдері және КПО қызметкерлері ескерткіштің көшіру орнын таңдады. Ескерткішті Березов ауылынан көшіп келген балалар оқып жүрген Аралтал шағын ауданындағы мектеп маңайына орналастыруға шешім қабылданды, осы жерде жақын арада жергілікті тұрғындардың демалуына арналған саябақ құрылысы да жоспарлануда. 2020 жылы 9 мамыр күні тойланатын Ұлы Отан соғысының 75 жыл мерейтой қарсаңында көшірілген Ұлы Отан соғысы жауынгеріне арналған жаңартылған ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, бұл ескерткіш Березов ауылынан көшіп келген тұрғындары үшін кездесу орны болады.

Нәтиже:

2019 жылы 11 қыркүйекте болған ескерткіштің ашылу салтанатына жергілікті тұрғындар, жергілікті билік органдары мен БАҚ өкілдері қатысты. Ескерткіштің ашылуы кезінде КПО-ның жергілікті тұрғындарымен жұмыс жөніндегі бөлім бастығы Зульфия Музафарова: «Әлеуметтік жауапты қызмет жүргізетін компания ретінде КПО халықтың мәдени-тарихи мұраларын сақтауға бағытталған „Рухани жаңғыру“ мемлекеттік бағдарламасына қолдау көрсетеді», — деп айтты.

Сәтті жоба үлгісі № 2

ЕРІКТІЛЕР КӨМЕГІ

Мәселенің мазмұны / қысқаша сипаттамасы:

Березов және Бестау ауылдарынан көшірілген әлеуметтік қорғалмаған топтар мүшелері мониторингі аясында КПО-ның тұрғындармен қарым-қатынас жөніндегі маманы тұрғындармен жеке кездесулер, телефон соғу және олардың хаттарына жауап беру арқылы байланысады. Аралтал шағын ауданына барған кезде КПО маманы Нина Ивановна Целуйконың үй қақпасының алды қардан тазартылмағанын байқады. Бұл әйел жалғыз тұрады, алайда үлкен жасқа қарамастан, үй шаруалармен өзі айналысуға тырысады.

Мақсаты:

Әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тұрғындар категориясы мониторингі мақсаты ақпарат жинау, және мәселе туындаған жағдайда жергілікті басқару органдарымен бірге оны шешу үшін қолдау көрсету. Мұндай шаралар тұрғындардың жаңа өмір жағдайларына бейімделуіне және Компанияның қатысуынсыз туындаған мәселелерді шешуге көмектеседі.

Шешімі / әрекеттері:

Жалғыз басты әйелге қарды тазалауға көмек беру үшін КПО маманы қар басқан жолдың фотосуретін Бөрлі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жіберді, кейін жергілікті ұйымның еріктілеріне өтінім түсті. Еріктілер бірден іске кірісіп, келесі күні жалғыз басты әйелінің үй маңындағы жол қардан тазартылды. Еріктілердің жұмысы бірден байқалды. КПО компаниясы «Gold» еріктілер корпусынан жастар Компанияның ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша тоқсан сайынғы марапаттау рәсіміне шақырды. Салтанатты кеш барысында еріктілерге алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

Нәтиже:

Зейнеткер енді көмек қажет болған жағдайда кімге хабарласуды біледі. Сондай-ақ «Gold» жас еріктілер ұйымы пенсионерді көмек қажет ететін тұрғындар тізіміне қосып қойды. Сонымен қатар, жастар болашақта жұмыс жасауға ынталандыру ретінде және басқа еріктілерге үлгі ретінде сый-марапатқа ие болды.