ҚазРусEng

Тұрақты даму

Төтенше жағдайлар мәселелері бойынша жергілікті халықпен қарым-қатынас жүргізу

КПО барлық жергілікті тұрғындардың ҚМГКК аумағында ықтимал төтенше жағдай орын алуы кезіндегі әрекет ету тәртібінен хабардар болуын қадағалап отырады. 2020 жылы бекітілген жоспарға сәйкес мемлекеттік органдармен және кен орнының периметрі бойынша орналасқан елді мекендердің тұрғындарымен (жалпы саны 71 адам) өрт қауіпсіздігі, қауіп көзі болып саналатын қараусыз жүрген үй жануарлары, орталық мониторинг станциясы мен апаттық хабарлау станциясының рөлі және олардың жабдықтарын зерттеу тақырыптары бойынша жеті кездесу өткізілді.

Жергілікті елді мекендердегі тұрақты дайындықты сақтау мақсатында 2020 жылы КПО аппатық әрекет ету тобының халықты қорғау мамандары мердігерлік ұйымдар өкілдерімен бірге апаттық құлақтандырудың дабыл жүйесін ай сайын тестілеп отырды.

2020 жылы КПО Приуральный, Жарсуат, Қарашығанақ, Жаңаталап және Өспен ауылдарында жаңа дизель-генераторлық қондырғыларды (ДГҚ) және апаттық хабарлау станцияларының жағдайын бақылау жүйесін орнату бойынша жобаны аяқтады. Бұл станциялардың үздіксіздігі мен тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, КПО жергілікті атқарушы органдармен су тасқыны, өрт қауіпі болуы ықтимал және қысқы кезеңдерде тығыз ынтымақтастықты жалғастыруда.