ҚазРусEng

Тұрақты даму

Консультациялық кеңестер

Кездесулер мен консультациялар КПО-ның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қызметінің негізі болып табылады. Консультациялық кеңестер форматындағы жергілікті халықпен жүргізіліп жатқан диалог КПО-ға жергілікті халықтың сұрақтарына жауап беруге, ұсыныстары мен бастамаларын талқылауға, сондай-ақ олардың мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Консультациялық кеңестер КПО-ның ауылдық жерлердегі әлеуметтік инвестицияларының басты бағыттарын анықтауға көмектеседі. Бұл органдар 2005 жылдан бастап Бөрлі ауданы әкімдігі, аудан мәслихаты мен КПО компаниясы арасында қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандум шарттарына сәйкес қызмет атқарып келеді.

2019 жылы Консультативтік кеңестер шеңберінде Қарашығанақ кен орны айналасында орналасқан алты елді мекенде, яғни Приурал, Өспен, Жаңаталап, Жарсуат, Қарашығанақ және Димитровода алты жиналыс өткізілді. Жиналыстар барысында әлеуметтік және экологиялық мәселелер, төтенше жағдай кезіндегі тұрғындардың әрекет ету ережелері талқыланды. Тұрғындардың әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған топтары басты назарда болды. Жергілікті тұрғындарды дамыту бағдарламасы аясында Бөрлі ауданының зейнеткерлеріне «Ақжайық» шипажайына 200 жолдама және 78 оқушыға «Евразия» балалар лагеріне демалысқа жолдама берілді.