ҚазРусEng

Тұрақты даму

Салауатты өмір салтын насихаттау

Салауатты өмір салтын насихаттау қызметкерлердің кәсіби және жалпы аурулар және олардың алдын алу тәсілдері туралы хабардар болуын арттыруға бағытталған денсаулық сақтау басқару жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. КПО денсаулық сақтау бөлімі қызметкерлердің кәсіби аурулар және денсаулықты сақтау мен жақсы хал-жағдай сақтау үшін қажетті өмір салтын өзгерту мәселелерінде хабардарлығын арттыру бойынша белсенді жұмыс атқарып келеді. Бұл қызметкерлердің өздеріне ғана емес, сонымен бірге өз денсаулықтарына және отбасы мүшелерінің денсаулығына да жауапкершілікпен қарауға көмектеседі.

Компанияның санитарлық-ағарту жұмысы презентациялар, постерлер мен хабарламаларды, сондай-ақ жаңа бастамаларды енгізуді қамтитын тұрақты іс-шаралардан тұрады.

Сабырлық бағдарламасы

Сабырлылық адамның айналадағы қысым мен стрессті көтеру қабілеті. Бұл КПО қызметіндегі көрсеткіштерге қол жеткізу үшін дамытуға өте қажет дағды. Өнеркәсіптік тәжірибе көрсеткендей, сабырлылықты оқыту тек жеке сабырлылықты арттырып қана қоймай, сонымен қатар топ көшбасшылығын жақсартады, сондай-ақ Компания қызметкерлерінің жұмыс істеу деңгейін көтереді.

КПО Сабырлылық бағдарламасына кез келген қызметкер ерікті қатыса алады және ол 13 модульдік бағдарлама ретінде шағын топтарға әзірленген. Бағдарлама мақсаты КПО-да стресске сабырлы жұмыс күшін дамыту және стресске байланысты аурулардың (депрессия, араққұмарлық, өз-өзіне қол жұмсау қатері) қауіп-қатерін барынша азайту. Курсқа қатысушы қызметкерлер КПО денсаулық сақтау бөлімімен ұйымдастырылатын қысқа әрі топта өткізілетін сабырлылық бағдарламасының үйлестірушісі болуды таңдай алады. Оқыту курсынан кейін үйлестірушілер денсаулық сақтау бөлімі қолдауымен қалыпты іскерлік кездесулер кезінде әріптестеріне арналған модульдерді жүргізеді. Бағдарлама басталғалы бері 110-нан астам ерікті үйлестірушілер оқытылды. Олар кейін модульдердің әрқайсысы бойынша сессиялар өткізу үшін топтар құрды. 2018 және 2019 жылдары 2864 адамның қатысуымен 314 осындай сессия өткізілді.

Стресске төзімділік деңгейін бағалаудың алғашқы кезеңінде диспозициялық төзімділік шкаласы-15 қолданылды. Бұл шкала бүкіл әлем бойынша психологтар мен ғалымдардың неғұрлым кеңінен қолданылатын сабырлылықты бағалаудың сенімді жүйесі болып табылады. Бағалау нәтижесі бойынша қатысушылардың сабырлылық деңгейі 30.7 баллды құрады, бұл осы методиканы қолданған ел тұрғындарының орташа статистикалық көрсеткіштеріне сай келеді. 2019 жылдың аяғында өткізілген аралық бағалау 32.5 баллды құрады, бұл сабырлылық деңгейінің өсуін және бағдарламаның тиімділігін көрсетеді.

Стресске төзімділік бағдарламасы топтың үйлестірушісі (кураторы) мен оның қатысушылары арасында тікелей өзара әрекеттесуді қарастыратындықтан, 2020 жылы ол КВИ бірінші карантині кезінде тоқтатылды. Алайда, кейбір қатысушылар сессияларын онлайн түрде жалғастыруға мүмкіндік тапты! Олардың тәжірибесі пандемияға байланысты жағдайға қарамастан, болашақта қолданылатыны сөзсіз.

«Қызметкерлерге қамқорлық» бағдарламасы

Қызметкерлерге қамқорлық бағдарламасы (ҚҚБ) — жеке тұлғалардың мінез-құлықтарын, сондай-ақ ЕҚ, ҚТ мен ҚОҚ және бизнес тиімділігіне қатысты көзқарасты қалыптастыратын ортақ ұйымдастырушылық құндылық. Бұл әрбір қызметкер өз жұмысын өте жақсы орындау үшін оған қажет жабдықтар (жұмыс орнымен және құрылғылармен) мен ортаның (құрмет, тану) болуын қамтамасыз ету үшін барлық жағдайлар жасалатын жұмыс жасау жолы. КПО-ның қызметкерлерге қамқорлық бағдарламасы мәдени дамуға жетелеуге бағытталған алты іс-шараға негізделген (төмендегі суретте көрсетілген). Бағдарламаны іске асыру стратегиясы осы алты іс-шараны кезең-кезеңімен енгізуді қамтыды.

КПО-да қызметкерлерге қамқорлық бағдарламасы бойынша өткізілген іс-шаралар

2019 жылы Денсаулықты сақтау бөлімнің қолдауымен мердігер ұйымдардың жұмыс орындары, асханалары мен тұрғын жайларының санитарлық-тұрмыстық жағдайлары тексерілді.

2020 жылы Коронавирус пандемиясы «Қызметкерлерге қамқорлық» бағдарламасын жүзеге асыру жоспарына да әсер етті. Оған қарамастан, Компанияның басқа бөлімдерінің мамандарының ат салысуымен мердігерлердің санитарлық-тұрмыстық жағдайы тұрақты түрде тексеріліп тұрды. Компанияда КВИ жұқтырған адам саны көбейіп бара жатырған жағдайда бұл, әрине өте маңызды шара болып табылды.

Қажығандықпен байланысты қауіп-қатерді басқару бағдарламасы

КПО-ның Қажығандықпен байланысты қауіп-қатерді басқару бағдарламасы қажығандықтан туындаған өндірістік жарақаттар мен оқиғалар қаупін азайтатын шараларды анықтайды:

  • Қажығандықпен байланысты қауіп-қатер пайда болуы мүмкін ЕҚ, ҚТ мен ҚОҚ тұрғысынан маңызды қызметтерді анықтау және тіркеу;
  • Жоғарыда анықталғандарға қажығандық қауіп-қатерлерін бағалау іс-шарасын жүргізу;
  • Қажығандықпен байланысты қауіп-қатерді бақылау шараларын жүзеге асыру және қажығандықпен байланысты қауіп-қатерді лайықты төмен деңгейде сақтау;
  • Маңызды және ықтималдығы жоғары оқиғаларды тексеру кезінде қарастыру ретінде қажығандық қатерінің потенциалдық үлесімен қоса ҚҚБ-ды қолданатын қызметтерді орындайтын супервайзерлер ретінде анықталған тұлғалар үшін ҚҚБ оқыту курсын өткізу. Болашақта олар ірі және ықтимал қауіпті оқиғаларды тергеуге көмектесе алады, өйткені қажығандық қауіптің пайда болуына ықпал ететін ықтимал қауіп ретінде қарастырылады.

Шаршаудың алдын алу бағдарламасы шеңберінде КПО қажығандықпен байланысты қауіп-қатерді басқару процедурасын енгізді. 2019 жылы қажығандықпен байланысты қауіп-қатерді басқару процедурасын жүзеге асыру аясында келесі жұмыстар атқарылды:

  • Электронды оқыту курстары әзірленді және енгізілді;
  • Басшылық құрамына оқыту семинарлары өткізілді;
  • Көлік бөлімінде және кен орнында орналасқан ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бөлімінде пилоттық жоба іске қосылды.

Сонымен қатар, Компания электронды оқыту жүйесі арқылы және денсаулық сақтау бөлімі ұйымдастырған жеке кездесулер арқылы қол жетімді шаршаудың алдын-алу бойынша онлайн курсын жасады. Курс үш модульден тұрады: шаршау туралы жалпы ақпарат, шаршау факторларын тәуелсіз бақылау, сондай-ақ принциптері.

2020 жылы процедураны Компанияның қалған бөлімшелерінде енгізу жоспарланған. Бұл жерде де пандемия айтарлықтай түзетулер енгізді. Мысалы, ауысымды қызметкерлер кейбір жағдайларда ұзартылған вахтада қызмет атқарды, бұл әрине қажығандықпен байланысты қауіп-қатерді арттырды. Осындай кезеңдерде қызметкерлерге ауыр жұмыстан кейін қалыпқа келу үшін желілік басшылардан икемділік танытып, қалыптан тыс ойлау күтілді. Қысқартылған жұмыс уақыты, жоспарланған демалыс күндері, қосымша адам ресурстарын тарту және т.б. — осы жағдайлардың шешімдерінің мысалдары болып табылады.