ҚазРусEng

Тұрақты даму

ЕҚ және ҚТ бойынша көрсеткіштер

Біз өндірістегі жарақаттануды толығымен жою мақсатында үдерістерді жетілдіру жұмыстарын жалғастырамыз.

Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау саласындағы жетістіктерімізді адам-сағаты ескерілген белгілі бір жұмыс көлемінің орындалу кезінде орын алған оқиғалардың жиілігімен өлшейміз. Төменде 2020 жылғысы айрықша көрсетіліп, 2012-2020 жылдардың еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша көрсеткіштері берілген.

Төмендегі сызбада еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген оқиғалар жиілігі (ЕЖОЖ) мен есепке алынуы тиіс оқиғалар жиілігі (ЕТОЖ) көрсетілген.

2020 жылы КПО-да тіркелетін жарақаттардың шамалы төмендегені байқалды. Еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген жарақат саны бұрынғы деңгейде қалды (2 жарақат). 2020 жылы КПО-да ЕЖОЖ 0,06 (2019 жылғы 0,06-мен салыстырғанда өзгеріссіз) және ЕТОЖ — 0,18 (2019 жылғы 0,28-бен салыстырғанда) көрсетті.

КПО оқиғалардың қайталануын алдын алу мақсатында барлық оқиғаларды тексеріп зерттейді. Сондай-ақ, біз қауіпсіздік техникасын жақсарту мақсатында оқиғалардан алынған сабақтармен мердігер ұйымдарымызбен және мүдделі тараптарымызбен бөлісіп, басқа да компаниялар қызметтерінен сабақ аламыз.

Еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген оқиғалар жиілігі мен есепке алынуы тиіс оқиғалар жиілігі: КПО мен мердігер ұйымдар, 2012-2020 жж.

Ауыр жол-көлік оқиғаларының жиілігі: КПО және мердігер ұйымдар, 2018-2020 жж.

Ескерту.:  ЕЖОЖ бен ЕТОЖ көрсеткіштерін есептеу үшін КПО-да келесі әдістер қолданылады:

1Еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген оқиғалар жиілігі (ЕЖОЖ) = еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелетін оқиғалар саны (еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген оқиғалар + адам қазасымен аяқталған оқиғалар) х 1 000 000 / адам сағат;

2Есепке алынуға тиіс оқиғалар жиілігі (ЕТОЖ) = есепке алынуы тиіс оқиғалар саны (еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген оқиғалар + медициналық көмек көрсетілген жағдайлар + жеңіл жұмысқа ауыстыруға әкелген жағдайлар) х 1 000 000 / адам сағат.

2020 жылы бір де бір айтарлықтай жол-көлік оқиғасы тіркелмеді. 2020 жылғы жол-көлік оқиғаларының жиілігі (ЖКОЖ) 1 млн шақырым жүріп өткен жолға шаққанда 2019 жылғы 0,02 көрсеткішімен салыстырғанда 0-ді көрсетті.

2019 жылғы 42,7 млн км салыстырғанда 2020 жылы КПО көлік құралдарының жүріп өткен жолы 37,9 млн км құрады. Көлік жүрісі азаю себептерінің бірі — КВИ байланысты қызметкерлерді шектеулі тасымалдау. Жол-көлік оқиғаларының нөлдік көрсеткіші 2020 жылғы жол қауіпсіздігін жақсарту жоспарының аясында орындалған бірқатар іс-шаралармен байланысты болды.

КПО-да қолданылатын ЖКОЖ  есептеу әдісі: жол-көлік оқиғаларының жиілігі =  ірі жол-көлік оқиғаларының саны x 1 000 000 / км жүріп өткен жол.

Адам қазасымен аяқталған оқиғалардың жиілігі: КПО және мердігер ұйымдар, 2018-2020 жж.

Ескерту.:  КПО-да қолданылатын адам қазасымен аяқталған оқиғалардың жиілігін есептеу әдісі: адам қазасымен аяқталған оқиғалардың жиілігі (жасалған бір миллион адам-сағатқа шаққанда ) = адам қазасымен аяқталған оқиғалардың саны x 1 000 000 / жасалған адам-сағат. 2018 жылы КПО-да адам қазасымен аяқталған бір оқиға орын алды.

Саланың басқа компанияларымен салыстыру

Жыл сайын КПО компанияның тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін (ТНК) Мұнай және газ өндірушілерінің халықаралық қауымдастығы (бұдан әрі IOGP) есебінде көрсетілген оператор компаниялардың көрсеткіштерімен салыстырады. IOGP қауымдастығы ЕҚ және ҚТ саласындағы тиімділік көрсеткіштерін www.iogp.org сайтында жариялайды.

2020 жылы КПО-да еңбек ету қабілетін жоғалту жарақаттар саны айтарлықтай азайды. Егер КПО-ның көрсеткіштерін 2020 жылғы саланың басқа компаниялардың көрсеткіштерімен салыстыратын болсақ, КПО-ның еңбек ету қабілетін жоғалту жарақаттар жиілігі IOGP жетекші 10 компаниясының көрсеткіштерінен және 2019 жылғы IOGP орташа статистикалық көрсеткіштерінен төмен.

IOGP ұқсас көрсеткіштерімен салыстырғандағы КПО көрсеткіштері, 2007-2020 жж.