ҚазРусEng

Тұрақты даму

Қауіпсіздік техникасы

Кез келген мұнай, газ және конденсат кен орнын игеру мен пайдалануда еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өндіріс тұтастығын қамтамасыз ету табыстың маңызды факторлары болып табылады. КПО әлеуметтік жауапты компания ретінде тиімді ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ мәдениетін ұстануды өз міндетіне алды. Әрбір жұмысшы үйіне аман-есен оралып, өндірісте ешқандай ағын болмау керек.

Қарашығанақ кен орнында температураның күрт ауытқуы, өндірілетін және өңделетін көмірсутек шикізатындағы күкіртсутегінің мөлшері жоғары болуына, сондай-ақ табиғи газды жоғары қысыммен айдау секілді факторларға байланысты қауіп-қатер ұлғайып келеді.

Қызметкерлеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздігі жұмысымызда өте маңызды және басым факторлары болып табылады. ЕҚ және ҚТ жүйесін үнемі жақсартуда жұмыс істей отырып, КПО компаниясы ISO 14001:2015 (Экология менеджментінің жүйесі), ISO 45001:2018 (Денсаулықты қорғау және Еңбек қауіпсіздігі менеджментінің жүйесі) және ISO 50001:2018 (Энергоменеджментінің жүйесі) халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестігіне растаудан жүйелі түрде өтіп отырады. Біз қызметкерлеріміздің қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету үшін ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы жүйемізді тұрақты жақсарту үшін жұмыс істейміз.

ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы КПО талаптары кеңінен қолданылады және Компания жасасатын барлық келісімшарттарға арнайы қосымшада берілген. Әлеуетті қауіп-қатерді төмендету және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін КПО-да тиісті процедуралар енгізілген. Оқиғалар туындаған жағдайда уақтылы хабарлау талаптарын қамтитын нақты процедура қарастырылған.

Жыл сайын КПО-да ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ мәдениетін арттыру мақсатында бірқатар бағдарламалар, оқытулар, бастамалар мен науқандар өткізіледі. Мұндай бастамалар кіріспе нұсқамаларды, мамандандырылған кәсіптік оқытуларды, сондай-ақ «ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ мәселелері бойынша көшбасшылық және тәлімгерлік бағдарламасы», «ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ карточкасы», «Денсаулық үшін қауіптерді бағалау», «ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы ынталандыру бағдарламасы» секілді басқа да бағдарламаларды қамтиды, дегенмен олармен шектелмейді.