ҚазРусEng

Тұрақты даму

2019 жылға арналған ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласын жетілдіру жоспары

Жыл сайынғы ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласын жетілдіру жоспарын әзірлеу кезінде КПО күнделікті қызметтер аясынан тыс ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласын одан әрі жетілдіруге бағытталған іс-шараларды таңдайды. Бұл жоспар өткен жылдың қорытындыларына және халықаралық озық тәжірибелерге негізделген.

2019 жылғы ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласын жетілдіру іс-шаралар жоспарын дайындаған кезде аталмыш жоспардың және негізгі тиімділік көрсеткіштерінің жарасымдылығын қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар КПО-ның ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ жүйесін жетілдіру міндеттерін орындау мақсатында жаңа «тақырыптық» тәсілдеме қабылданды.

Жарақатсыз көрсеткішке қол жеткізу және өндірістік тұтастықты қамтамасыз ету үшін жетілдіру бойынша негізгі тақырыптар төрт «мақсатты элемент» топтарына бөлінді, олар:

  1. Көшбасшылық және қауіпсіздік мәдениеті;
  2. Қауіп-қатерлерді басқару;
  3. Қоршаған ортаны қорғау және қуатты үнемдеу;
  4. Көлік.

2019 жылға арналған ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласын жетілдіру жоспары әрбір «мақсатты элементтің» тақырыптарын орындалуын қамтамасыз ететін жетілдіру бойынша 33 негізгі іс-шарадан және ұсыныстардан құралған. Жоспар 94%-ға орындалды, ал бірқатар басқа іс-шаралардың орындалуын 2020 жылғы жоспар аясында жалғастырамыз.