ҚазРусEng

Тұрақты даму

ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ карталар бағдарламасы GRI 103-3

КПО қызметкерлердің қауіпсіздігіне және ықтимал қауіпті жағдайлардың алдын алуына аса көңіл бөледі. ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ карталары бағдарламасы КПО-да 2012 жылдан бері қолданылып келеді, және кәсіпорында ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласында қауіп-қатерлерді басқару бойынша алдын алу бағытындағы негізгі құралдардың бірі болып табылады. Бұл бағдарлама қызметкерлерге кез келген байқаған қауіпсіз жағдайлар/әрекеттер мен ықтимал қауіпті жағдайларды бақылауға, араласуға, және қажет жағдайда жұмысты тоқтатуға және ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ картасы арқылы хабарлауға мүмкіндік береді.

Бағдарламада КПО мердігер ұйымдардың өкілдері де қатысады. 2020 жылы бақылаулар саны 2019 жылмен салыстырғанда 13%-ға азайды.

2020 жылғы ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ карталар бағдарламасының қорытындысы:

  • 3 784 қызметкер қатысты, 25 575 бақылау жүргізілді;
  • 27 ықтимал қауіпті жағдай жайлы хабарланды, олар бойынша одан да ірі оқиғалардың алдын алу мақсатында тергеу жұмыстары жүргізілді;
  • 15 мыңнан астам араласу орын алып, түзету шаралары тағайындалған болатын, оның 98%-ы жыл соңында жабылды;
  • КПО-ның 127 жаңа қызметкері ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ карталар бағдарламасы бойынша оқытылды;
  • 59 мердігер ұйым 17 059 бақылау жүргізді, бұл барлық алынған карталардың шамамен 67%-ын құрайды.