ҚазРусEng

Тұрақты даму

Өндіріс тұтастығы

КПО өндірістік қызметіне қауіп төндіруі мүмкін қатерлерді бақылауға және қауіпсіздік тосқауылдары жүйесі арқылы жоғары дәрежелі қауіп-қатерлерді азайту жолдарын іздестіруге тырысып келеді. КПО өндіріс тұтастығын қамтамасыз ету бөлімі кез келген апатқа себеп болуы мүмкін ақауларды (тосқауылдардағы осал жерлерді)  анықтау мақсатында қауіпсіздік тосқауылдарының «жарамдылық күйін» үнемі бағалап отырады.  

КПО өндіріс тұтастығын басқару жүйесі – ірі ауқымды апаттардың алдын алу және Қарашығанақ кен орнында жұмыс істейтін барлық КПО қызметкерлерінің, мердігерлердің және қосалқы мердігерлердің қауіпті факторлар туралы хабардарлығын арттыру бойынша шаралар кешені.

2014 жылы іске қосылған нысан тұтастығын қамтамасыз ету жүйесіне сәйкес келесі негізгі құралдар қолданылады:

  1. Тосқауылдар моделі;
  2. Өндіріс тұтастығы тиімділігінің негізгі көрсеткіштері (ТНК);
  3. Кен орны құрылыс нысандарының модификациялық өзгерістерін басқару жүйесі;
  4. Технологиялық процесс қауіпсіздігі негіздері бойынша науқан.

КПО өндіріс тұтастығын қамтамасыз ету бөлімінің тосқауылдар моделі

КПО тосқауылдар моделі – бұл өндіріс тұтастығы мен қауіп-қатер деңгейі негізіндегі процестер қауіпсіздігі мәселелері бойынша жинау, басқару, бағалау және есеп беру үшін құрылған бірыңғай ақпарат көзі ретінде әзірленген деректер қоры. Бұл деректер қорында бүкіл әлемдегі «Швейцар ірімшігі» моделі қолданылады, КПО-ның әр өндіріс нысандарындағы қауіп-қатерлерді визуалды талдауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта тосқауылдар моделі барлық аса қауіпті аймақтарын қамтиды және шешімдерді қабылдау үшін кеңінен қолданылады.

«ШВЕЙЦАР ІРІМШІГІ» МОДЕЛІН ҚОЛДАНУ

КПО өндіріс тұтастығы тосқауылдар моделінің дерекқоры 2014 жылы қолданысқа енгізілді. Дерекқорды әзірлеудің келесі сатысы ретінде технологиялық процесс қауіпсіздігінің жағдайын визуалды түрде көрсету үшін КПО негізгі нысандарының орналасу жоспарлары интерактивті картаға жүктелді. КПО өндірістік және корпоративтік бөлімдері шешім қабылдауды жеңілдету және салдарлар (бақылау шаралары) мен шешімдерді (жобалар) жеңілдетуге бағытталған қысқа және ұзақ мерзімді шараларды жүзеге асыру мақсатында үнемі тосқауылдар моделінің дерекқорын пайдаланады.

2019 жылы өндірістің тұтастығын қамтамасыз ету бөлімі дерекқордың функционалдығы мен тиімділігін арттыру мақсатында қолданыстағы бағдарламаны ауыстыру туралы шешім қабылдады. 2019 жыл бойы бөлім мамандары жобаны әзірлеушімен (RiskPoynt) бірігіп, бағдарламалық жасақтаманы арнайы түрде конфигурациялау бойынша жұмыстанды.

Жаңа бағдарламалық жасақтамасының ұлғайтылған функционалдық мүмкіндіктері онлайн режимдегі нақты деректер көмегімен үдеріс тиімділігін арттыруға және анықталған ықтимал қауіптерге қарсы әрекет ету уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Жылдың соңында бұлттағы ортада бастапқы функционалды тестілеу үдерісі аяқталды. Қорытынды қабылдау тестілеу 2020 жылға жоспарланды.

Өндіріс тұтастығы тиімділігінің негізгі көрсеткіштері

КПО-ның нысан тұтастығы тиімділігінің негізгі көрсеткіштерінің мақсаты - неғұрлым ауыр салдарға әкелуі мүмкін оқиғалар мен жағдайларды анықтау немесе олардың алдын алу. КПО нысан тұтастығы ТНК туралы есеп беру бойынша API RP 754 ұсынылған тәжірибесіне, IOGP 456 стандарты ұсынымдарына, «Эни» және «Шелл» компанияларының басшылық ететін қағидаттарына сәйкес кешіктірілген және жетекші көрсеткіштерді бақылап жүреді. ТНК-нің жаңа үлгісі енгізіліп, 2018 жылдың наурыз айында күшіне енді.
 

2018 жылдан бастап қайта құрылымдалған көрсеткіштер жүйесі мен ақпараттық панельді қолданғаннан бері нысан тұтастығы мен әр аймақ жұмысының қауіпсіздігі үшін жауапкершіліктің айтарлықтай артқаны байқалды. Бұл бірнеше мәселелерді қайта қарастыруға және жаңа іс-шаралар жоспарлары мен жобаларға кірісуге мүмкіндік берді, мысалы:

  1. Жарылыстан қорғалған жабдықты тексеру және ауыстыру: ақаулы жарылыстан қорғалған жабдықты тексеру мен ауыстыру үшін құрылған топтастырылған бағдарлама.
  2. Дабыл жүйесін оңтайландыру: жобаның бірінші кезеңі 2018 жылы аяқталды, екінші кезең 2019 жылы басталып жалғастырылды, үшінші кезең 2020 жылы басталады.
  3. Қорғаныш жүйелерін ажырату үдерісін басқару: тиісті процедура жаңартылып, саланың алдыңғы қатарлы тәжірибесіне сәйкес енгізілді.
  4. Қауіпсіздіктің негізгі компоненттеріне техникалық қызмет көрсетуді кейінге қалдыру кезеңі 7 күннен 48 сағатқа дейін қысқартылды, алайда мерзімі өткен техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыс көлемі артпады, бұл талаптарға сәйкестік деңгейінің күрт жоғарлағанын көрсетеді.

2020 жылы нысан тұтастығын қамтамасыз ету бөлімі КПО жалпы цифрландыру бағдарламасы аясында бағалау карталары мен ақпараттық панельдерге енгізілетін деректерді цифрландыру және жетілдірілген функционалдылықпен автоматты түрде өңдеу мүмкіндіктерін анықтауды мақсат қойды.
 

Ірі ауқымды апаттардың орын алуына әкелуі мүмкін қауіпті факторларды бақылау және талдау – технологиялық қауіпсіздікпен байланысты оқиғалардың алдын алудың және олардың күрделілік дәрежесін төмендетудің негізі болып табылады. Технологиялық қауіпсіздікпен байланысты оқиға орын алса, ол «Synergi» дерекқорында тіркеліп, тергеу басталады. КПО тергеу тобы негізгі себептерді талдап, кеңестер мен лайықты шаралар жоспарын әзірлейді. Жоспардың орындалуы «Synergi» деректер қоры арқылы қадағаланады.

2017-2019 жылдарғы статистикалық сараптама бойынша 2018 жылға қарағанда 2019 жылы алғашқы қорғаныш қабаты тұтастығының бұзылуымен байланысты оқиғалардың саны 6%-ға дейін төмендегенін көрсетті, сонымен қатар оқиғалардың күрделілік дәрежесі төмендеген. 2-дәрежелі тек 1 оқиға тіркелді, ГКДҚ-2 нысанында газды кері айдау құбырының 2” байпас желісіндегі RB-0041 шарлы кранның соташығында газдың шығуы анықталды (төмендегі сызбаны қараңыз).

Өндірістік нысандар бойынша технологиялық жабдықтың алғашқы қорғаныш қабаты тұтастығының бұзылуы жағдайлары, 2017-2019 жж.

Шартты белгілер:

Технологиялық қауіпсіздікпен байланысты оқиға, 1-деңгей салдары өте ауыр технологиялық үдерісімен байланысты АҚҚТБ оқиғаларының санына жатады (IOGP халықаралық мұнай және газ өндірушілер қауымдастығына хабарлануға тиіс);

Технологиялық қауіпсіздікпен байланысты оқиға, 2-деңгейсалдары жеңіл технологиялық үдерісімен байланысты АҚҚТБ оқиғаларының санына жатады (IOGP халықаралық мұнай және газ өндірушілер қауымдастығына хабарлануға тиіс);

Технологиялық қауіпсіздікпен байланысты оқиға, 3-деңгейтехнологиялық үдерісімен байланысты АҚҚТБ оқиғаларының санына жатады. Бұл оқиғалар туралы мәліметтер IOGP халықаралық мұнай және газ өндірушілер қауымдастығына хабарланбайды. Компания ішкі талдау жүргізу және сабақ алу үшін бұл оқиғалар туралы ақпарат жинайды.

Апаттық дабыл жүйесін оңтайландыру жобасы

2019 жылы КПО дабыл жүйесінің тиімділігін өлшеуді жалғастырып, апаттық дабылдарды оңтайландыру бағдарламасының екінші кезеңін жүргізді. Бұл жобаның мақсаттары: 1) дабылдарды және олардың басымдылықтарын белгілеу үшін қолданылатын тізбекті критерийді анықтау, 2) қолданыстағы КПО нысандарына ол критерийлерді қолдану және (3) барлық тиісті жүйелерде қажетті өзгерістер енгізу. Бұл жоба үш кезеңге бөлінді:

  • I кезең — Алғашқы бағалау (аяқталды): әрбір нысанға қатысты (ҚӨК, ГКДҚ-2,ГКДҚ-3, ЕМӨС, Үлкен Шаған және Атырау терминалы) бірқатар сәйкестік талдау жүргізілді және апаттық дабыл жүйесін оңтайландыру әдістемесі шығарылды (I кезең);
  • II кезең — Апаттық дабыл жүйесін оңтайландыру бойынша жұмыстар (2018 жылы басталды, орындалу барысында): I кезенде өткізілген талдау негізінде бірнеше семинар өткізілді;
  • III кезең — Қолданысқа енгізу (2020 жылға жоспарланды): апаттық дабыл жүйесін сынамалық оңтайландыру нәтижелері қолданыстағы автоматтандырылған жүйеге техникалық қызмет көрсету бөлімімен енгізіледі.

Нысан тұтастығын қамтамасыз ету мен орталықтандырылған техникалық қызмет көрсету бөлімдерінің өкілдері және техникалық сарапшылар мен бақылау пункті операторлары қатысқан бірнеше семинар өткізілді. Осы семинарлардың нәтижелері бойынша дабылдар дерекқоры және маңызды дабылдарға жауап қайтару нұсқаулықтары мен дабыл жүйесін оңтайландыру қадамдарын енгізу туралы есептер әзірленді. Бұл құжаттар 2020 жылы орталықтандырылған техникалық қызмет көрсету бөлімі бастайтын III кезеңді жүзеге асыруға арналған бастапқы материал болып табылады.

Нысандар модификациялау өзгерістерін басқару жүйесі

Өзгерістерді басқару – енгізу кезеңіне дейінгі жабдықтарды модификациялауға байланысты бағалау, бекіту және мониторинг жүйесі. Бұл жүйе арқылы нысанның тұтастығын қамтамасыз ету бөлімі барлық өзгерістерді тиісті түрде тіркей алады.

Бүгінгі таңда, жабдықты өзгерту жобасына қатысатын КПО бөлімдері аталмыш жүйені кеңінен қолданып келеді.

2019 жылдың соңында өзгерістерді есепке алу жүйесі іске қосылғаннан бері тіркелген 1 756 электрондық өтінімнің 678-і жабылып, 221-і орындалу барысында. Есеп беру жылы өзгерістер бойынша өтінімдер санының көбеюі жоспарлы жөндеу жұмыстары кезіндегі үлкен жұмыс көлеміне байланысты болды.

Пайдаланушы бөлімдердің белсенді қолдануы арқасында барлық кезеңдерді қоса алғанда 600 өтінімнің уақытылы орындалмай қалғандығы анықталды. Өндіріс тұтастығын қамтамасыз ету бөлімі 2020 жылға дейін өтінімдер бойынша артта қалушылықтарды азайтып, тіркелген өтінімдердің жиналуын болдырмау үшін жүйенің тиімділігін арттыру шараларын қолдануды жоспарлаған.

Кампания по основам безопасности технологических процессов

Кампания по основам безопасности технологического процесса (ОБТП) была начата в 2017 г. Она направлена на повышение осведомленности задействованного в производстве персонала об опасностях, которые могут возникнуть при эксплуатации производственных объектов.

В рамках продолжения кампании ОБТП в 2019 г. были осуществлены следующие мероприятия:

  • Выпущено обучающее видео о 10 ОБТП с реальными примерами нарушения целостности первичной оболочки;
  • До начала останова на ППР были проведены сессии по осведомленности ОБТП, в которой приняли участие около 700 работников производственных отделов;
  • Были напечатаны и распространены 1 800 справочников по основам безопасности технологического процесса;
  • Выпущено руководство по Основам безопасности технологических процессов;
  • Зарегистрировано и рассмотрено 753 карточки ОТ, ТБ и ООС, относящиеся к категории ОБТП.

Департамент обеспечения целостности объекта КПО продолжает реализацию кампании ОБТП 2020 году для укрепления культуры безопасности процессов в Компании.