ҚазРусEng

Тұрақты даму

2020 жылға арналған ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласын жетілдіру жоспары

Компания ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласында өз қызметінің қызметкерлер денсаулығына және қоршаған ортаға кері әсерін азайту, одан сақтану және алдын алу қағидасын ұстанады. КПО жыл сайынғы ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ жақсарту жоспарын әзірлеу барысында ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы күнделікті қызметке кірмейтін, кейінгі жетілдіруге бағытталған шараларды таңдап кіргізеді.

2020 жылғы аталмыш жоспарды әзірлеу барысында оның тиімділіктің негізгі көрсеткіштерімен сәйкесуі үшін, сонымен қатар ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша біріктірілген жүйені жетілдіру бағытындағы алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін бұрынғы «тақырыптық» тәсіл қолданылды. Жарақаттанудың нөлдік көрсеткішіне қол жеткізу үшін және өндіріс тұтастығын қамтамасыз ету мақсатында жетілдіру бойынша басты тақырыптар «мақсаттық элементтердің» төрт тобына бөлінген:

  1. Көшбасшылық және қауіпсіздік мәдениеті;
  2. Қауіп-қатерлерді басқару және нысан тұтастығын қамтамасыз ету;
  3. Қоршаған ортаны қорғау және энергияны үнемдеу;
  4. Жол қауіпсіздігі.

2020 жылғы ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ жақсарту жоспары әр «мақсаттық элементің» тақырыбын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге әзірленген 58 негізгі іс-шарадан және жетілдіру ұсыныстарынан тұрады. Жоспар 80%-ға орындалды, қалған 20%-ы 2021 жылғы жоспар аясында жалғастырылатын болады. Жоспарды толықтай орындауға КВИ және сонымен байланысты шектеулер кедергі болды.