ҚазРусEng

Тұрақты даму

ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ мәселелері бойынша көшбасшылық және тәлімгерлік бағдарламасы

ЕҚ, ҚТ ЖӘНЕ ҚОҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КӨШБАСШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ТӘЛІМГЕРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Мәселенің мазмұны /
қысқаша сипаттамасы:

КПО-да қауіпсіздік техникасының маңызы зор. Алайда КПО-да ұқсас себептермен оқиғалар орын алып, әлі де жалғасуда: бұл қауіп-қатерге үйреніп кету және жұмысқа араласудың болмауы. Сондай-ақ КПО-да Компанияның өндірістік нысандарында бұрын жұмыс жасамаған жаңа қызметкерлер жұмылдырылған ірі жобалар жүзеге асырылуда. Оларға тиісті қауіпсіздік стандарттарын үйрету өте маңызды іс.

 

Жұмыс орындарындағы қауіпсіздік супервайзерлер мен шеберлердің көшбасшылық қасиеттеріне және ЕҚ мен ҚТ мәселелеріндегі біліктілігіне байланысты. Cупервайзерлер мен шеберлердің өздері жеке үлгі көрсетіп, қауіпсіздік мәдениетін белгілеп, нығайта алады.

Мақсаты:

Жұмыс орындарында қауіпсіздік мәдениетін арттыру үшін қауіпті факторларды анықтау, жұмысшыларды жұмылдыру және топтағы тәлімгерлік бойынша менеджерлердің біліктілігін арттыру.

Жағдайдың шешімі /
қолданылған әрекеттер:

2019 жылы «Коучинг, қатысу және араласу» семинары әзірленді, оған қауіп-қатер денгейі жоғары жұмыстарды жүргізуге жауапты КПО мен мердігер ұйымдар супервайзерлері мен шеберлері шақырылды. Семинарлар теориялық бөлімнен, топтардағы практикалық сабақтардан, сонымен қатар жұмыс орындарындағы коучинг-әңгімелерден тұрды.

 

2020 жылы КПО басшылығы келесілер үшін ЕҚ мен ҚТ бойынша көшбасшылық және тәлімгерлік бағдарламасын жүзеге асыруды көздейді:

  • жобаларды жүзеге асыру директоратының, әсіресе 4-газды кері айдау компрессоры жобасының барлық жұмыс және топ жетекшілеріне;
  • 2019 жылы «Коучинг, қатысу және араласу» семинарларына супервайзерлері мен топ жетекшілері қатысқан өндірістік директораттың басшыларына.

Нәтижесі:

2019 және 2020 жылдары КПО және мердігерлік ұйымдардың 1200-ден астам супервайзері коучинг, қатысу және араласу бойынша өз білімдері мен дағдыларын жетілдірген семинарларға қатысты. Оқу материалы ретінде әдеттегі әдістерден басқа, бейнематериалдар, оқиғаларды тергеу нәтижелері, қалта нұсқаулықтары қолданылды.

 

Бағдарламаға қатысып, жұмыс орындарында алған білімдерін қолданған ең белсенді супервайзерлер ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ ынталандыру жүйесі бойынша марапатталған болатын.