ҚазРусEng

Тұрақты даму

Қызметкерлердің ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру үшін жаңа коммуникация құралдары

Әлем бойынша таралған КВИ пандемиясы КПО компаниясына қызметкерлердің ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы хабардарлығын және осы саладағы байланыс тиімділігін арттыру мақсатында жаңа ресурстар мен әдістерді іздеуге және қолдануға түрткі болды.

2020 жылы КПО ҚТ корпоративтік бөлімі ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы ең маңызды оқиғалар мен іс-шаралар туралы хабардар ететін ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ электрондық журналың шығарып бастады. Бұл формат қашықтан жұмыс істейтіндерге оқиғалардан хабардар болуға, сондай-ақ өз ұсыныстарын ұсынып, тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік береді.

Бұрын электронды жүйеге кіру кезінде компьютер экранында қалқыма хаттар күніне бір рет шығатын, қазір олар кез келген форматтағы материалдарға сілтемесі бар күніне бес рет шығатын болды. Қызметкерлердің назарын аудару үшін хабарламалардың дизайны жақсартылды — әдемі суреттер, мәтіннің аздығы. Бұл өзекті ақпаратты тиімдірек жеткізуге мүмкіндік береді.

Көптеген сұраныстар бойынша біз апта сайынғы ҚТ бойынша қысқаша ақпаратты шығардық. Олар кез келген жұмыс жиналысының алдында немесе оның барысында талқылауға пайдалануға болатын ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы өзекті мәселелерді қамтиды. Егер қызметкерге белгілі бір тақырып бойынша материалдар қажет болса, онда ол кітапханадағы барлық шығарылған басылымдарды интранеттегі ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ парақшасынан таба алады.

Қысқы уақыттағы қауіпсіздік туралы хабардарлықты арттыру науқаны шеңберінде, қысқы ауа-райына байланысты апаттардың алдын алу үшін презентация материалдары мен TikTok платформасы үлігсіндегі бейнероликтер әзірленіп таратылды. Сонымен қатар КПО қызметкерлері мен мердігерлер арасында конкурс өткізілді, оған қатысу үшін келесі тақырыптар бойынша фотосуреттер немесе қысқа бейнематериалдар жіберу керек болды:

  • Қысқа дайындық — жұмыс орнындағы қауіпсіздік;
  • Қысқа дайындық — отбасына қамқорлық жасау;
  • Қысқа дайындық — қауіпсіз көлік.

Конкурс қорытындысы бойынша ең креативті, практикалық әрі пайдалы кеңестердің 10 авторы марапатталды.

Компанияның қолданыстағы барлық құралдары анықтамалық HSEHelp@kpo.kz арқылы кері байланысты білдіреді. Әрбір электрондық хабарламаларда ҚТ бөлімі кез келген сұрақтарды, ұсыныстарды немесе ескертулерді жіберуді сұрайды, сонымен қатар ең пайдалы идеяларды мадақтайды. 2020 жылы HSEHelp@kpo.kz арқылы келіп түскен 387 сұраныстың барлығы қаралды.