ҚазРусEng

Тұрақты даму

ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ мәселелері бойынша өзара әрекеттесу және ақпарат алмасу

«Алтын ережелер» және «Өмірлік маңызды ережелер»

КПО ЕҚ, ҚТ мен ҚОҚ саясаты шеңберінде қауіпсіздік мәдениетін арттыру және оқиғаларды азайту мақсатында КПО-да үш негізгі «Алтын ереже» (2017 ж. бастап) және 11 «Өмірлік маңызды ережелер» (2019 ж. бастап) белгіленген.

«Алтын ережелер» Компанияның қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау көзқарасын реттейді: заңнамалық нормаларды сақтауға, қауіп төнген жағдайда араласуға, өзара әрекеттесу кезінде әріптестерді құрметтеуге бағытталған.

«Өмірлік маңызды ережелер» Мұнай және газ өндірушілер қауымдастығының (IOGP) қағидаларына негізделген және мұнай-газ өнеркәсібі ұйымдары арасындағы ЕҚ және ҚТ саласындағы әлемдік қағидаларды стандарттау шеңберінде, сондай-ақ білім, тәжірибе және алған сабақтармен алмасуды жақсарту мақсатында құрылған.

Бұл ережелер қауіптілігі жоғары жұмыстардың 11 түрін қамтыған:

Бұл белгіленген ережелер КПО-ның барлық қызметкерлеріне, мердігерлер мен қосалқы мердігерлерге қатысты және Компания қызмет істейтін барлық активтер мен өндірістік нысандарда қолданылады.

Салдарларды басқару

КПО-да «ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы тәртіптік жауапкершілік және салдарлады басқару моделі» жұмыс істейді, ол оң немесе теріс салдары болуы мүмкін, және сол салдарлардың оң немесе теріс болуына байланысты тиісті марапаттауды немесе жазаны анықтап беруге көмектесетін қызметкердің тәртібін жүйелі түрде зерттеуді қамтамасыз етеді.

2020 жылы осы модель бойынша КПО қызметкерлері мен мердігер ұйымдар үшін таныстыру сессиялары басталды. Сессиялар 2020 жылдың қаңтар және ақпан айларында өтті, бірақ КВИ шектеулеріне байланысты тоқтатылған болатын. Жұмысты үйден жасап жатқан қызметкерлердің басым бөлігінің хабардарлығын арттыру мақсатында ҚТ корпоративтік бөлімі " ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы тәртіптік жауапкершілік және салдарлады басқару моделі" бойынша электронды оқу құралын әзірлеп шығарды. 2021 жылы Компания мен мердігер ұйымдардың қызметкерлерін осы модельмен таныстыру жұмыстары жалғасатын болады.

ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ мәселелері бойынша Көшбасшылық және тәлімгерлік

ЕҚ және ҚТ мәдениетін арттыру үшін кәсіпорынның барлық бөлімшелері бірігіп жұмыс атқару қажет. Әдетте, тиімді басшылығы бар топтар жақсы нәтижелерге қол жеткізеді. Осыған орай, оператор компаниялардың қолдауымен КПО ЕҚ және ҚТ бойынша Көшбасшылық және тәлімгерлік бағдарламасын әзірледі, ол жобаларды жүзеге асыру директоратында алғаш рет енгізіліп, кейіннен өндірістік директоратта іске қосылды.

Басшылықтың жұмыс алаңдарында болуы

Компанияның жоғары басшылығымен және нысандар/бөлімдер жетекшілерімен ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша тексеріп шығу бағдарламалары ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ жалпы көрсеткіштері мониторингі, және КПО саясатына, заңнама талаптарына және озық сала тәжірибесіне сәйкес үздіксіз жақсартуға бағытталған әрекеттерді үйлестіру мақсатында КПО-ның барлық жетекшілеріне жұмыс алаңдарына бару мен жұмыскерлермен өзара әрекеттесу қажеттілігін белгілейді.

ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ тексерулері екі деңгейде өткізіледі: КПО директорлары мен басқарушыларының, сондай-ақ мердігер ұйымдар басшыларының қатысуымен жоғары басшылық тексерулері, және Компанияның орта буын жетекшілерінің тексерулері.

2020 жылы жоғары басшылықтың қатысуымен 70 ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ тексеруі жүргізілді, жоспар бойынша оның саны 60 болған (жоспар
116%-ға орындалды).

Мұнай оператор компанияларымен өзара әрекеттесу

2020 жылы КПО компаниясы ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласында «Тенгизшевройл» және «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» мұнай өндіруші оператор компанияларымен ынтымақтастық бастамасын сәтті жалғастырды, оның мақсаты саладағы қауіпсіз тәртіптің тұрақты мәдениетін бірлесіп қалыптастыру болды. Бұл орайда әріптес компаниялармен ақпаратпен, оқиғалардан алынған сабақтармен және озық тәжірибелермен алмасу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, бұл бастама мұнай-газ индустриясындағы бірыңғай талаптар мен практикалық шешімдерді жеңілдетуге, стандарттауға және енгізуге бағытталған. Өткен жылы аталмыш ынтымақтастық онлайн форматта жүргізілді. Кездесулерде КВИ пандемиясына байланысты жұмыстарды шектеулер жағдайында ұйымдастыру мәселелері талқыланды, сондай-ақ жол қауіпсіздігімен, оның ішінде жол-көлік оқиғаларын жіктеуге, көлік мониторингі жүйелері және бейне-камераларды жүргізу кезінде пайдалану, оқиғаларды тергеу процесіне қатысты және т. б. мәселелер бойынша сөз қозғалды.