ҚазРусEng

Тұрақты даму

Өндіріс тұтастығын қамтамасыз ету

Өндіріс тұтастығын қамтамасыз етудің басты мақсаты — ауқымды апаттардың алдын алу. «Мұнай және газ өндірушілерінің халықаралық қауымдастығы ұйымының (IOGP)» № 456 стандартында анықталғандай, бұл мақсатқа жетуге қондырғылар мен жабдықтардың құрылымдық-механикалық күйінің сенімділігі, сондай-ақ олардың дұрыс лайықты түрде падаланылуы ықпал етеді.

КПО өз қызметіне төнуі ықтимал қауіп-қатерлерді бақылауға тырысады және қорғаныш тосқауылдары жүйесін қолдану арқылы жоғары деңгейдегі тәуекелдерді азайту бойынша жұмысты жалғастыруда. КПО нысандар тұтастығын қамтамасыз ету бөлімі тосқауылдардағы ауытқуларды («тесіктерді») анықтау және кез келген оқыс оқиғалардың алдын алу үшін қорғаныш тосқауылдарының күйін үнемі бағалап отырады.

Негізгі мақсат — адамдарға, қоршаған ортаға, мүлікке және Компанияның беделіне қауіп төндіретін факторлардың алдын алу және оларды азайту. Осы тапсырманы орындау үшін жабдық, адамдар және процестер сияқты санаттарда қорғаныш тосқауылдары анықталды. Осылайша, ауқымды апаттардың қауіптілігі ең төменгі іс жүзіндегі лайықты деңгейге дейін азайтылды.

КПО өндіріс тұтастығын басқару жүйесі — ірі ауқымды апаттардың алдын алу және Қарашығанақ кен орнында жұмыс істейтін барлық КПО қызметкерлерінің, мердігерлердің және қосалқы мердігерлердің қауіпті факторлар туралы хабардарлығын арттыру бойынша шаралар кешені.

Жабдықтың алғашқы қорғаныш қабаты тұтастығының бұзылуы (АҚҚТБ) – технологиялық жабдықтың, оның ішінде уытты емес және жанбайтын заттардың, алғашқы қорғаныш қабатынан кез келген заттың жоспарланбаған немесе бақыланбайтын ағып кетулер. КПО-ның АҚҚТБ көрсеткіштері туралы 2020 жылғы есебінде алғашқы қорғаныш қабатының бұзылуымен байланысты 2020 жылы орын алған оқыс оқиғаларын, сондай-ақ келесілерге қатысты тағайындалған түзету іс-шараларын талдау берілген:

  • Түпкі себептер (оқиғаларды тергеудің «Tap Root» әдістемесіне сәйкес),
  • «Технологиялық процесс қауіпсіздігінің негіздері» ережелерін сақтау деңгейі,
  • Түзету іс-шараларының статусы,
  • Ағып кетулерді тіркеу кітабы.

Ірі ауқымды апаттардың орын алуына әкелуі мүмкін қауіпті факторларды бақылау және талдау технологиялық қауіпсіздікпен байланысты оқиғалардың алдын алудың және олардың күрделілік дәрежесін төмендетудің негізі болып табылады. Технологиялық қауіпсіздікпен байланысты оқиға орын алған жағдайда, «Synergi» дерекқорында тіркелумен тиісті тергеу басталады. КПО тергеу тобы түпкі себептерді талдап, оларды жою бойынша ұсыныстар мен тиісті шаралар жоспарын дайындайды. Жоспардың орындалуы «Synergi» дерекқоры арқылы қадағаланады.

2018-2020 жылдар бойынша өткізілген статистикалық сараптама 2019 жылға қарағанда 2020 жылы алғашқы қорғаныш қабаты тұтастығының бұзылуымен байланысты орын алған оқиғалардың саны 12%-ға дейін өскенін, сонымен қатар олардың күрделілік дәрежесінің де артқанын көрсетті. АҚҚТБ-мен байланысты 2-дәрежелі 1 ғана оқиға тіркелді. Бұл жағдай ҚӨК нысанында орын алды: төмендегі сызбада көрсетілгендей, ҚӨК объектісіндегі бөлінген газдардың компрессоры ғимаратында газдың шығуы.

Өндірістік нысандар бойынша технологиялық жабдықтың алғашқы қорғаныш қабаты тұтастығының бұзылуы жағдайлары, 2018-2020 жж.

Ескерту: Технологиялық қауіпсіздікпен байланысты оқиғалар (1/2/3 дәрежелі) анықтамасымен танысу үшін “Мұнай және газ өндірушілерінің халықаралық қауымдастығы ұйымының (IOGP)” № 456 стандартынмен танысып шығыңыз.